Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

​Сабақтан тыс уақытқа жауапты емес: Қазақстанда педагогтарға арналған ереже өзгеріп жатыр

Қазақ өзбек туризмі қалай дамиды?

Теңге мен инфляция не болады Ұлттық банк жаңа болжамдарды жариялады

Жол инспекторлары Беларусьтегі халықаралық байқауда 1 орын алды

Жедел жәрдем: ауруханаға жеткізген науқастың 80 пайызы үйіне қайтарылады

Казахстанские автомобили попали под глобальную сервисную кампанию

TURGYNDAR AMANATY: Қостанайда көпқабатты тұрғын үйдің коммуналдық мәселесі оң шешімін тапты

TURGYNDAR AMANATY Тұрғындардың ұсынысы ескерілді

Әл Фарабидағы өліммен аяқталған апат: полиция қызметкерінің ісі сотқа жолданады

Ақтөбеде Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі зауытының құрылысы басталды

Мемлекет басшысы МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады

Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы қалай қаржыландырылатынын айтты

Қызылордада испандық “Roca Group“ зауытының іргетасы қаланды

Қазақстан мен Ресей ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша жол картасына қол қойды

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

Келісуге болады деп үміттенемін СІМ басшысының орынбасары Мақсат Дүйсеновті Германиядан экстрадициялау туралы

Косметикалық операциядан кейінгі өлім: Алматы мен Ақтаудағы клиникалардағы тексерістің жайы

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Қасым Жомарт Тоқаев Ресей тарапымен келіссөздердің қалай өткенін айтып берді

Жаңашылдықтар мен басымдықтар түсіндірілді

Жаңашылдықтар мен басымдықтар түсіндірілді

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері Батыс Қазақстан облысының зия­лы қауымымен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Жалпыұлттық коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева бастап барды.

Талқылауға Батыс Қазақстан облы­сының әкімі Нариман Төреғалиев, Парламент депутаттары, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, қоғамдық ұйым­дардың, өңірдің заңгерлік және сарапшылық қауымдастығының өкілдері қатысты.

Жиын жаңа Конституция жобасына және 15 наурызда өтетін республикалық референдумға арналды. Қатысушылар Ата заңды жаңарту қоғамның заманауи сұраныстарына сай болуға тиіс екенін атап өтті. Оның ішінде құқықтық кепілдіктерді нығайту, азаматтардың басқару ісіне қатысуын кеңейту, цифрлық дәуір жағ­дайында адамды қорғау мәселелері бар.

– Біріншіден, жаңа Конституцияның басты өзегі – азаматтың мүддесі мен елдің ұзақмерзімді тұрақты дамуы. Бұл құжатта мемлекеттің бағыты, қоғамның қандай құндылықтарға сүйеніп дамитыны, билік пен халық арасындағы қатынастың жаңа сапасы айқын көрініс тапқан. Жаңа преамбулада алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде көрсетілді. Яғни мемлекет адамның мүддесін қорғауды өз қызметінің бас­ты мәні ретінде айқындап, биліктің бар тетігі азамат игілігіне жұмыс істеуге тиіс деген қағида Ата заңның өзегіне айналып отыр. Конституция кіріспесінде ұлттық болмыс, тарихи сабақтастық және мемлекеттіліктің терең тамыры нақты көрсетілген, – деді вице-премьер.

Аида Балаева «Әділетті Қазақстан» идеясы, «Заң мен тәртіп» қағидаттары және табиғатқа жауапкершілікпен қарау алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілетінін атап өтті. Сонымен қатар Ата заңда ұлттық валюта – теңгенің мәртебесі мен эмиссия құқығының тек Қазақстанға тиесілі екені конституциялық деңгейде көрініс тапқанын сөз етті.

Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұ­хамбетов еліміздің отыз жыл бойы қалыптасу жолынан өтіп, бүгінде жаңа тарихи кезеңде өмір сүріп отырғанын тілге тиек етті. Ал мәжілісмен Серік Егізбаев жаңа Конституция жобасы қоғамның ел басқарудағы рөлін күшейтіп, азаматтардың тікелей қатысу тетіктерін бекітетінін айтты. Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев жаңашылдықтардың қатарында вице-президент институтын қайтару, бір палаталы Парламент – Құрылтай құру және заң шығару бастамасы құқығына ие болатын қоғамдық диалогтің жаңа институтын енгізу бар екенін жеткізді.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев ұсыны­лып отырған реформа «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына негізделген саяси жүйені жаңғыртуды көздейтінін еске салды.

Сапар барысында Жалпыұлттық коа­лиция мүшелері Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде креативті және белсенді жастармен жүздесті. Кездесуде жоба нормаларының басым бөлігі дәл бүгінгі жастарға арналғаны ерекше атап өтілді. Аида Балаева жаңа Конституция білімге, ғылымға, мәдениетке және инновацияға негізделген жаңа даму моделіне көшуге бағытталғанын айтты.

– Президент елдің ұзақмерзімді бәсекеге қабілеттілігін ғылымды, технологияны және білімді ілгерілету арқылы қамтамасыз етуді стратегиялық міндет ретінде айқындап отыр. Өйткені шынайы табысты мемлекет – бұл интеллектуалдық әлеуеті мықты, мәдениеті жоғары, жаңаша ойлайтын ұлт. Бұл үдерісте сіздердің рөлдеріңіз аса маңызды. Сондықтан конституциялық бастамаларда ғылым мен білімге қатысты негізгі қағидаттардың – ғылыми шығармашылық еркіндігінің, ғалым мәртебесінің, білімнің адам мен азаматтың ажырамас құқығы ретінде танылуының бекітілуі стратегиялық мәнге ие, – деді вице-премьер.

Сонымен қатар Аида Балаева Консти­туция жобасында алғаш рет цифрлық қауіпсіздікке, дербес деректерді қорғауға және интернет-алаяқтыққа қарсы нормалар бекітілгенін тілге тиек етті.

– Жаңа Конституция жобасында Мемлекет басшысының ерекше бақылауындағы зияткерлік меншікті қорғау мәселесі де көрініс тапты. Бұл норманы Ата заң деңгейінде бекіту – креативті индустрияны дербес әрі экономикалық маңызы бар сала ретінде қарастырудың айқын дәлелі. Өнер, ғылым, цифрлық технологиялар, дизайн, медиа және мәдени контент саласында қызмет ететін жас­тар үшін бұл құқықтық кепілдіктердің күшейгенін білдіреді, – деді А.Балаева.

Жиында «Ассамблея жастары» жас­тар қанаты жетекшісінің орынбасары Залина Алиева да сөз сөйледі. Ол жастардың балалармен атқарылатын жобаларын, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған бастамалары туралы айтып, референдумға қатысты жастардың ұстанымын жеткізді.

Одан кейін делегация М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамы және студенттерімен бас қосты. Жиында Премьер-министрдің орынбасары жаңа Конституция жобасы еліміздің білім беруді дамыту және адам капиталының рөлін арттыру бағытындағы стратегиялық бағдарын көрсететінін жеткізді.

– Қазір әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, тұрақты экономи­калық өсімге қол жеткізген мемлекеттер ең алдымен білім беру жүйесіне инвестиция салып, ғылыми-зерттеу қызметін қолдауға басымдық берген. Себебі жоғары технологиялық өндірістер, цифрлық экономика және креативті индустрия дәл осы адам капиталының сапасына негізделеді. Ғылым мен инновацияны дамыту – экономиканы әртараптандырудың басты тетіктерінің бірі. Бұл жаңа өндірістерді қалыптастыруға, технологиялық тәуелсіз­дікті қамтамасыз етуге және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы ретте жаңа Конституция жобасында білім, ғылым, мәдениет және инновация салаларына ерекше көңіл бөлінуі – Қазақстанның білімге негізделген экономика құруға бағытталған стратегиялық таңдауының айқын көрінісі деп білемін, – деді А.Балаева.

Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасары жаңа Конституция жобасында елдің болашағын айқындайтын адам, оның білімі, құзыреттілігі, әлеуеті даму моделінің ортасына қойылатындығын және осы бағытта елдің дамуының жаңа кезеңіне өтудің заңды негіздері қарастырылғанын атап өтті.

– Жаңа Конституция жобасының 3-бабының 2-тармағында: «Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды және инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды» деп нақты көрсетілген. Бұл норма ендігі жерде білім беру жүйесін дамыту, ғылыми зерттеулерді қолдау және инновациялық бастамаларды ілгерілету тек әлеуметтік саясаттың бір бағыты ғана емес, ұлттық дамудың негізгі стратегиялық басымдығына айналатынын білдіреді. Яғни мемлекет болашағы ең алдымен азаматтардың зияткерлік әлеуетіне, кәсіби даярлығына және шығармашылық мүмкіндіктеріне тәуелді болады, – деді Премьер-министрдің орынбасары.

Кездесу барысында студенттер тарапынан білімді насихаттауға және қорша­ған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталған экологиялық және ағарту­шы­лық жобалар сияқты бастамалар көтерілді.

Сонымен қатар осы күні Батыс Қазақстан машина жасау зауытының цехында кездесу өтті.

– Еңбек адамы үшін Конституцияның мәні – абстрактілі ұғым емес, нақты әлеуметтік кепілдіктер жүйесі. Жаңа Ата заң жобасында әрбір адамның еңбек ету құқығы, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайларына ие болу құқығы, сондай-ақ қандай да бір кемсітусіз еңбегі үшін лайықты ақы алу құқығы нақты бекітіліп отыр. Бұл өте маңызды кепілдіктер Конституция жобасының 27-бабының 2-тармағында нақты көрсетілген. Өйткені еңбек адамына деген құрмет ұран деңгейінде қалып қоймай, құқықтық қағидаттармен қамтамасыз етілген нақты нормаға айналуға тиіс. Бұл норма – өндіріс орындарында еңбек ететін азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін мемлекет деңгейінде қорғауға бағытталған маңызды құқықтық негіз. Сонымен қатар Жаңа Ата заңда Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарының бірі ретінде еңбексүйгіштік ұғымының енгізілуі де айрықша мәнге ие. Бұл – адал еңбек қоғам дамуының басты қозғаушы күші ретінде танылатынын білдіреді. Яғни мемлекет дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі – еңбек адамы, оның біліктілігі, кәсібилігі мен әлеуметтік қорғалуы, – деді А.Балаева.

Жиында еңбек ұжымы өкілдері де өз пікірлерін білдіріп, Конституцияда азаматтар үшін нақты кепілдіктердің және еңбек адамына әділ көзқарастың маңызына тоқталды.

Оралдағы «Uniserv Medical Center» ұйымы қызметкерлері де Жалпыұлттық коа­лиция өкілдерімен жүздесті. Әңгімелесу барысында Аида Балаева денсаулық сақтау саласының Конституциядағы маңызына ерекше тоқталды.

– Денсаулық сақтау саласы мемлекеттің әлеуметтік моделінде маңызды орын алады. Конституция преамбуласында және бірінші бабында Қазақстан әлеуметтік мемлекет ретінде сипатталады, оның жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Денсаулық сақтау қоғамның тірегі әрі халықтың әл-ауқатының кепілі. Сала жұмысының сапасы демографиялық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ экономикалық дамуға елеулі әсер етеді. Қоғамдық талқылауда кейде әлеуметтік саладағы мемлекеттік міндеттемелер қысқарады деген жаңсақ пікірлер айтылып жатады. Алайда Конституция жобасында мұндай мазмұн жоқ. Керісінше, онда азаматтардың денсаулығын сақтауға құқығы, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіп пен көлемде өздері төлемейтін медици­налық көмекті алу құқығы бекітіледі. Сонымен қатар мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарда ақылы меди­циналық қызмет алу мүмкіндігі сақта­лады, – деді А.Балаева.

Жиын соңында медициналық қызмет­керлер сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді. Қатысушылар денсаулық сақтау жүйесі үшін тұрақты ережелер, пациент­тердің сенімі мен әлеуметтік кепілдіктерді сапалы іске асырудың маңызды екенін айтты. Сондай-ақ олар Ата заңды уақыт талабына сай жаңартуды қолдады.

Соңғы жаңалықтар

«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады

Оқиға • Бүгін, 12:57

Алматылықтар Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды

Оқиға • Бүгін, 11:27

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:45

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Дананың сөзі ұраныма айналды

Қоғам • Бүгін, 09:50

Бірлік пен келісім жолындағы миссия

Қоғам • Бүгін, 09:45

Бата-тілектің ең қысқа нұсқасы

Қоғам • Бүгін, 09:40

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30

Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 09:30

Игі істің иесі

Қоғам • Бүгін, 09:25

Еселенген жақсылық

Пікір • Бүгін, 09:20

Ауғанстан азаматтарының ықыласы

Қоғам • Бүгін, 09:15

Мейірбан жұртыма ризамын

Қоғам • Бүгін, 09:10

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Ақпан 2026 14:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

​Сабақтан тыс уақытқа жауапты емес: Қазақстанда педагогтарға арналған ереже өзгеріп жатыр

28 Мамыр 2026 17:28see126

Қазақ өзбек туризмі қалай дамиды?

28 Мамыр 2026 18:47see126

Теңге мен инфляция не болады Ұлттық банк жаңа болжамдарды жариялады

28 Мамыр 2026 18:15see123

Жол инспекторлары Беларусьтегі халықаралық байқауда 1 орын алды

28 Мамыр 2026 15:20see122

Жедел жәрдем: ауруханаға жеткізген науқастың 80 пайызы үйіне қайтарылады

28 Мамыр 2026 15:22see116

Казахстанские автомобили попали под глобальную сервисную кампанию

28 Мамыр 2026 19:18see114

TURGYNDAR AMANATY: Қостанайда көпқабатты тұрғын үйдің коммуналдық мәселесі оң шешімін тапты

28 Мамыр 2026 15:13see113

TURGYNDAR AMANATY Тұрғындардың ұсынысы ескерілді

28 Мамыр 2026 18:44see113

Әл Фарабидағы өліммен аяқталған апат: полиция қызметкерінің ісі сотқа жолданады

28 Мамыр 2026 15:13see112

Ақтөбеде Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі зауытының құрылысы басталды

28 Мамыр 2026 15:14see111

Мемлекет басшысы МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады

28 Мамыр 2026 15:21see110

Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы қалай қаржыландырылатынын айтты

28 Мамыр 2026 16:49see110

Қызылордада испандық “Roca Group“ зауытының іргетасы қаланды

28 Мамыр 2026 20:03see109

Қазақстан мен Ресей ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша жол картасына қол қойды

29 Мамыр 2026 11:54see108

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

29 Мамыр 2026 20:39see107

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

29 Мамыр 2026 20:39see107

Келісуге болады деп үміттенемін СІМ басшысының орынбасары Мақсат Дүйсеновті Германиядан экстрадициялау туралы

28 Мамыр 2026 15:26see106

Косметикалық операциядан кейінгі өлім: Алматы мен Ақтаудағы клиникалардағы тексерістің жайы

29 Мамыр 2026 00:59see105

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

29 Мамыр 2026 17:01see105

Қасым Жомарт Тоқаев Ресей тарапымен келіссөздердің қалай өткенін айтып берді

28 Мамыр 2026 16:22see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары