Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Жаңа жылдың құпиясы : Аяз Ата қандай елге ұзақ қонақ болады, сыйлықты қалай таратады?

Жаңа жылдың құпиясы : Аяз Ата қандай елге ұзақ қонақ болады, сыйлықты қалай таратады?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Aikyn.kz әлем елдеріндегі жаңажылдық мерекені тойлау дәстүрін, ерекшеліктерін ұсынады. 

31  желтоқсанда кеңестік дәстүр бойынша, телеарналардан Эльдар Рязановтың «Ирония судьбы, или С легким паром!» фильмі көрсетіледі. Фото rhythmsofplay.com сайтынан алынды

Бір ел Жаңа жылды кең тойлап, ұзақ демалыс күндерін жариялайды. Басқа елдерде бұл – бір-ақ күн ресми демалыс. Бұрынғы кеңестік елдерінде Жаңа жыл көбінесе «посткеңестік» үлгіде аталып өтеді. Балабақшалар мен мектептер, басқа оқу орындары, еңбек ұжымдары Жаңа жыл алдындағы қарбаластың ортасында болады. Сыйлықтар үлестіріліп, жаңа жоспарлар мен жаңа үміттер, құттықтаулар айтылады. Қазір бұған қоса шетелдерге саяхаттау, қалалық шыршаға барып, мұз төбешіктен сырғанау да қосылды. Әр елде Аяз ата мен Ақшақар бейнелерінің ұлттық нұсқалары қолданылады, олар балалар үшін де, ересектер үшін де сауда орталықтары мен мәдениет үйлеріндегі шоу бағдарламалардың басты кейіпкеріне айналады.

Үйде немесе аулада безендірілген шырша, балаларға Аяз атаның атынан сыйлығын тарату, отбасылық дастарқанда отырып президенттің құттықтауын тыңдау – 31  желтоқсанның кешіндегі басты оқиғалар.

Бала кезімізде Аяз атаның сыйлығын үйдегі шыршаның астына жасырылған, аттарымыз жазылған қораптардан тауып алатын сәттеріміз бізге ғажайып ертегідей болып көрінетін. Сыйлықтар отбасылық дәстүр бойынша 1  қаңтардың таңында бізді күтіп жатушы еді, оны аңыз бойынша «түнде біз ұйықтап қалғанда Аяз ата алып келетін». Бұл да балалық шақтың керемет ертегісі! 

Ал 31  желтоқсанда кеңестік дәстүр бойынша, телеарналардан мерекелік концерттер мен Эльдар Рязановтың «Ирония судьбы, или С легким паром!» фильмін тамашалау әлі де бар. Жаңажылдық сыйлықтар алу, шырша іздеу, мерекелік дастарқан мәзіріне қажет азық-түлік себеттері де желтоқсандағы сауданың басты мазмұнын құрайды. Осындай абыр-сабырдан кейін көптен күткен Жаңа жыл да келеді.

Мына видеода аңыз патшайым II Елизаветаның өткір қалжыңдары, тапқыр сөздері берілген: Еуропалық классика бойынша Жаңа жыл бір күн демалыс және отбасылық мерекелік кешпен қарсы алынады. Францияда 1 қаңтар – ресми мерекелік, жұмыс істелмейтін күн. Ал мерекелеудің өзі көбіне үйде немесе қонақта өтеді. Француздар отбасылық кешкі мерекелік ас береді, шампан атады, келесі күні кеш тұрады.

Германияда да ұқсас логика бар. Оларда Жаңа жыл – жалпыұлттық мерекелік күн болғанымен, қарсы алу дәстүрі өңірлерге қарай құбылады. Бір жерде отшашу мен қалалық думан, бір жерде – отбасылық басқосу мен сәттілік тілейтін символикалық ырымдарға көп мән беріледі.

Ұлыбританияда мерекелік дәстүрлер елдің аймақтарына қарай өзгереді. Мысалы, Шотландияда 1-2 қаңтар мемлекеттік мереке ретінде тойланады, сондықтан демалыс көптеген Еуропа елдеріне қарағанда сәл ұзағырақ болады. Ұлыбритания Корольдігінің құрамындағы Аустралияның Жаңа жылында ресми демалыс және «ауыстырылатын» күндер алдын ала жарияланады. Жаңа жыл – аустралиялықтар үшін қалалық отшашуларымен ерекшеленетін айтулы мереке. Әсіресе, Сиднейдің отшашуы өзінің ауқымы мен форматымен әлемге танымал. New Year’s Day – жалпыұлттық мереке болғандықтан, егер бұл күн демалысқа түссе, қосымша демалыс күні беріліп, мейрам ұзара түседі.

Ресейде ең ұзақ «жаңажылдық каникул» енгізілген. Бұнда Жаңа жыл – бір күн емес, тұтас апта бойы тойланады. Ресми түрде 1-6 қаңтар – мерекелік демалыс күндері, ал 7 қаңтар – Рождество мейрамы. Іс жүзінде бұл саяхатқа, отбасылық демалысқа, қонаққа баруға және мерекеден кейінгі «жұмыс формасына келуге» арналған ұзақ үзіліс береді.

Шығыс Азия елдерінде ресми демалыс аздау, дәстүрлі «мерекелік режим» көбірек. Мысалы, Жапонияда 1 қаңтар – ресми мереке болып белгіленгенімен, көптеген мекеме мен компания іс жүзінде 1-3 қаңтар аралығында жұмысын «бәсеңдетеді». Адамдар туған-туыстарына барады, жылдың алғашқы күндерінде ғибадатханаларға зиярат етеді және отбасылық рәсімдерді сақтайды.

Қытайдың басты мерекесі Ай күнтізбесіндегі Жаңа жыл деп саналады. Фото bbc.com сайтынан алынды

Қытай болса Григориан күнтізбесі бойынша Жаңа жылды мемлекеттік мереке түрінде атап өтеді. 1912 жылғы 1 қаңтардан бастап Қытай үкіметі Григориан күнтізбесін қабылдап, Жаңа жылды осы күні атап өтеді. 2026 жылға ресми демалыс 1-4 қаңтарға жоспарланған. Бұл күндер әдетте тыныш демалыс күні ретінде өтеді. Отбасы мүшелерімен, достармен кездесу, қалалық шаралар, мерекелік концерттер өтеді.

Ал Қытайдың басты мерекесі Ай күнтізбесіндегі Жаңа жыл деп саналады. Ең ауқымды отбасылық сапарлар мен ұзақ каникул осы Көктем мерекесімен байланысты.

Қытайлықтар өздерінің ең маңызды мерекесінде демалыс күндерін қоса алғанда 10-15 күндік демалады. Бұл каникул «мерекелік режимде» өтеді: ауылдық жерлердегі ата-аналарына бару, оларға қамқорлық көрсету, сыйлықтар тарату, отбасылық басқосулар мен мерекелік дастарқандар, салт-дәстүрлер осы Көктемгі жаңа жылда болады. Ай күнтізбесіне тәуелді «жылжымалы» күн. 2026 жылы Қытайдың Жаңа жылы 17 ақпанға сәйкес келеді.

Біздің көршілеріміз Орталық Азия елдерінде Жаңа жыл 1-2 қаңтарда атап өтіледі, демалыс жарияланады. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңына сәйкес, елімізде мерекелік күндер – 1-2 қаңтар деп белгіленген. 2026 жылдың 3-4 қаңтары сенбі мен жексенбіге түсетіндіктен, биылғы мерекелік демалыс ұзақтау болады. 5 және 6 қаңтар – жұмыс күндері, одан кейін тағы бір қосымша демалыс бар: 7 қаңтар – православ Рождествосы.

Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан мен Тәжікстан да осы мезгілде Жаңа жылды қарсы алып, ресми демалыстарын жоспарлайды. Осы елдерде жаңажылдық мерекені қарсы алу сипаты да ұқсас. Үйді безендіру, шырша тігу, отбасылық дастарқан жаю, жақындарға сыйлық ұсыну, балаларға арналған ертеңгіліктер мен қалалық мерекелік шараларға қатысу. Бұрынғыдай Аяз ата мен Ақшақар персонаждары Жаңа жылдың нышаны ретінде көп қолданылмайды. Дегенмен түнгі он екіде тілек айту, бір-біріне жылы сөз арнау, отшашу тамашалау – әлі де ортақ дәстүр болып жалғасып келеді.

Жаңа жыл әр елде әртүрлі реңкпен тойланса да, негізгі мағынасы бірдей: ескі жылды ризашылықпен шығарып салып, жаңа жылды үмітпен, жаңалық пен жақсылық күтіп қарсы алу.

Біздің жаңажылдық құттықтауымыз бен Дональд Трамптың орындауындағы қоңырау сыңғыры

Біз де өзіміздің оқырмандарымызға жаңажылдық құттықтауымызды жолдаймыз. Бір жыл бойы Aikyn.kz сайтының сенімді оқырманы, қолдаушысы болған сіздерге барша жақсылық тілейміз! Жаңа жыл – күнтізбедегі жаңа бет қана емес, ойымызды тазалап, жүректі жұмсартып, ниетті түзейтін жақсы мүмкіндік. Көптеген ойларымызды сіздермен бөлістік, қолдау таптық.

Осының бәрінен сабақ алып, бүгінге қанағат айтып, ертеңге үмітпен, сеніммен қадам басайық, қадірлі оқырман! 

Өткен жылдың қиындығы мен ауырлығын – тәжірибеге, жақсы оқиғаларын – күшімізді еселейтін қуатқа айналдырайық. Жүрегіңізге тыныштық, үйіңізге бақ, ойыңыз бен ісіңізге табыс қонсын! Әр таңдауыңыз рухани деміңізді күшейтсін, әр күніңіз мағыналы болып, жақсылық есігіңізді жиі қақсын! Халқымызға амандық, береке мен ынтымақ, денсаулық пен мол табыс тілейміз! Жаңа жыл құтты болсын!

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 14:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see182

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see165

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see162

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see160

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see159

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see159

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see159

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see158

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see158

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see158

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see157

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see156

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see156

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see155

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see155

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see154

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see153

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see153

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see153

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see152
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары