Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Жат майданда болғандардың жазасы қашан ізгілендіріледі

Жат майданда болғандардың жазасы қашан ізгілендіріледі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ресей мен Украина арасындағы да, Таяу Шығыстағы соғыста да бейбітшілікті жақтап, жаппай мобилизацияға қарсы шығып, қақтығысты тоқтатуды күндіз-түні талап етіп отырғандар аз емес. Осындай соғыс оты тұтанған елдерде олардың өзге елдің азаматтарын майданға тарту әрекеті де үдей түсетіні анық. 

Жуырда Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне депутаттық сауалын жолдап, мәселенің ауқымын айқын аңғартатын біраз дерек келтірді. Мәселен, 2023 жылы Қылмыстық кодекстің 172-бабы бойынша 23 іс тіркелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 36-ға жеткен. Ал өткен жылы мұндай қылмыстық істер саны күрт өсіп, 141-ге жеткен. Оның ішінде 26 азамат сотталған екен.

Депутат бұл көрсеткіш әлемдегі әскери қақтығыстың ушығуы азаматтарды тарту әрекетінің де еселеп артқанын аңғартатынын айтып, дабыл қағып отыр.

– Халықаралық тәжірибеге назар аударсақ, бірқатар мемлекет өз азаматтарының шетелдің ресми қарулы күштері құрамында ұрыс қимылына қатысуын автоматты түрде қылмыс ретінде қарастырмайды. Қатаң жауапкершілік, негізінен, террористік ұйымдар қатарына қосылғандарға, әскери қылмыс жасағандарға немесе өз мемлекетінің ұлттық мүддесіне қарсы әрекет еткендерге қолданылады, – дейді депутат.

Ол қарулы қақтығыс аймағына ешкімнің ажал іздеп, себепсіз бармайтынын да атап өтті.

– Бірі – әлеуметтік қиындықтың салдарынан, бірі – адасу немесе алдану арқылы, енді бірі – мәжбүрлеу жағдайында баруы мүмкін. Осындай тағдырға тап болғандардың дені табысты жұмыс табамыз деген үміттің жетегінде жүріп ұрынып қалғанын айтады. Құрыққа ілінгенін түсінген шақта, шегінерге жер жоқ, шарасыз жат елдің қанды майданының қатысушысына айналады. Артта аңырап, ата-ана, еңіреп отбасы мен жақындары қалады, – дейді Мәжіліс депутаты.

Депутаттық сауалда көтерілген негізгі мәселе – шетелдік қарулы қақтығыстардан оралған азаматтарға қатысты еліміздің қылмыстық саясатын қайта қарау. Шынында да, мұндай істің бәрі бірдей бір өлшеммен бағалануға тиіс пе деген сұрақ туындайды.

– Өз ісіне өкініп, елге оралуға ниет білдірген азаматтар үшін қазіргі заңнамадағы қатаң санкция елеулі тосқауыл болып отыр. Тәубесіне келіп, Отанға оралған азаматтың ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы оның толыққанды қайта әлеуметтенуіне кері әсер етуі мүмкін, – деген Ж.Амантайұлы заңды қайта қарауды ұсынып отыр.

Халық қалаулысы халықаралық тәжірибені және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, террористік ұйымдар құрамында болмаған және әскери қылмыс жасамаған азаматтарға қатысты қылмыстық саясатты ізгілендіру мәселесін қарастыру орынды деп санайды.

Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген мемлекет бұл мәселеде сараланған тәсілді қолданады. Террористік ұйымдар құрамына кіргендерден бөлек, алдану, мәжбүрлеу немесе әлеуметтік қиындық салдарынан қақтығыс аймағына тап болған азаматтарға қатысты құқықтық баға жекелей беріледі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Терроризмге қарсы басқармасы ұсынған Қылмыстық қудалау, оңалту және қоғамға қайта кіріктіру (Prosecution, Rehabilitation and Reintegration) қағидаты бойынша мемлекеттер мұндай жағдайларда жазалаумен қатар, оңалту және қайта әлеуметтендіру тетіктерін де қатар қарастыруы қажет екенін айтады. Халықаралық тәжірибе бұл мәселені тек қылмыстық жауапкершілік аясында ғана емес, ұзақ мерзімді қауіпсіздік пен қоғам тұрақтылығы тұрғысынан қарауды ұсынады.

Шетелдік сарапшылар да осы мәселеге ерекше назар аударады. Айталық, АҚШ-тың Бейбітшілік институты сарапшыларының пікірінше, оралған азаматтардың бәрін бірдей қоғамнан толық оқшаулау қауіпсіздік тұрғысынан әрдайым тиімді бола бермейді. Керісінше, оңалту мен бақылау тетіктері арқылы оларды қоғамға қайта бейімдеу қайталанатын қауіптің алдын алуға көмектеседі.

Сондай-ақ Еуропа елдерінің бірқатарында да «қайта әлеуметтендіру» тәсілі қолданылады. Мәселен, Лондон Корольдік колледжі жанындағы Радикалдануды зерттеу жөніндегі халықаралық орталық (International Centre for the Study of Radicalisation, ICSR) сарапшылары қақтығыс аймағынан оралған азаматтарды толықтай қылмыстық жазалау оларды қоғамнан оқшаулап, радикалдану қаупін арттыруы мүмкін деген пікірде. Сондықтан көптеген еуропалық мемлекет бақылау мен оңалтуды қатар қолдануға әлдеқашан көшкен.

Ал International Crisis Group сарапшылары «қатаң репрессиялық саясат кей жағдайда кері әсерін беріп, азаматтардың жасырын әрекет етуіне итермелейді» деген тұжырым жасапты.

Осы тұрғыдан алғанда, депутаттың шартты жаза, бас бостандығын шектеу, пробациялық бақылау секілді баламалы тетіктерді заңнамалық тұрғыдан бекіту жөніндегі ұсынысы халықаралық тәжірибемен үндесіп отыр.

– Бұл ретте, халықаралық тәжірибені және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, террористік ұйымдар құрамында болмаған және әскери қылмыс жасамаған азаматтарға қатысты қылмыстық саясатты ізгілендіру мәселесін қарастыру орынды деп санаймыз. Білместікпен бір сүрінген азаматтарымызды елден ерек қатаң жазаға тарту қаншалықты орынды, – деген сауал тастаған депутат бірқатар ұсынысын да жүйелеп жеткізді.

Ол алдымен әлем елдерінің құқықтық тәжірибесін жан-жақты зерделеп, Қылмыстық кодекстің 170-172-баптарын жетілдіру және саралау бөлігін нақтылау бойынша заңнамалық өзгерістер пакетін әзірлеп, Парламент қарауына енгізуді ұсынды. Сосын террористік ұйымдар құрамында болмаған, әскери қылмыс жасамаған және өз еркімен елімізге оралған азаматтарға қатысты құқықтық бағалаудың сараланған тетігін енгізуді қарастыру қажеттігін атады.

Содан кейін, шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысып, елге оралған азаматтарды құқықтық, психологиялық және әлеуметтік оңалтуға бағытталған кешенді мемлекеттік бағдарлама әзірлеу қажеттігін айтты.

Депутат сауалына қатысты Ішкі істер министрлігі ресми жауап берді. Онда министр мұндай істерді тергеу құзыреті Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиесілі екенін айта келе, жаңа редакциядағы кодекстер әзірленіп жатқанын жеткізген.

– Қазіргі таңда Әділет министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша (2025 жылғы 15 ақпандағы №25-806) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстердің жаңа редакцияларын әзірлеп жатыр. Аталған жұмыс шеңберінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, көрсетілген адамдарды әлеуметтік оңалту бойынша кешенді мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу мәселесі қарастырылуы мүмкін, – дейді Ішкі істер министрі Е.Саденов.

Бұдан бөлек, министрлік өз бетінше заң ұсына алмайтынын хабарлап отыр.

– Үкіметтің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №907 қаулысымен бекітілген Үкіметтің заң шығару жұмысы қағидаларының 4 және 9-тармақтарына сәйкес, орталық мемлекеттік органдардың мұндай сипаттағы заңнамалық бастамалары реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеуді және Үкіметтің келісілген ұстанымын қалыптастыруды талап етеді, – делінген министрлік жауабында.

Дегенмен Ержан Саденов Ішкі істер министрлігі уәкілетті органдар әзірлеген тиісті түзетулерді Үкіметтің немесе Парламент депутаттарының заңнамалық бастамасы тәртібінде қарауға қатысуға дайын екенін мәлімдепті.

Тоқ етерін айтсақ, министрлік ұстанымында бұл түйткілді мәселе төңіретінде әзірге нақты шешім жоқ. Ал шетел тәжірибесінде жоғарыда мұндай бағдарламалар психологиялық оңалтуды, жұмысқа орналастыруды, отбасы институтымен жұмысты, діни және құқықтық кеңес беруді қамтиды. Біздің ел үшін де дәл осындай көпсалалы модельдің маңызы артып келеді.

Қалай десек те, мәселенің түп-төркіні бір ғана құқықтық тетікте емес, қоғамның қауіпсіздігі мен оның ар жағындағы адам тағдырының тоғысқан тұсында жатыр. Сондықтан бүгінгі таңда көтеріліп отырған заңнаманы ізгілендіру мәселесі – жай ғана құқықтық бастама емес, ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа қатысты, әрі стратегиялық ауқымда ойланатын мәселе.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Сәуір 2026 14:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары