Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Жақсыбек Күлекеев: Ғылыми қызмет қағидалары Ата Заңмен бекітілуге тиіс

Жақсыбек Күлекеев: Ғылыми қызмет қағидалары Ата Заңмен бекітілуге тиіс

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Астанада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев еліміздегі ғылыми қызметтің Ата Заң деңгейінде нақты реттелмегенін, соның салдарынан ел дамуын қамтамасыз етудегі ғылымның рөлі мен мәртебесі төмен екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: iqaa.kz

Оның айтуынша, еліміздің қазіргі даму кезеңіндегі басты басымдықтың бірі – заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдануға негізделген білім мен инновацияға сүйенген экономиканы қалыптастыру. Бұл бағыт еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, оның геоэкономикалық және геосаяси кеңістіктегі ұстанымын айқындай түседі.

«Әлемде ғылым кез келген қоғамның ең маңызды өндіргіш күшіне айналып отыр. Бұл тұрғыда білім экономикасын дамыту ғылыммен тікелей байланысты екенін аңғармау мүмкін емес. Алайда еліміздегі ғылыми қызмет салалық заңнамалармен ғана реттеліп, оның негізгі қағидаттары Конституция деңгейінде нақты бекітілмеген. Ата Заңда ғылымға қатысты арнайы нормалардың болмауы ғылыми саланы ағымдағы мемлекеттік саясатқа тәуелді етіп, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлі мен мәртебесін әлсіретіп отыр», деді ол.

Жақсыбек Күлекеев ғылым мен инновацияның конституциялық деңгейде бекітілуі ғылыми қызметті тұрақты қаржыландыруға берік құқықтық негіз қалыптастырып, зерттеу орталықтарының, университеттердің және технологиялық компаниялардың жүйелі әрі орнықты жұмыс істеуіне жол ашатынын айтты.

Оның сөзінше, мұндай нормалар көптеген дамыған мемлекеттердің Конституцияларында бар. Атап айтқанда, ғылым мен инновацияға сүйеніп, елеулі экономикалық табысқа қол жеткізген Германия, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдерді мысалға келтіруге болады. Сондай-ақ Финляндия, Испания және Португалияның өз Конституцияларында ғылыми автономия мен академиялық еркіндікке құқықты нақты бекіткенін тілге тиек еткен маман ұлттың болашағы азаматтардың зияткерлік және технологиялық дамуына тікелей байланысты екенін терең түсінуден туындайтынын жеткізді.

«Ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда, өзіміздің ғылыми және технологиялық әзірлемемізді дамыту технологиялық тәуелсіздікті нығайтып, экономиканың және оның аса маңызды инфрақұрылымының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Конституцияда ғылымға қатысты нормалардың болуы мемлекеттің халықаралық беделін арттырып, оны прогресс пен инновацияға бағдарланған ел ретінде танытады. Бұл ғылыми-техникалық дамудың басымдық екенін айқын көрсетіп, инвестиция тартуға ықпал етеді. Сондай-ақ әлемдік қауымдастықтағы абыройымызды күшейтіп, әлеуметтік, экономикалық және технологиялық тұрақтылықтың берік негізін қалайды», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Ерлан Қарин: Құрылтай депутаттарына қойылатын қосымша талаптар конституциялық заңда айқындалуы мүмкін

Саясат • Бүгін, 16:41

Эльвира Азимова: Конституциялық реформа қоғамның барлық саласында кең талқылауға ие болды

Қоғам • Бүгін, 16:05

Мемлекеттік кеңесші: Конституциялық реформаға қатысты түпкілікті шешім жалпыхалықтық референдумда қабылданады

Қоғам • Бүгін, 16:03

Эльвира Азимова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттерін атады

Қоғам • Бүгін, 15:45

Ерлан Қарин: Конституциялық комиссияның құрылуы тарихи оқиға

Қоғам • Бүгін, 15:33

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

Қоғам • Бүгін, 15:05

Мас күйінде көлік жүргізген судья Әсел Досаева қызметінен босатылды

Оқиға • Бүгін, 14:51

Астанада қандай жаңа экспресс-бағдарлар іске қосылады?

Елорда • Бүгін, 14:34

Нұрай ісі: Жұмыстан шығарылған полицей өз нұсқасын ұсынды

Қоғам • Бүгін, 13:58

Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты

Спорт • Бүгін, 13:23

Өткен жылы Қостанайда 1200 адам алаяқтарға алданған

Аймақтар • Бүгін, 13:00

Кеден саласында лауазымын асыра пайдаланған Қазақстан азаматы Испаниядан экстрадицияланды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:43

МӘМС жүйесіндегі олқылықтардан кейін қорға жаңа басшы тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:19

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтеді: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?

Ата заң • Бүгін, 12:09

Жаңаөзенде электр станциясы жаңғыртылады: Инвесторлар қандай жоба ұсынды?

Аймақтар • Бүгін, 11:47

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:206
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 19:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see146

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see141

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see140

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see139

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see136

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see134

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see133

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see133

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see126

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see124

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see123

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see122

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see122

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see122

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see119

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see117

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see113

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see113

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары