Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

Жаңа экономикалық бағдардың мүмкіндігі

Жаңа экономикалық бағдардың мүмкіндігі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ел экономикасындағы бас­ты басымдық – халықтың әл-ауқатын арттыру. Осы мақсатта Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агент­тігі бірлесіп, арнайы бағдарлама қабылдады. Табыс өсімі тұрақты болуы қажет деген ұстаныммен аталған құрылымдар өз саясатын біріктіріп отыр.

Коллажды жасаған – Амангелді Қияс, «ЕQ»

Жоспар бойынша 2026–2028 жылдар аралығында халықтың табысы 2–3 пайыз көлемінде өсуі керек. Мұндай нәтижеге жету үшін алдымен экономикалық тұрақтылық қажет. Бұл жолда инфляцияны бақы­лау, бюджет тапшылығын шек­теу, инвестицияны арттыру маңызды. Бағдарламаның негізінде осы бағыттардың бәрі бар.

Үкіметтің мәлімдеуінше, экономикада оң өзгеріс қазірдің өзінде байқалып жатыр. 10 айдың қорытындысы бойынша ел экономикасы 6,4 пайыз өсті. Ал нақты сектор 8,2 пайыз деңгейінде өсім көрсетті. Көлік саласы, құрылыс және кен өндіру жұмыстары жақсы қарқын алып отыр. Осы салалардың өсуі өндіріс циклі­нің қайта жанданып жатқанын білдіреді. Өңдеу саласында да оң өзгеріс бар. Машина жасау, химия, металлургия, азық-түлік өндірісі және мұнай өңдеу салаларында көрсеткіштер көтерілді. Ішкі өндіріс артқан сайын сырттан келетін тауарға тәуелділік азаяды. Ал даму бағыты көлем арттыру ғана емес. Енді технологияға, цифрландыруға, жаңа әдістерге және еңбек өнімділігін жақсартуға көбірек назар аударылады. Ұлттық инфрақұрылым жоспары іске қосылды. Жоспарға сәйкес жыл сайын 100 жаңа жоба ашылады. Сонымен қатар 17 ірі өндірістік жоба жүзеге асады. Бұл ел эко­но­микасының 2026–2028 жылдар аралығында кем дегенде 5 пайыз өсімін қамтамасыз етеді.

Экономикалық зерттеу­лер институты басқарма төр­ағасының орынбасары Ерділда Ибадуллаұлы осы ұсынылған бағ­дарлама қазіргі уақыттың нақты сұранысына толық жауап береді деген пікірде.

«Құжатта бүгінгі экономика­ның негізгі мәселелері жан-жақты қамтылған. Еліміздің алдағы 3 жылда қалай дамитыны да анық көрсетілген. Ең бастысы, мемлекет пен қаржы реттейтін органдар бір бағытпен жұмыс істеп отырғаны байқалады. Барлығының мақсаты экономика тұрақты болып, ха­лық­тың өмірі жақсара берсе деген ниет. Бағдарламада бағаларды бақылауға және қаржы жүйесінің тұрақты болуына ерекше көңіл бөлінген. Сыртқы тәуекел көбейіп тұрған кезде, шикізат нарығы құбылып жатқанда және әлемдік экономикада өзгеріс көп болғанда бюджет саясаты мен ақша несие саясатының бірге жұмыс істеуі өте қажет. Осы жолы ұсынылған шаралар да уақытында жасал­ған деп айтуға болады. Бюджетті тиімді жоспарлау, инфляция­ны ұстап тұратын тетіктерді күшейту, мемлекеттік қарыз нарығын дамыту сияқты қадамдар өз орнымен қойылған», дейді Е.Таутенов.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Ал Tengenomika телеграм-арнасының авторы Руслан Сұл­танов осы жобаның нәтижесіне басқа ракурстан қарап отыр. Оның айтуынша, сапалы өсім деген сөзді көп адам ІЖӨ өсімімен байланыс­тырады. Экономика көлемі артса, бәрі дұрыс деп ойлайды. Шын мәнінде сапалы өсім сандардың ұлғаюымен өлшенбейді.

«Сапалы өсім – еңбек өнімділігі артып, бизнестің технологияға, жабдыққа, инновацияға ақша салуы. Ел ішіндегі өндірісте қосымша құнның үлесі көбейгені дұрыс. Экспортта да жаңа бағыттар пайда болуы керек. Халық табысы инфляциядан тез өсіп отырса ғана сапалы өсім қалыптасады. Нарықта бәсекелестік пайда болып, компаниялар субсидияға емес, өз күшіне сенуі қажет. Қазіргі әлсіз тұсымыз инвестиция көлемі ұлғайса да, өнімділіктің баяу қозғалысы. Бұл – капиталдың дұрыс қолданылмауының белгісі. Бүгінде ел ішінде «сапалы және тұрақты өсім» деген сөз жиі айтылады. Үкіметтің таныстырған жаңа жоспары да осы бағытқа негізделген», дейді Р. Сұлтанов.

«Күшті экономиканың формуласы өте қарапайым. Сапалы өсім үшін технология, өнімділік және адам капиталы керек. Тұрақты өсім үшін түсінікті нарық, қаржы­лық тәртіп және теңгерімді ынталандыру қажет. Сапалы инвестиция үшін ұзақмерзімді нәтиже, құрылымдық өзгеріс және экспорт әлеуеті болуға тиіс. Осы үш бағыт біріксе экономика дамиды. Егер ол орта жолда үзіліп қалса, ел субсидия мен валюта бағамының арасында өмір сүруді жалғастыра береді», дейді сарапшы.

Рас, елдің дамуында инфра­құрылымды жаңарту ерекше орын алады. Бірлескен бағдарламада инфрақұрылымды толық жаңарту негізгі бағыттардың бірі болды. Бұл жұмыс логистикадан бас­тап, коммуналдық жүйеге дейін қамтиды. Ұлттық инфрақұры­лым жоспары 2029 жылға дейін кезең-кезеңмен орындалады. Осы жоспардың ішінде энерге­тиканы жаңарту да бар. Қала мен ауыл аймақтарындағы желілер­ді жөндеу, стансаларды жаңарту мен жаңа инфрақұрылым салу жұмыстары басталды. Бұл ұзақ мерзімге арналған инвес­тициялар. Мұндай өзгерістер өңірлердің дамуына мүмкіндік береді. Өнеркәсіп жұмысы да нығаяды. Халықтың өмір сүру сапасы да артады.

Инфляцияны төмендету мәселесі басты назарда. Бағдар­ламада осы бағытқа да нақты қадам­дар жасалған. Үкімет нарықты тауармен толықтыруды, логистиканы дамытуға жағдай жасауды, делдалдар шығынын азайтуды қолға алады. Маркетплейстердің комиссиясын ашық көрсету, делдалдардың төлемдерін реттеу және бөліп төлеу кезінде екі түрлі баға енгізу осы шаралардың қатарында. Халық күнделікті қолданатын тауарлар бойынша жергілікті өндірісті қолдау да жалғасады. Осы қадамдар бағаның тұрақталуына ықпал етеді.

Ал Ұлттық банктың мәлім­деуін­ше, алдағы уақытта да ақша несие саясатын қалыпты деңгей­де қатаң ұстайды. Бұл саясат инфляция мақсатты деңгейге жеткенше жалғасады. Базалық мөлшерлеме негізгі құрал болып қала береді. Ол елдің эконо­микалық белсенділігіне, баға динамикасына және қаржы нары­ғының жағдайына әсер етеді. Мөлшерлеме әр шешімде ішкі және сыртқы тәуекелдер ескері­леді. Инфляцияға әсер ететін барлық фактор қарастырылады.

«Ұлттық валютаның бағамы нарық арқылы қалыптасады. Теңгенің құны сұраныс пен ұсы­нысқа, мұнай бағасына, сыртқы қаржы нарығына және төлем балансына байланысты өзгеріп отырады. Мұндай жүйе елге пайда береді. Өйткені экономика сыртқы күйзелістерге тез бейімделеді. Дисбаланс жиналып қалмайды. Осыған қарамастан Үкімет пен Ұлттық банк квазимемлекеттік сектор компанияларының валюта операцияларын бақылауды күшейтеді. Бұл қадам ірі мәміле­лерден кейін пайда болатын күрт қозғалыстарға жол бермейді. Халық та, бизнес те қатты өзге­ріс­терге тап болмайды», деп мәлімдейді Ұлттық банк.

Экономист Айбар Олжаевтың айтуынша, еліміз алдағы жылдары әлемдік экономикадағы орнын айтарлықтай күшейтеді. Халықаралық валюта қоры 2026 жылы еліміздің экономикасы әлемдегі ең ірі 50 елдің қатарына кіріп, көлемі 320 млрд доллар шамасына жетеді деп болжады.

«Сыртқы сарапшылардың мұндай сенімді жорамалы елі­міздегі экономикалық саясат­тың дұрыс бағытта екенін көрсе­теді. 320 млрд болмаса да, осы жыл­ды 300 млрд доллар дең­гейіне жеткізу үшін Үкімет үлкен көлемдегі жұмыстарды атқарып жатыр. Алдағы жыл­дарға арналған жоспарға сәйкес, ел экономикасының құры­лы­мы айтарлықтай өзгереді. Не­гіз­­гі басымдық цифрландыру, еңбек өнімділігін арттыру, инфра­­құрылым мен энергети­ка­­лық жүйені жаңартуға бері­леді. Экономикадағы басты ұйым­дардың бірі саналатын «Бәйтерек» холдингі де жаңа рөлге көшеді. Ол енді қаражат таратушы құрылым емес, 15-20 жүйе құраушы жобаны қаржыландыратын стратегиялық инвестор қызметін атқарады. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына, экспорт көлемінің артуына әрі өндірістің кеңеюіне ықпал етеді. Осы бағыттардың нәти­жесін­де алдағы 3 жылда инвестиция көлемінің ІЖӨ-дегі үлесі 21% дең­ге­йіне жетпек», дейді экономист.

Сарапшының айтуынша, экономиканың ұзақмерзімді іргетасы – инфрақұрылым. Қазір ұлттық инфрақұрылымдық жос­пар іске асып, энергетика мен коммуналдық жүйелер жаңар­тылып жатыр. Бұл халықтың тұрмыс сапасын арттырып, кәсіп­керлердің шығынын азайтады. Экономист Үкімет пен Ұлттық банктің саясатын үйлестірудің де маңызын атап өтті. Екі құры­лым­ның қадамдары бір бағытта болғанда ғана инфляция бақылау­да болып, ұлттық валютаға деген сенім нығаяды. Осындай кешенді тәсіл ел экономикасын жаңа деңгейге көтеріп, халық табысын арттыруға жол ашады.

Жаңа жоспар бойынша бюд­жеттік тәртіп те қатаң бақылауда болады. 2028 жылға қарай бюд­жет тапшылығын 0,9%-ға дейін төмендетіп, мемлекеттік қарыз­ды ІЖӨ-нің 26%-ынан асырмау көзделген. Бұл қаржылық тұрақ­тылықты қамтамасыз етіп, Ұлттық қорға тәуелділікті азайтады. Анти­инфляциялық құралдардың бірі – жергілікті өндірісті дамыту. Ішкі нарықта өндірілген тауарлар бағаны тұрақтандырып, сыртқы факторларға тәуелділікті азайтады. Сонымен қатар логистика мен сақтау жүйесі дамытылады, бұл маусымдық баға құбылуын төмендетеді. Маркетплейстер үшін жаңа талаптар енгізіліп, комиссия мөлшері ашық көрсе­тіледі, ал бөліп төлеу кезінде екі түрлі баға белгілеу тәртібі қол­данылады. Экономикалық зерт­теулер институты бас­қар­ма төрағасының орынбасары Ерділда Ибадуллаұлының айтуынша, бағдарламада шағын және орта бизнеске берілетін несиелерді қолдау бөлек бағыт ретінде қаралған. Өйткені экономиканы дамытуға ең көп үлес қосатын – осы сектор.

«Негізгі мақсат – кәсіпкерлердің несие алуын жеңілдету. Өтініш беру үдерістері цифрландырылады. Қарау уақыты қысқарады. Қабылданатын кепіл түрлері де кеңейеді. Бұл кәсіпкерлерді қолдауға арналған маңызды қадам. Себебі шағын бизнес елдегі жұмыс орындарының басым бөлігін құрайды. Бизнеске даму мүмкіндігі берілсе, аймақтарда жұмыс табылады. Халықтың табысы өседі. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға да мүмкіндік туа­ды. Алдағы жылдары басым бағыттарға несие беру кеңейеді. Кепіл беру мен сақтандыру тетік­тері күшейтіледі. Шағын және орта бизнеске арналған қолдау құралдары жаңартылады. Бұл кәсіпкерлер үшін жақсы мүмкіндік. Әрі экономиканың әртараптануына жол ашады. Осы шаралардың барлығы еңбек өнімділігін көтеру, жаңа технология енгізу және цифрлық шешімдерді дамыту міндеттерімен ұштасып отыр. Алдағы жылдары елдің бәсекеге қабілеттілігі осы бағыттарға тікелей байланысты болмақ», дейді Е. Таутенов.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 09:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see153

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see145

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see142

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see141

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see138

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see123

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see123

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see120

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see120

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see119

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see118

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see117

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see114

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see114

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see111

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see110

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see109

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see108

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see108

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

28 Тамыз 2026 19:53see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары