Желіде дәрігерлердің Алматы облысында жаңа туған нәрестені құлатып алғаны айтылды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Өмірден өткен сәбидің туыстары қайғылы жағдайға дәрігерлердің салғырттығы себеп болды деп есептейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Threads желісінде жазба жариялаған Бибінұр есімді қолданушының айтуынша, нәресте босану кезінде жарақат алған болуы мүмкін.
«Босанатын әйелді зембілмен емес, мүгедектер арбасымен алып бара жатқан. Сол сәтте нәресте құлап кеткен. Кейін дәрігерлер ешқандай көмек көрсетпей, баланың жағдайы жақсы екенін айтып, анасының қасына берген», – деп жазды ол.
Туыстарының сөзінше, келесі күні нәрестенің жағдайы күрт нашарлаған. Сәби емуден қалып, тыныс алуы қиындаған соң басқа медициналық мекемеге ауыстырылған.
«Ол жақта балаға шұғыл ота жасалды. Бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Кейін мамандар нәрестенің жарақатпен түскенін айтқан», – дейді марқұмның туыстары.
Сондай-ақ олар перзентхана әкімшілігі болған оқиға үшін жауапкершілікті мойындаудың орнына кінәні босанған әйелге аударуға тырысып жатқанын алға тартты.
Туыстары аталған жағдайға байланысты барлық құзырлы органдарға жүгінетіндерін мәлімдеді.
Бибінұрдың айтуынша, кейін дәрігерлер келіп, отбасы мүшелерінен кешірім сұрап, өз кінәсін мойындаған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:33
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 09:36 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















