Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Жаңа идеялар ұсына алатын, жас әрі тың саясаткердің пайда болуы шабыттандырады

Жаңа идеялар ұсына алатын, жас әрі тың саясаткердің пайда болуы шабыттандырады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Reuters хабарламасына сүйенген Aikyn.kz жаңа әкімнің тұрғындарға қандай уәде беріп жеңгенін түсіндіреді.

Зохран Мамдани жалдау ақысын өсірмеу, тегін автобустар жүргізу, барлық балаға балабақшаны қолжетімді етуге уәде берді. Фото crainsnewyork.com сайтынан алынды

4 қарашада ақшыл бұйра шашты Моррис Кац есімді жігіт үлкен жеңісті тойлады. Оның командасы кандидат ұсынған таңдаулы идеяларды сайлаушыға анық әрі әсерлі жеткізіп, саяси науқанның жүлдесін алды. Зохран Мамданидің сайлау науқанының бас медиа-стратегі Моррис Кац кандидат ұсынған таңдаулы идеяларды сайлаушыға сенімді жеткізіп, жеңісті жақындатты. Жалдау ақысын өсірмеу, тегін автобустар жүргізу, барлық балаға балабақшаны қолжетімді ету. Бұл уәделер жас сайлаушылардың ойынан шықты.

Кац үміткер Мамданимен өткен жылы, праймериз басталмай тұрып жұмыс істей бастаған. Сол кезде Мамдани штаттың әлі танымал емес ассамблеясының мүшесі еді. Стратегтің айтуынша, Мамданидің мақсаты – өз сенімдеріне негізделген батыл саяси бағдар ұсыну болған.

«Бізге көп дауыс керек болды. Бірақ саясатты тек бұрынғы шеңберде қабылдауға болмайды. Біз саясатты қандай бола алады деп елестете алсақ, соны шындыққа айналдыра аламыз», – дейді Кац.

Мамдани бұл жолы тәуелсіз кандидат ретінде сынға түскен бұрынғы губернатор Эндрю Куомо мен республикашыл Кёртис Сливаны сенімді түрде жеңді.

Мамданидің прогрессивті үндеуі Нью-Йорк сайлаушыларын ерекше жігерлендірді. Бұрын сайлауға қатыспаған мегаполис тұрғындары учаскелеріне келді. 8,5 млн адам тұратын Нью-Йорктегі сайлауға қатысушылар саны 2 миллионнан асып, 1969 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш тіркелді. NBC News жүргізген экзит-пол деректері жас сайлаушылар, қалаға жаңадан келгендер және жалға алушы азаматтар шешуші рөл атқарғанын көрсетті.

26 жастағы актер әрі бармен Майкл Дарби: «Жаңа идеялар ұсына алатын, жас әрі тың саясаткердің пайда болуы – шабыттандырады», – дейді.

Угандада туған, қала тарихындағы алғашқы мұсылман және алғашқы оңтүстік азиялық мэр – Мамдани көпұлтты қаланың әр алуан тұрғындарын өз жағына тарта алды. Ол қала аудандарының төртеуінде жеңіске жетіп, праймеризден басталған серпінін бекіте түсті.

Бангладештен келген шағын кәсіп иесі, 62 жастағы Хумаюн Ахмед: «Бай мен кедейдің арасын жақындастыру керек», – деп дауысын Мамданиге бергенін айтқан.

Мамданидің ірі әлеуметтік бастамалары салықтарды көтеруді талап етеді. Бұл ұсыныстарды Нью-Йорк штатының орталықшыл губернаторы Кэти Хочул және заң шығарушы орган оңай қабылдамауы ықтимал. Ал федералдық деңгейде Дональд Трамп әкімшілігі қысым жасауы мүмкін. Саясаттанушы Бэзил Смайкл атап өткендей:

«Нью-Йорк – басқаруы ең қиын қалалардың бірі. Мамдани бірінші жылы қала тұрғындарын ортақ мақсатқа жұмылдыруға көп күш салуға мәжбүр болады».

Мамданидің жеңісі – Нью-Йорк жұртшылығының өзгеріс пен әлеуметтік әділдікке деген сұранысын айқын көрсетті. Ендігі үлкен сын – осы уәделерді шынайы саясатқа айналдыру, орындау. Оның табысы жас буынның үмітін ақтай ала ма, жоқ па – алдағы жылдар көрсетеді.Мамдани туралы қысқаша мәлімет

Зохран Мамдани – мұсылман, соңғы 100 жылда бұл лауазымға сайланған ең жас саясаткер. Ол 1991 жылы 18 қазанда Кампалада (Уганда) үнді текті отбасында дүниеге келген. Әкесі – саясаттанушы және антрополог Махмуд Мамдани, анасы – кинорежиссер Мира Наир. Мамдани балалық шағын Африка мен Америка Құрама Штаттарында өткізді. Оның отбасы Нью-Йоркке Зохранның бала кезінде көшіп келді. 2018 жылы Зохран Мамдани АҚШ азаматтығын алды. Мамдани Нью-Йорк қаласындағы Бронкс жоғары ғылыми мектебінде оқып, Боудойн колледжінде африкатану мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алады. 2025 жылы ол сириялық суретші және аниматор Рама Дуваджиге үйленген.

34 жастағы Зохран Кваме Мамдани Нью-Йорк қаласының 111-ші мэрі болып сайланды. Ол сайлаушылардың 50,4% дауысын жинаған. Жаңа мэр 2026 жылдың 1 қаңтарында ант береді. 

Мамдани – мегаполис тарихында алғашқы мұсылман мэр және бұл лауазымды иеленген Оңтүстік Азиядан шыққан алғашқы адам.

Зохранның сайлау платформасында қалада тегін автобустар енгізу, жалға берілетін тұрғын үйлердің жалдау ақысын өсірмеу, мектепке дейінгі мекемелер мен муниципалды азық-түлік дүкендерінің желісін құру бар.

Бұқаралық ақпарат құралдары Мамданидің бұндай жауапты қызметте тәжірибесі жоқ екенін айтады. Саясаткер өзін демократиялық социалист ретінде көрсетеді. Мамданидің кандидатурасын қолдаған демократ-сенатор Берни Сандерс өз қолдауын былай түсіндіреді:

«Біздің ұлт іргелі таңдау алдында тұр. Біз миллиардерлер басқаратын корпорациялар билейтін саясатты жалғастырамыз ба, әлде олигархия, авторитаризм және клептократиямен күресуге дайын қарапайым халықтың қолдауына негізделген жаппай қозғалыс құрамыз ба?» 

Дональд Трамп өз кезегінде кандидатты «радикалды солшыл», «100% коммунистік есі ауысқан» деп атаған. Жастық жігері Зохран Мамданиге көмектесіп, тұрғындардың сенімі ақтала ма, әлде бұрылуы қиын үлкен кеме инерциямен өзгеріп үлгермей ме? Алдағы 4 жыл Нью-Йорк үшін басқаларға ұқсамайтын жас саясаткер басқаратын қызық уақыт болмақшы. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 11:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see164

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see147

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see146

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see145

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see144

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see144

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see143

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see142

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see141

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see141

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see141

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see141

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see141

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see139

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see138

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see138

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see138

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see138

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see137

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see137
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары