Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Жастар Рухының үздік волонтерлері мен белсенділері марапатталды

Жастар Рухының үздік волонтерлері мен белсенділері марапатталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бүгін Астана қаласында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық «Рухтастар» сыйлығы табысталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Биыл бесінші рет ұйымдастырылған іргелі іс-шарада қоғамдық бастамаларға айрықша үлес қосқан еліміздің ең белсенді жас азаматтары марапатталды.

Салтанатты рәсімге Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері және белсенді жас көшбасшылар қатысты. Айта кетейік, биыл байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жастардан 500-ден астам өтінім келіп түсті. Жалпы осы жылдар аралығында 100-ге жуық жас азамат «Рухтастар» сыйлығының иегері атанды. Әр марапат – еңбекпен келген жетістіктің және тынымсыз ізденістің нағыз үлгісі.

Өз кезегінде  «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек жастардың ел дамуындағы рөліне тоқталып, бұл марапаттың қоғамдық маңызын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс және бұл – қоғам санасында болып жатқан өзгерістің айқын көрінісі. Білімді жастар – бұл елдің басты капиталы әрі оң өзгерістердің негізгі қозғаушы күші. Бүгінгі жас буынның қоғамға пайдалы болуға, жаңалық ашуға, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысы артып отырғаны байқалады. Біз осындай жігерлі, ынталы жастарды құрметтейміз. «Рухтастар» сыйлығы баршамызды ортақ мақсат жолында бірігіп, Әділетті Қазақстанды құруға қарай нық қадам басуға шабыттандырады», – деді ол.

Ал «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова бұл сыйлық – еліміздегі ең белсенді, табанды және рухты жастардың еңбегі бағаланатын маңызды марапат екенін мәлімдеді.

«Бүгін біз еліміздегі 17 өңір мен 3 қаладағы ең белсенді жастарды бір алаңға жинадық. Олар жыл бойы өңірлерде атқарылған көптеген әлеуметтік, мәдени, экологиялық және волонтерлік жобаларға жан-жақты үлес қосып, жастар саясатының дамуына елеулі еңбек сіңірді. Бұл марапат – олардың еңбегіне деген құрметіміздің белгісі ғана емес, алдағы жұмыстарына көрсетілген үлкен сенім», – деді ол.

Оның айтуынша, үздіктерді іріктеу барысы бірнеше кезеңнен тұрды. 25 қарашадан 3 желтоқсанға дейін өтінімдер «Жастар Рухының» ресми сайтында қабылданып, кейін республикалық конкурс комиссиясының қарауына жіберілген.

«Қайсар» жыл батыры номинациясымен Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенті Ерасыл Омарханов (Шығыс Қазақстан облысы) марапатталды. Ол Үлбі өзеніне батып бара жатқан жас баланы құтқарып, ерен ерлік танытты.  

«Нұрлы ақыл» үздік жас ғалым номинациясына PhD доктор, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Органикалық егіншілік зертханасының аға ғылыми қызметкері Алтынай Жакатаева (Алматы облысы) лайық деп танылды. Ол 30-дан астам ғылыми еңбектің авторы. Агрошаруашылықтарға дақылдарды аурулардан және зиянкестерден қорғау, органикалық технологияларға көшу, тиімді агротехникалық әдістерді енгізу бойынша әдістемелік қолдау көрсетіп келеді.

«Ыстық қайрат» еңбек адамы номинациясымен «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы электр стансасының капиталды жобалар бөлімінде құрылыс-монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстары бойынша сарапшы Жангелді Жанат (Павлодар облысы) марапатталды. Ол электр стансасының инфрақұрылымын жаңғыртуға, жылу-энергетикалық тиімділікті арттыруға, сондай-ақ бірқатар күрделі құрылыс бағытындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға белсене атсалысты.

Сондай-ақ осы номинацияны Шығыс Жезқазған кенішіндегі №57 шахта жарушысы, өндіріс саласындағы жастардың белсенді өкілі, волонтер, спортшы Асылхан Тұрғамбеков (Ұлытау облысы) иеленді.

«Жылы жүрек» жыл еріктісі номинациясына жүздеген әлеуметтік жобаларға қатысып, қоғамға нақты үлес қосқан Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу университетінің студенті Зият Садвакасов (Қарағанды облысы) және әлеумет, білім беру, мәдениет, экология салаларындағы волонтер, С.Торайғыров атындағы университет студенті Разия Қалиасқар (Павлодар облысынан) лайық деп танылды.

«Жылдың әлеуметтік жобасы» номинациясында «Altay-pro» туристік фирмасының негізін қалаушысы Екатерина Орлова (Шығыс Қазақстан облысынан) жеңімпаз атанды. Оның жобасы экотуризмді дамытуға және табиғатты қорғауға бағытталған басқа да шараларды қамтиды.

Сонымен қатар «Белсенді рухтас» жыл белсендісі номинациясы бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 азамат марапатталды. Бұдан бөлек «Жастар Рухы» қолдаушысы номинациясын талантты жастардың бастамаларына қолдау көрсетіп жүрген спортшы, аралас жекпе-жек (ММА) шебері Арман Оспанов, Алматы облыстық мәслихат депутаты, филиал жанындағы Жастарды қолдау кеңесінің төрағасы, «Чемпиондық Рух» жобасының амбасадоры Нұрсұлтан Орынбасаров, «Жайдарман» ойындарын ұйымдастырушысы Жанасыл Болатбек, Павлодар облыстық мәслихат  депутаты, Жастарды қолдау кеңесінің төрағасы Айдар Курумбаев,  Павлодар қалалық мәслихат депутаты, «Крендель» ЖШС директоры Мадина Музапарова алды. «Жастар Рухы» жастар қанатының ең үздік бөлімшелері – Ақмола облысы Бурабай ауданы және Жамбыл облысы Тараз қаласы.

«Біздің бөлімшенің ең үздік деп танылуы – әріптестеріміздің ортақ жеңісі. Бұл марапат бізді одан әрі жауапкершілікпен жұмыс істеуге ынталандырады. Биыл біз әлеуметтік, экологиялық және білім беру бағыттарында бірнеше жобаны жүзеге асырдық. Алдағы уақытта да өңіріміздегі жастар саясатын дамытуға үлес қоса береміз», – деді «Жастар Рухы» жастар қанатының Ақмола облысы Бурабай аудандық бөлімшесінің өкілі Әлішер Баймұқанов.

Ал «Үздік филиал» номинациясын «Жастар Рухы» жастар қанатының Қызылорда облыстық және Шымкент қалалық филиалдары иеленді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Желтоқсан 2025 14:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары