Жарықтың жаппай өшуінен кейін қандай шаралар қолға алынды
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов энергетика министрінен жарықтың жаппай өшуінен кейін қолға алынған жұмыс жайында сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында жылыту мауысына дайындық мәселесі қаралды. Сол кезде премьер 14 тамыздағы жағдайды еске алды. Алматыда және басқа бірқатар өңірде жарық жаппай өшіп қалған болатын.
"Осы жағдайға байланысты тексеріс нені көрсетті? Алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу үшін қандай шаралар қабылдап жатырсыздар?", - деді Бектенов.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, қазіргі кезде оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығы ескеріле отырып, жарық беретін жаңа нысандарды іске қосуға басымдық беріліп отыр.
"Оның ішінде Алматы қаласындағы ЖЭО-2, ЖЭО-3, ал Түркістан облысында қуаты 1 000 Мегватт жаңа бу-газ қондырғысы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар оңтүстік аймақта қуаты 500 Киловольт “Шу-Жамбыл-Шымкент” электр желісінің құрылысы жалғасуда. Аяқталу мерзімі – 2027 жылдың екінші тоқсаны. Қазіргі кезде жұмыстың 50 процентке жуығы орындалды", - деді Ақкенженов.
Айтуынша, арнайы мемлекеттік комиссия жақын арада премьер-министрге қосымша шараларды ұсынады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:36
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Тамыз 2026 11:08 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















