Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Жаңа мектептер, емханалар, жолдар: Атырауда бір жылда не өзгерді?

Жаңа мектептер, емханалар, жолдар: Атырауда бір жылда не өзгерді?

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қала тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар туралы кеңінен баяндады. 

Әкімнің айтуынша, білім беру саласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында алты мектеп салу жоспарланған, оның төртеуі пайдалануға берілді. Береке және Водник шағынаудандарында 1200 орындық, Сарыөзекте 300 орындық, Жұлдыз-2 шағынауданында 900 орындық жаңа мектептер ашылды. Жұлдыз-3 және Ақсай-2 шағынаудандарындағы мектептер қабылдау кезеңінде тұр. Сонымен қатар бірнеше мектеп пен жапсаржай құрылысы жүріп жатыр. Ал оқу жылының үшінші тоқсанында Ақ шағала шағынауданында 2000 орындық «BINOМ» инновациялық мектебі ашылады деп жоспарланған.

Денсаулық сақтау саласында Алмалы және Береке елді мекендерінде дәрігерлік амбулаториялар салынды. Облыстық аурухана мен фтизиопульмонологиялық орталықта күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Өркен және Нұрсая шағынаудандарында екі заманауи емхана салынып жатыр, оларды 2026 жылдың бірінші тоқсанында ашу көзделген. Сонымен бірге бірнеше шағынауданда орталық жедел жәрдем станциясы мен онкодиспансердің радиологиялық корпусы бой көтеруде. Бұл нысандар 2026 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беріледі.

Тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. Береке шағынауданында үш 72 пәтерлі тұрғын үйге инженерлік инфрақұрылым тартылуда, сондай-ақ 240 пәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде. Самал шағынауданында алты тұрғын үй салынып, оның төртеуі дайын. Мұса Баймұханов көшесіндегі 30 пәтерлі үй пайдалануға беріліп, құжаттары рәсімделуде.

Жер қатынастары саласында игерілмеген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып, жаңа елді мекендердің жоспары жасақталуда. Самал шағынауданындағы жер телімдеріне инженерлік желілер тартылып жатыр, жұмыстар 2026 жылы аяқталады. Кезектегі азаматтарға жер телімдері беріліп, инфрақұрылым жобалары іске асырылуда.

Сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жаңғырту жұмыстары да жалғасуда. Қаладағы ондаған шақырым желілер жаңартылып, су тазарту имаратының қайта жаңғырту жұмыстары 75 пайызға орындалды. «Квадрат» булану алаңындағы жұмыстар 2026 жылы аяқталады.

Электрмен жабдықтау және көшені жарықтандыру бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Нұрсая мен Сарыөзек шағынаудандарында электр желілері жаңартылып, қосымша трансформаторлық станциялар орнатылды. Жүздеген көше жарықтандырылды.

Жол инфрақұрылымында бірнеше шағынауданда көшелерге асфальт төселіп, жаңа жолдар салынып жатыр. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында ондаған көшенің жолы жаңартылды.

Абаттандыру және көгалдандыру саласында екі мыңнан астам ағаш пен сәндік өсімдіктер отырғызылды. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында ондаған аула абаттандырылып, спорт және балалар алаңдары пайдалануға берілді.

Әкім барлық жобаның іске асырылуы тұрақты бақылауда екенін атап өтіп, кездесуді тұрғындармен ашық диалог форматында жалғастырды.

Бүгін, 12:25

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 12:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see166

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see149

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see149

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see147

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see147

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see146

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see145

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see144

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see144

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see143

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see143

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see143

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see143

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see141

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see141

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see140

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see140

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see140

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see139

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see139
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары