Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада өтетін FIFA ойынында Дастан Сатпаевты кім алмастырады

22 наурызда еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

Волейбол: Жетісудың Азия чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Наурыз мерекесіне орай ұлттық нақышта безендірілген пойыздар жолға шықты

Қазақстандық теннисші Майамиде әлемнің тоғызыншы ракеткасын жеңді

СҚО да жалған антивирус арқылы ақша ұрлау көбейді

Павлодарлық оқушы республикалық олимпиадада топ жарды

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Көліктегі полицейлер 101 шетелдіктің көші қон заңнамасын бұзғанын анықтады

Түркістанда заманауи атшабар ресми түрде ашылып, Наурыз мейрамы дүбірлеп өтті

Үкімет басшысы ел азаматтарын Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақмола және СҚО құтқарушылары су тасқыны жағдайын бағалады

Қазақстанның қай өңірлерінде алдағы күндері су тасқыны қаупі бар

ҚПЛ: Алтай мен Каспий тең нәтижеге қанағат білдірді

Еліміздің бірнеше өңірін су басуы мүмкін: Синоптиктер ескерту жасады

Телефондарды қуаттап, су қорын жинап қойыңдар : Иран Израиль мен Парсы шығанағы елдерінің тұрғындарына үндеу жасады

Қарағандыда қайғылы оқиға: жолдан өткен әйелдің үстіне жарық бағаны құлады

Ақша мен банк: күнделікті қолдануға арналған нақты кеңестер

Мөлдір бұлақ экологиялық акциясы: Оңтүстік өңірлердегі 28 бұлақ тазартылды

Астрахан облысының Қазақстанмен сауда экономикалық байланысы тұрақты дамып келеді

Жапон технологиясы, Smart city және университеттер филиалы: Токио Астанаға қандай уәде берді

Жапон технологиясы, Smart city және университеттер филиалы: Токио Астанаға қандай уәде берді

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жапон дипломатиясынан бір дағды

Жапония символикаға ерекше мән беретін ел, мұндай өзгешелік сыртқы саясаттағы ұстанымынан айқын сезілетін. Қай елмен қандай қатынаста екені, кімді жақын тартып, кімге сенім артатыны дипломатиялық ишарасынан аңғарылып тұрады. Мұның өзін болмысына сай байыппен жасауды әдетке айналдырған.

Бұлай айтуымызға, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары кезінде байқаған протоколдық элементтер итермеледі. Мысалы, Мемлекет басшысының жұмыс бағдарламасы императорлық аудиенциядан басталып, Император Нарухито атынан ресми қабылдау ұйымдастырылған болатын.

Фото: Ақорда

Мұндай аса жоғары құрмет жапон дипломатиясында тек саяси салмағы бар көшбасшыларға көрсетіледі. Демек, Күншығыс елі Қазақстанды Орталық Азиядағы ең сенімді серіктесі көреді әрі жапондық бизнес өкілдеріне жаңа бағдарды нұсқады деген сөз.

Тағы бір қызығы, жапон тәжірибесінде мәртебелі қонақ үшін бір күнде екі ресми қабылдау ұйымдастыру сирек жағдай. Алайда бұл үрдіс бұзылып, Мемлекет басшысы бір күнде Императормен де, Премьер-министрмен де жолықты. Әсіресе, бара сала Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен өткен кездесуде сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы байланыстың егжей-тегжейі талқыланды.

– Осыдан 21 жыл бұрын Сыртқы істер министрлерінің «Орталық Азия + Жапония» форматындағы алғашқы жиыны өткен еді. Оған Өзіңіз төрағалық еттіңіз. Бүгін, міне, «Орталық Азия + Жапония» форматындағы мемлекет басшыларының кездесуіне Президент лауазымында қатысқалы отырсыз. Қазақстанды заң үстемдігіне негізделген еркін әрі ашық әлемдік тәртіпті нығайту ісінде стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз. Өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін Сізбен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз, – деді Санаэ Такаичи.

Фото: Ақорда

Саясатта тұспалсыз сөз айтылмайды, оның үстіне жапондардың халықаралық қатынас мәнерінде әрбір сөйлем билік ұстанымымен шегеленіп отыратыны бар. Сондықтан Премьер-министрдің еліміздің Орталық Азиядағы рөлі туралы ойы, стратегиялық қарым-қатынас орнатуға деген ниеті Жапонияның ресми позициясы деп түсінуіміз керек.

Қазақстанда жапон көліктері жасала ма?

Қазақ қоғамы тау-кен, машина жасау өнеркәсібіне жапондық компаниялардың келуін қалайтыны рас. Бұл орайда Мемлекет басшысы сапар аясында ірі компания өкілдерімен жеке кездесу өткізіп, келешек жобаларды талқылады. Солардың бірнешеуіне тоқталайық.

Жапонияның Komatsu компаниясы елордада техникаларды күрделі жөндеуге және қайта қалпына келтіруге арналған өндірістік кешен салуға ниетті екен. Компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Хироюки Огава Орталық Азияның әлеуеті жоғары, мүмкіндігі мол деп отыр. Komatsu жаңа кешенді аймақтағы тау-кен компанияларының техникасын аз уақыт ішінде төмен бағада жөндейтін және жедел сервистік қызмет көрсететін өңірдегі ірі хабқа айналдыруға ниетті. Өз кезегінде ел билігі шетелдік инвесторға өндірісті локализациялау мен озық технологияны енгізуді ұсынуда.

Фото: Ақорда

Астанада салынатын кешенге Mitsui компаниясы да атсалыспақ. Кәсіпорын кешеннің халықаралық жеткізу тізбегін қалыптастыруға, инфрақұрылымды дамытуға, энергетика мен өнеркәсіп салаларын өрістетуге жәрдемдеседі деген жоспар бар.

Жапонияда құрылыс және тау-кен техникаларын шығаратын Hitachi Construction Machinery компаниясы жұмыс істейді, кәсіпорын әлемде сала жетекшісі қатарында. Компания Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанмен етене жақын. Бұған дейін бірлесе атқарған жобалар жетерлік. Hitachi Construction Machinery-дің экскаваторлары, карьерге арналған жүк көліктері және басқа да техникалары 150-ден аса елде, соның ішінде Қазақстандағы ірі кен орындарында жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған компания президенті Масафуми Сэнзакиді қабылдау кезінде алдағы уақытта өндіріс локализациясы назарда болатынын айтқан. Цифрландыру, «жасыл» технологияларды енгізу және дербес көлік жүйесін құру бағытында мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.

Кездесуден кейін Hitachi Construction Machinery компаниясының президенті Масафуми Сэнзаки Қазақстан нарығына қатысты болжамын айтқан еді.

– Қазақстанда бізде өте ауқымды әрі табысты бизнес бар. Құрылыс жобалары саласында да, тау-кен өнеркәсібінде де белсенді жұмыс істеп келеміз. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл – негізгі стратегиялық нарықтардың бірі. Тау-кен саласында Eurasian Machinery Group компаниясымен серіктестігіміз бар, оның 40 пайызы бізге, ал 60 пайызы қазақстандық компанияға тиесілі. Соның нәтижесінде біз тау-кен техникасы нарығында жетекші орынға ие болып отырмыз. Қазақстан біз үшін маңызды нарық әрі құрылыс техникасы бойынша негізгі тұтынушы болғандықтан, мұндағы табысты бизнесті одан әрі дамытуға ниеттіміз, – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ ол болашақ инвестициялық жоспарларға тоқталды.

– Қазіргі таңда Қазақстанда біздің мыңнан астам техника бірлігі пайдаланылуда, оның басым бөлігі тау-кен саласына тиесілі. Атап айтқанда, 200-ден астам экскаватор және жүк сыйымдылығы 400 тоннаға дейін жететін шамамен 100 карьерлік самосвал жұмыс істеп тұр. Бұл – өте ірі нарық. Мен Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі алдағы уақытта да қарқынды дамитынына сенімдімін, – деді Масафуми Сэнзаки.

Фото: жеке мұрағатынан

Саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің айтуынша, Жапониядағы машина жасау кешені әлемдегі ең қуатты салалардың бірі. Екі елдің осы бағыттағы мәмілесі өндірістік қуатты арттыруы мүмкін.

– Жапония экспорт көлемі бойынша әлемдегі жетекші елдердің қатарына кіреді. Бұл, негізінен, туризмнің немесе басқа салалардың есебінен емес, дәл машина жасау мен жабдық дайындаудың арқасы. Олардың қатарында гаджеттер, компьютерлер, телефондар және басқа да жоғары технологиялық өнімдер бар. Қазақстан үшін бұл салаға қызығушылық бұрынғыдан да жоғары. Бірақ бұл – ХХ ғасырдың технологиялары, – деді ол.

Сарапшының сөзінше, Қазақстанға ең алдымен осыны, ХХ ғасырдың технологиялық базасын қайта қалыптастыру қажет.

– АҚШ-тың өзінде ХХ ғасырдың екінші жартысында, әсіресе 1990 жылдарға қарай технологиялар дамыды. Тәуелсіздік алғаннан кейін біз көптеген өндірістік технологияларды жоғалтып алдық. Зауыттар тұралады, ірі кәсіпорындардың саны азайды. Машина жасау Қазақстанға келесі кезеңге қадам басу үшін керек дер едім. Себебі біз бірден ХХІ ғасырға аттап кете алмаймыз, – деп толықтырды Әбішев.

Спикердің пайымдауынша, жапон техникасын елге әкелу қосымша жұмыс орындарын ашуға септеседі.

– Егер жапондық машина жасау мамандарын тартып, оларға қолайлы жағдай жасап, Қазақстанда зауыттар ашуға мүмкіндік берсек, бұл кемінде 10 мың жаңа жұмыс орнын құруға жол ашар еді. Соның нәтижесінде экономика айтарлықтай нығаяды. Жапонияда жалпы капитал жеткілікті, олар оны әлем бойынша өте ұқыпты түрде инвестициялайтынын ескеру керек, – деді сарапшы.

Жапонияның энергетикалық және минералды шикізат қауіпсіздігіне жауапты негізгі мемлекеттік институты бар. Атауы – JOGMEC. Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым өкілімен кездесу кезінде геологиялық барлау, аса маңызды минералдарды өндіру және өңдеу тақырыбын талқылаған екен. Әсіресе тараптардың табиғи ресурстарды орнықты басқару, Қазақстанда өкілдік ашу турасындағы ойы бір жерден шыққанын байқадық. Мұндай келісім Жапонияның өндірістік және технологиялық компанияларының отандық нарыққа көптеп келуіне ықпал етеріне күмән жоқ.

Фото: Ақорда

Президент сапарындағы алпауыт компаниялармен байланыстың жалғасы – Rakuten Group-пен келіссөз. Бүгінде ең озық жаһандық цифрлық экожүйе қалыптастыруда компанияның тәжірибесі мол. Технологиялық даму мен цифрлық трансформацияның жаңа кезеңіне қадам басқан Қазақстан үшін Rakuten Group базасын толық пайдалану құнды олжа болатыны анық. Әзірге еліміз компанияның қатерлі ісік ауруларын емдеуге арналған биотехнология саласындағы әзірлемесіне қызығушылық танытуда.

Айта кетейік, былтыр екі елдің тауар айналымы шамамен 2 миллиард долларға жетті. Қазақстан Жапония нарығына уран, сирек кездесетін металдар және мұнай жеткізеді. Ал Жапония бүгінге дейін экономикамыздың негізгі инвесторы ретінде 8,5 миллиард доллардан астам қаржы құйды. Ал бұл жолғы сапарда 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды, ішінде 3,7 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер бар.

Басымдық – білімде

Қазақстан Жапониядан озық технология ғана емес, білім беру моделін де игергісі келетіні шындық. Жауапты министрліктің Күншығыс еліне білім беру жобаларын ұсынып жүргеніне көп болды. Әрбірінде жапон қоғамының консервативті көзқарасы қолбайлау болып келген.

Президент кезекті сапарында сеңді бұзып, Жапония университеттерімен байланысты бастап берді: Токиодағы екінші күні Біріккен Ұлттар Ұйымы университетіне барып, дәріс оқыды. Аудиторияға жапон этикасы, ғаламдық геосаяси ахуал, БҰҰ турасында бірқатар ойын жеткізді.

Фото: Ақорда

Есте болса, 2004 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның сол кездегі Сыртқы істер министрі Ёрико Кавагучимен бірге «Орталық Азия + Жапония» форматына бастамашы болған еді. Енді, міне, араға 20 жыл салып қос саясаткер қайта кездесті. Ёрико Кавагучи Президенттің БҰҰ Университетіндегі лекциясын тыңдап, кейін президенттің екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесіне баға берді.

– Баяндама жан-жақты болды және кең ауқымды мәселелерді қамтыды. Тоқаев БҰҰ туралы, сондай-ақ ел ішіндегі және жаһандық халықаралық институттар аясындағы реформалар жөнінде мазмұнды ойлар айтты. Жеке өзіме оның идеялары өте жақын. Менің ойымша, ол басқа мемлекеттерді осы бағытта біріктіруге арналған бастамаларға жетекшілік ете алады.

Қазақстан – аймақтық держава әрі Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет. Сонымен қатар оның сыртқы саясаты өңір шеңберінен әлдеқайда асып түседі. Соның ішінде Ибраһим келісімін қолдау мәселесі бар және оны дұрыс қадам деп санаймын. Қазақстан басқа елдерге көмек көрсетуді бастап, осы мақсатта арнайы қолдау институтын құрды. Бұл қадамдар елдің жаһандық деңгейге шыққанын және өз халықаралық миссиясын жүйелі түрде жүзеге асырып отырғанын көрсетеді, – деді Ёрико Кавагучи.

Көп өтпей Президент дәрісінен кейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жағымды жаңалықпен бөлісті. Министрлік Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі жетекші жоғары оқу орны саналатын Рицумейкан Азия-Тынық мұхиты университетімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Оған қоса Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Hitachi High-Tech Europe GmbH компаниясы арасында меморандум жасалды.

Фото: Midjourney

Аймақтағы су тапшылығы мәселесі ғылым-білім арқылы шешілетін күн таяу. Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің базасында БҰҰ-ның су ресурстары жөніндегі хабы ашылатын болды. Хабты құру су ресурстарын басқаруда ғылыми негізделген тәсілдерді дамытуға, инженерлер мен басқарушылардың жаңа буынын даярлауға мүмкіндік бермек. Бұл саладағы жапон университеттері және Жапонияда орналасқан БҰҰ құрылымдары білім беру және зерттеу бағдарламаларын дамытуға атсалысатыны белгілі болды.

Сапар барысында екі елдің ресми делегация мүшелері 14 үкіметаралық және ведомствоаралық келісім жасады. Құжаттың жай-жапсары ашып айтылмаса да, қай бағыттарда ілгерілеу болатыны күнібұрын белгілі болған. Соның ішінде бейбіт атом мен білім беру саласында жаңалық көп.

Мысалы, білім беру саласында үш бағытта келісім жүріп жатыр. Біріншісі – Ritsumeikan University филиалын ашу. Егер мәміле ойдағыдай болса, келесі жылы Қазақстанда жапон университетінің алғашқы филиалы пайда болуы мүмкін.

Екіншісі – Hitachi корпорациясымен келісім. Жапондықтар ядролық энергетика саласында кадрлар даярлау үшін ғылыми жабдықтарды жеткізу міндетін мойнына алады.

Соңғысы – академиялық ұтқырлық, профессорлар алмасу және жапон университеттерімен ынтымақтастық мәселесі шешілмек.

Отандастар ортасы

Президент Токиодағы үш күндік сапарында тек ресми келіссөздермен шектелмегенін айта кету керек. Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэмен цифрландыру, Smart city технологияларын талқылап, Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығын аралап көрді.

Ал алғашқы бейресми шараның бірі Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген қазақстандықтармен кездесуге арналды. Шалғайдағы отандастарымыз Мемлекет басшысымен емен-жарқын әңгімелесіп, саяси-әлеуметтік мәселелер төңірегінде ой бөлісті.

Президент Токиода кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен де жолықты. Жапонияда білім алып, он жылдан бері ірі халықаралық жарыстарда көш басынан көрініп жүрген сумошы қазақстандықтар арасында да, Токиода да танымал. Тіпті Қасым-Жомарт Тоқаев Император Нарухитомен кездесуде балуанның жетістіктері туралы әңгіме қозғалғанын айтқан болатын.

Инфографика: Kazinform

Саммит талқысы: атом саласындағы байланыс, жаңа инвестор һәм жапон технологиясы

Ел басшысының сапары «Орталық Азия – Жапония» саммитімен түйінделді. Бұл жиын қос мемлекет үшін тарихи маңызға ие. Себебі 2004 жылы Жапония алғашқылардың бірі болып «С5+1» форматын ұсынды. Кейін ірі мемлекеттердің көбі «Орталық Азия плюс» платформасын құптап, Күншығыс елі ұсынған халықаралық байланыс моделі қарқын алғаны мәлім. Президент «Орталық Азия – Жапония» саммитінде сөз басын Жапонияның ашық диалогке қосқан үлесінен бастауды жөн көріпті.

Мемлекет басшысы жиында Орталық Азияның, соның ішінде Қазақстан энергетикалық қауіпсіздігіне қатысты біршама ой айтты. Әсіресе дәстүрлі қуат көзін игеру және өңдеу жобаларына жапон тәжірибесін, инновациясы мен инвестициясын тартуға мүдделі екенін білдірген.

Оған қоса атом энергетикасында екіжақты ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік көп. Қазақстан болашақ АЭС жұмысына достас елдің технологиясын пайдалануға ниетті әрі ядролық қалдықтарды басқару, ядролық қауіпсіздік, азаматтық қорғаныс салаларына жоғары санатты маман даярлау ісіне қызығып отыр.

Орталық Азияда сирек кездесетін элементтер мен өзге де аса маңызды минералдардың мол қоры сақтаулы. Аймақ мемлекеттері бұл ресурсты таза әрі қуат үнемдейтін өндіріске айналдырғысы келеді. Осы орайда Қазақстан Next-Generation SmartMining Plus жобасын бастамақ.

Қазақстан Жапониямен қазба байлықтарды барлау, өндіру және өңдеу ісі бойынша ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі. Бұл ретте терең өңдеуге және орнықты өндіріс тізбегін қалыптастыруға ден қоя отырып, толыққанды өнеркәсіп кластерін құруға басымдық береміз. Сондықтан Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасының іске қосылуын құптайды. Бұл бастама өндіріс үдерісін цифрландырып, экологиялық орнықтылықты арттырады, – деді Президент.

Қазақстан ауыл шаруашылығы саласында да жапон компанияларын көруге ынталы. Бізге Күншығыс елінің ресурс үнемдеу технологиясы, шөлге төзімді дақылдар селекциясы, «ақылды» фермаларды дамыту тәжірибесі ауадай қажет. Сондықтан Президент су саласындағы Зерттеу платформасын құру, Астанада қолданбалы ғылымдар саласында ғалымдар мен зерттеушілердің кездесуін өткізу, Бірлескен су шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірлеу қажет деп санайды. Бұл жұмыстарға жапон ғалымдары мен сарапшылары тартылмақ.

Жапония туралы сөз болса, цифрландыру мен ЖИ-ді атамай кетуге болмас. Саммитте Орталық Азия мен Жапонияның цифрлық трансформациясы, жасанды интеллект дамуы сөз болды. Қазір Токиода Орталық Азия елдері мен Жапония арасында жасанды интеллект саласы бойынша серіктестік орнату жөніндегі бастама бар. Президент аталған платформаны Орталық Азиядағы ең ірі ІТ-стартап – «Astana Hub» және халықаралық экожүйесі бар Аlem.ai орталығының базасына орналастыру мәселесін алға тартты. Қысқаша айтсақ, бұл алдағы жылдары Орталық Азияда ЖИ индустриясы қарқын алады дегенді білдіреді.

«Central Asia + Japan» диалогінде еліміз өзіне қажетті саланы толық қамтуға тырысты десек артық емес. Жапония билігіне Қазақстанда университеттер мен білім орталықтарының бөлімшісін ашу, Бірыңғай туристік маршрут әзірлеу, виза рәсімдерін жеңілдету туралы ұсыныстар жеткізілді. Бастысы, жиынға қатысқан көшбасшылар келесі «Орталық Азия – Жапония» саммитін Қазақстанда өткізетін болып тарқасты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Желтоқсан 2025 04:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада өтетін FIFA ойынында Дастан Сатпаевты кім алмастырады

22 Наурыз 2026 02:48see111

22 наурызда еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

22 Наурыз 2026 14:31see111

Волейбол: Жетісудың Азия чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

22 Наурыз 2026 13:13see110

Наурыз мерекесіне орай ұлттық нақышта безендірілген пойыздар жолға шықты

22 Наурыз 2026 16:56see110

Қазақстандық теннисші Майамиде әлемнің тоғызыншы ракеткасын жеңді

22 Наурыз 2026 12:29see110

СҚО да жалған антивирус арқылы ақша ұрлау көбейді

22 Наурыз 2026 22:08see110

Павлодарлық оқушы республикалық олимпиадада топ жарды

22 Наурыз 2026 17:09see109

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

22 Наурыз 2026 09:39see109

Көліктегі полицейлер 101 шетелдіктің көші қон заңнамасын бұзғанын анықтады

22 Наурыз 2026 07:14see109

Түркістанда заманауи атшабар ресми түрде ашылып, Наурыз мейрамы дүбірлеп өтті

22 Наурыз 2026 12:16see109

Үкімет басшысы ел азаматтарын Наурыз мейрамымен құттықтады

22 Наурыз 2026 11:56see108

Ақмола және СҚО құтқарушылары су тасқыны жағдайын бағалады

22 Наурыз 2026 13:14see108

Қазақстанның қай өңірлерінде алдағы күндері су тасқыны қаупі бар

23 Наурыз 2026 11:37see108

ҚПЛ: Алтай мен Каспий тең нәтижеге қанағат білдірді

22 Наурыз 2026 18:46see107

Еліміздің бірнеше өңірін су басуы мүмкін: Синоптиктер ескерту жасады

23 Наурыз 2026 10:14see107

Телефондарды қуаттап, су қорын жинап қойыңдар : Иран Израиль мен Парсы шығанағы елдерінің тұрғындарына үндеу жасады

22 Наурыз 2026 21:43see107

Қарағандыда қайғылы оқиға: жолдан өткен әйелдің үстіне жарық бағаны құлады

22 Наурыз 2026 18:17see106

Ақша мен банк: күнделікті қолдануға арналған нақты кеңестер

22 Наурыз 2026 21:26see106

Мөлдір бұлақ экологиялық акциясы: Оңтүстік өңірлердегі 28 бұлақ тазартылды

23 Наурыз 2026 15:25see105

Астрахан облысының Қазақстанмен сауда экономикалық байланысы тұрақты дамып келеді

23 Наурыз 2026 09:10see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары