Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Жаппай тарап жатқан вирустан қалай емделеміз?

Жаппай тарап жатқан вирустан қалай емделеміз?

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазір елімізде тұмау мен түрлі вирустық инфекциялар белең алып тұр. Мамандар, әдетте мұндай вирустық толқын қазаннан наурызға дейін жалғасатынын айтады. Себебі бұл кезеңде жылы ауа райы салқын лепке ауысып, балалар мен ересектер басым уақытын жабық нысандарда өткізеді. Өз кезегінде жүйелі түрде таза ауамен тыныстамау да ағзаның вирустардан қорғану әлеуетін әлсіретіп жібереді, деп жазады Egemen.kz.

Ауырмаудың амалы

Халық нақылы «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеудің» қамын ойлауға үндейді. Бүгінде дәрігерлер ауырмайтын амалдың бірі уақытылы екпе алу екенін алға тартады. «Керуен-Medicus» мекемесінің дәрігер-инфекционисті Амангүл Изимова екпе алу ауруды болдырмаудың амалы ғана емес, вирусты жеңіл өткізуге сеп екенін де түсіндірді.

«Тұмауға қарсы вакцинаны қыркүйек-қараша аралығында салдырған дұрыс. Әсіресе балалар, қарттар, жүкті әйелдер және созылмалы ауруы бар адамдар бұл мәселеге бей-жай қарамауы тиіс. Вакцина ауырмауға 100% кепілдік бермесе де, ауруды асқынудан қорғайды және ауырсынуды жеңілдетеді», деген дәрігер вирустан қорғану үшін қарапайым әрі маңызды ережелерді де ұстануды ұсынды.

«Осы қатардағы ереженің алғашқысы қолды  жиі жуу, ұдайы антисептик қолдану болса, үйде немесе жұмыс орнында бөлмені жиі желдетуді де қаперде ұстау маңызды. Біздің қоғамда ауру симптомдары сезілгеннен медициналық маска тағу әдебі қалыптаспаған. Медициналық маска тағу ұят емес, жақын-жуық, әріптес-дос алдындағы жауапкершілік екеніне баса назар аударғым келеді. Ауырмау үшін иммунитетке қолдау көрсету де ұмыт қалмауға тиіс. Ол үшін дұрыс тамақтану, уақытылы ұйықтау сынды қарапайым мәселелерге көңіл бөлген жөн», деді Амангүл Изимова.

 

Маман вирус өршіп тұрған тұста адам көп жиналатын қоғамдық және ойын-сауық орталықтарына бармауға да кеңес береді. Ал ауыра қалған жағдайда ем-шараны сауатты жүргізу әрі неғұрлым ертерек бастау шарт екенін жеткізді.

«Ауырған азаматтар дәрігерге жүгінбей-ақ емді антибиотик ішуден бастап жататынын тәжірбиемізде жиі кезіктіреміз. Науқастар арнайы тәртіп болмаса антибиотик вируспен күресте қауқарсыз екенін ескермейді. Өз бетімен тағайындалған антибиотик басқа ағза мүшелеріне зиян келтіруі де ықтимал. Сондықтан бірінші кезекте маман кеңесіне жүгіну құпталады. Ал бала не ересек болсын дене қызуы көтерілсе, жөтел жиілеп, бойды әлсіздік басса ойланып отырмай маман алдына баруы тиіс. Дәрігер тағайындаған еммен қатар көп мөлшерде сұйықтық, жылы су ішу, сапалы тынығуды да есте сақтаған абзал», деді «Керуен-Medicus» мекемесінің дәрігер-инфекционисті.

Ауруханалардағы ахуал қандай?

Вируспен күрес, ауырмаудың жолы туралы негізсіз сөз қозғап отырғанымыз жоқ. Жоғарыда атап өткеніміздей елімізде қараша айының басынан ЖРВИ жұқтырып, тұмау болған науқастардың қатары қалыңдаған.

Мәселен, елордадағы ересектерге арналған Астана қаласы әкімдігінің Қалалық инфекциялық орталығында кейінгі 3 күнде ЖРВИ және тұмау диагнозымен ауруханаға жатқызылғандар саны артқан. 7 қарашадағы мәлімет бойынша, аталған мекемеде 353 пациент, оның ішінде 243 бала ем алып жатыр. Ал бірінші медициналық-санитариялық көмек (БМСК) ұйымдарында 2043 пациент, оның ішінде 1061 балаға ЖРВИ мен тұмауға қарсы амбулаторлық ем жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 376 пациентке пневмония диагнозы қойылған, оның ішінде 273-і бала екен.

Ауруханада апта жатқандардың арасында Айна Серікқызының ұлы мен қызы да бар. Ауру белгілері, әуелі Айнаның 4 жасар қызында байқалған. Бастапқыда әлсіреп белсенді қимыл қозғалысы азайған бүлдіршіннің келесі күні қызуы көтеріліп, оңайлықпен түспеген.

«Жасыратыны жоқ, бастапқыда балалы үйде болатын дәрі-дәрмекпен қызуды түсіруге әрекет жасадық. Әдетте бір рет қабылданған сироптан кейін түсетін қызу бұл жолы бой бермеді. Баламның жалпы жағдайы көз алдымда нашарлай түсті. Тамаққа тәбеті болмай, тіпті су ішуден қалған соң ауруханаға апардық. Сол аралықта қызымдағы симптомдар ұлымда да біліне бастады», дейді астаналық тұрғын.

Айна балаларын ауруханаға жеткізгенде, ауру денені меңдеп алғаны анықталған. Сондықтан дәрігерлер қос құлыншақпен, анасын ауруханада жатқызып емдеуді ұйғарған.

«Балаларға арналған қалалық инфекциялық аурухана ұл-қызыма жедел медициналық көмек көрсетті, дұрыс ем тағайындады. Ем үшінші күн дегенде әсер етіп, балаларымның беті бері қарай бастады. Сондықтан ата-аналарға баладағы бар белгіге жете көңіл бөлуін сұраймын. Қазір өршіп тұрған вирусты үйде емдеу қиын. Аурудың жазылып кетуін күтпей емханаға жүгіну жағдайды ушықтырмайтына көзім жетті», деді Айна Серікқызы.

Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы қала бойынша маусымдық вирус кезеңінде ауруханаларда алдын ала 4160 төсек-орын дайындаған. Вирус жұқтырғандар саны көбейген тұста, емханалардағы төсек-орын саны 4519-ға арттырылған. Басқарма бүгін 4519 орынға да науқастар жайғастырылғанын, олардың саны артса қосымша төсек-орындар ашу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 16:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары