Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр

Премьер министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды

Алматыда көше ұзарту жұмыстарына байланысты кей аудандарда газ беру тоқтатылады

Перизат Қайраттың Mercedes і полицияға берілді жаңа мәліметтер

Педагогтерді аттестаттау жүйесіне өзгеріс енгізіледі

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

Қар жауып, аяз жүреді ауа райы болжамы

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

Шымкентте 28 тінту жүргізіліп, ондаған паспорт тәркіленді: қылмыстық схема әшкереленді

Өскеменде үш күн қатарынан сол жағалаудағы мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды

Қазақстанда ядролық медицинаны дамытуға ондаған миллиард теңге бөлінеді

Биыл азық түлік өндіру көлемі 12 пайызға жуықтады АШМ

44 елден 10 000 нан астам қатысушы: Almaty Half Marathon 19 сәуірде өтеді

Қазақстанда кім ғарышкер бола алады: ең төменгі талаптар қандай

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

Қазақстанның үш ірі қаласында жел күшейіп, жаңбыр мен үсік күтіледі

Жылқыны асылдандыру маңызды мәселе

Жылқыны асылдандыру маңызды мәселе

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында: «Біз «Тегіміз – түркі, түлігіміз – жылқы» деп, арғымақты айрықша қадірлеген елміз. Тұтас тарихымыз тұлпардың тұяғымен жазылған» деген еді. Бұл – халқымыздың жылқыға деген құрметінің, сондай-ақ аталған саланың мемлекет үшін стратегиялық маңызының айқын көрінісі.

Мемлекет басшысы жылқы тұқым­дарының санын арттыру мен асыл­дандыру жұмыстарына ерек­ше мән беріп, осы бағыттағы ғылыми зерттеу және өндірістік іс-шараларды күшейту жөнінде нақты міндеттер қойды. Бұл тапсырмаларға сәйкес елімізде жылқы тұқымдарын жетілдіру бағытындағы ғылыми жұмыстар күшейтіліп, жылқы шаруашылығына арналған зерттеу институттары қозғала бас­таған. Бұл – ғылым мен өндіріс интеграциясының жаңа кезеңі. Осы ретте Абай өңірі – жылқы өсірудің және оның ғылыми зерттеудің бірден бір ортасы деп ауыз толтырып айтуға әбден болады. Мұнда елімізде алғаш болып жылқы шаруашылығы саласында ғылым докторы дәрежесін қорғаған көрнекті ғалым Байдолла Садықовтың есімі ерекше аталады.

Елімізде жылқы саны бойынша Абай өңірі – үшінші орында. Былтырғы есепке сәйкес, 358 мың бас жылқы саналған. Ал екінші орында – Қарағанды облысы (352 мың бас) болса, Түркістан облысы (425 мың бас) көш бастап тұр.

Шәкәрім университетінің ғалы­мы, ауыл шаруашылығы ғылымда­рының кандидаты, кафедра меңге­рушісі Балнұр Ахметованың зерт­теуінше, бұл көрсеткіш өңір­дің жыл­қы шаруашылығы саласын­дағы әлеуетінің жоғары екенін айғақтайды.

– Кейінгі жылдары елімізде отандық селекция жетістіктері ке­ңейіп келеді. Елімізде шығарылған жылқы тұқымдары қатарында Қос­танай, Көшім, Мұғалжар, Адай тұқымдары, қазақтың жабы типі, сондай-ақ кейінгі кезде бекітілген Селеті, Бестау, Бесқарағай, Ертіс типтері бар. Бұл – елдің селекциялық бағыттағы табыстары мен ғылыми әлеуетінің жоғары екенін көрсететін айқын мысал, – дейді ғалым.

Шәкәрім университеті ғалымда­рының жүргізген зерттеуіне сүйен­сек, Абай облысындағы жыл­қы түлігінің саны 357 586 болған. Мәселен, Семей қаласына қарасты жерлерде – 2 255, Курчатовта – 423, Абай ауданында – 46 775, Ақсуат ауданында – 27 070, Аягөз ауданында – 79 200, Бесқарағай ауданында – 24 567, Бородулиха ауда­нында – 6 441, Жаңасемей ауданында – 66 320, Жарма ауданында – 49 671, Көкпекті ауданында – 17 398, Мақаншы ауданында – 21 683, Үржар ауданында – 15 783 бас жылқы бар екен.

Бұл көрсеткішке қарағанда, Аягөз, Жаңасемей, Жарма, Абай аудан­дарында жылқы саны басым екені байқалады. Өңірде өсіріле­тін негізгі тұқым – қазақы жылқы тұқымының жабы типі мен мұғалжар тұқымы. Абай облысының бұл салада жаңалығы да жоқ емес. Ғалымдар мен селекционерлердің ұзақ жылдар бойы жүргізген зерт­теулерінің нәтижесінде, 2022 жылғы 30 жел­тоқсанда Бесқарағай қазақы жылқы типі ресми түрде танылды. Бұл саланы зерттеп жүрген белгілі ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Қайрат Исханның айтуынша, 2022 жылы қазақ жылқы тұқымының Бесқарағай зауыттық типі мен аталық іздерінің және 2024 жылы бекітілген мұғалжар жылқы тұқы­мының Ертіс зауыттық типі мен аталық іздеріне зоотехникалық сипаттама берілген.

– Абай облысы Бесқарағай ауда­нындағы «Ерназар» ауыл шаруа­шылығы өндірістік 8 коопера­тивіндегі қазақы жылқы тұқымы­ның Бесқарағай зауыттық типі жылқылары болса, «Азамат-2» ауыл шаруашылығы өндірістік коо­пера­тивіндегі мұғалжар жылқы тұқымының Ертіс зауыттық типі жылқылары болды. Бұл өнірде алғаш рет дәстүрлі күтіп-бағу тәжі­­рибесін сақтай отырып, жыл бойы үздіксіз жайылымда жылқы бағу арқылы өнімділігі жоғары, қазақ жылқысының тұқымішілік Бесқарағай зауыттық типі мен мұғалжар жылқы тұқымының Ертіс зауыттық типінің шығару мүкін­дігінде жатыр, дейді жылқытанушы ғалым Қайрат Исхан.

Оның сөзінше, жылқылардың бұл типтері жоғары салмағымен әрі ет өнімділігімен ерекшеленеді, оған одан әрі шағылыстыру келешегімен қажетті «Бесқарағай» және «Ертіс» генотипін қалыптастыру арқылы қол жеткізілді. Қазақ жыл­қыларынан құралған Бесқа­рағай, мұғалжар жылқы тұқымынан құралған Ертіс асыл тұқымды типі өнімді жыл­қы­лардың басқа топтарынан салма­ғының жоғарылығымен, еттілігімен, биелері сүттілігімен ерек­шеленеді. Қазақ жылқысының тұқымішілік типтерін құру мақса­тында Абай облысы, Бесқарағай ауда­нына қарасты «Мукинов» шаруа қожалығында (қазіргі «Ерназар» ауыл шаруашылығы кооперативі) қазақ жылқысының Бесқарағай зауыттық типі мен аталық іздерін құру жұмыстары 1980–1985 жылдар аралығында жүргізілді.

– Абай облысының «Ерназар» АШӨК жағдайында қазақ жылқы­ларымен көпжылдық селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс нәтижесінде таза тұқымды өсіру жолымен, сондай-ақ мақсатты іріктеу және жұп таңдау кезінде қаба етті типінің жылқылары кезек будандастыру мен «қан араластыру» әдісімен айғырлардың тірі салмағы 543,6 кг болатын қазақ жылқыларының жаңа Бесқарағай зауыттық типі құрылды, биелер-503,2 кг, олар еліміздің солтүстік-шығыс аймағының қатал жағдайларына жақсы бейімделген, – дейді ғалым.

Қ.Исханның зерттеуінше, селекциялау, яғни асыл тұқымдандыру жұмысының нәтижесінде, 1995 жылға қарай жабы типті қазақ жыл­қыларының таза тұқымды биелерінің өлшемдері анағұрлым өскен (142-148-177-18,0 см) әрі тірі салмағы 415 кг болған. 1992 жылы бұрынғы «Семиярский» совхозының базасында «Азамат» шаруа қожалығы құрылып, оған жабы типті қазақ жылқыларының 105 бас биесі мен 12 бас айғыр әкелінеді. Мұғалжар тұқымының Ертіс за­уыттық типі жылқыларының кеуде тұсы кең, бітімі тығыз, жі­ліншік орамы сүйекті, экстерьері келісті, түр-түсі – құла, құла-сұр, құрым сары.

Абай облысының жылқы ша­руа­­шылығындағы кейінгі жылдары қол жеткізген табыстары – отандық асылдандыру ғылы­мының әлеуетін айқындап, өңір­дің аграрлық сала­сының дамуына жаңа серпін берген айқын көрсеткіш. Нәтижесінде, Шәкәрім университетінің ауыл шаруашылығы ғалымдарының қатысуымен қазақ жылқы тұқы­мының Шойынқара және Байторы зауыттық желілері, Бесқарағай зауыттық типі апробациядан өтіп, 2022 жылы желтоқсанда селекциялық жетістікке жетіп, отандық патентіне ие болды.

– Мұғалжар тұқымының Ертіс типін шығару жобасы мен «Саржал» қымыз бренді өңірдің биологиялық, генетикалық және ұлттық брендинг бағыттарында өркендеуіне ықпал етіп отыр. Алдағы міндеттер: селекциялық бағдарламаларды жүйелеу, генетикалық жетілдіру жұмыс­тарын күшейту, заманауи асылдандыру технологияларын енгізу, азық базасын нығайту, шаруашылықтарға арналған құ­жаттық қолдау кеңсесін құру, об­лыстың мал шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған стратегиялық қадамдар. Абай облысы жылқы шаруашылығы саласында тұрақты дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Өңірдің селекциялық жетістіктері, жаңа генотиптер мен зауыттық тип­тердің шығуы, өндірістік көр­сеткіштердің артуы – барлығы ғылыми әлеует пен шаруашылық тәжірибенің үйлесімді дамуының нәтижесі. Жоғарыда аталған жос­парлардың жүзеге асуы Абай облысын республикадағы жылқы шаруашылығының иннова­циялық және ғылыми орталық­тарының біріне айналдырып, ұлттық тұ­қымдарды сақтап, дамытуға зор үлес қоспақ. Бұл – қазақ жылқы­сының болашағына қосылған үлкен үлес әрі ел агроөнеркәсібінің стра­тегиялық маңызды бағыты, – дейді Балнұр Серікқызы.

Былтыр тамызда Абай облы­сының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданында асыл тұқымды жылқы шаруашылығын дамытып жүрген кәсіпкер, ғалымдармен кездесіп, жер­гілікті селекциялық жобаға қолдау білдірген еді. Кездесуге «Мукинов» шаруа қожалығының басшысы Хабидолла Мукинов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының өкілдері Қайрат Исхан мен Әмин Әкімбеков қатысты. Онда өңірдегі жылқы шаруашылығын ғылыми негізде дамытудың маңызы, 2022 жылдан бері «Мукинов» қожалығы базасында Шәкәрім университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің мамандары «Бесқарағай» жылқы типін жетіл­діру бойынша бірлескен селек­циялық жұмыстар жүргізіп жат­қаны туралы айтылған.

«Қожалықта тұқымды толық қалыптастыру үшін қосымша екі аталық із – «ҚанКүрең» және «То­былғы жирен» бағыттары әзірленіп жатыр. Жоба аяқталған соң «Бес­қарағай» жылқысы дербес тұқым ретінде мемлекеттік тізілімге енгізілуі көзделген», делінген еді. Өңір басшысы бұл бастаманы облыстың ғана емес, елдің жылқы шаруашылығы үшін маңызды қадам деп бағалап, жобаға әрі қарай да жүйелі қолдау көрсетілетінін айтқан еді. Расында жаңа генотиптер мен зауыттық типтердің шығуы, өндірістік көрсет­кіштердің артуы – ғылым мен өндірістің үйлесімді дамуының нәтижесі. Абай облысы бүгінде жылқы шаруашылығында жаңа кезеңнің бастамашысы болып отыр.

Абай облысы

Соңғы жаңалықтар

«Соңғы көштің» шынайы кейіпкері

Тағзым • Бүгін, 08:48

Қазақ кітаптары – Үндістанда

Руханият • Бүгін, 08:45

Оралхан арманы орындалып келеді

Руханият • Бүгін, 08:43

Жеке мектеп мемлекет меншігіне берілді

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Желіде жарысқан мұғалімдер

Білім • Бүгін, 08:37

Жәрдемақы мөлшері артты

Қоғам • Бүгін, 08:35

Сан бар, сапа қандай?

Білім • Бүгін, 08:33

Қарттарға жан-жақты қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 08:30

Білім ошағы ашылды

Білім • Бүгін, 08:28

Еңбек нарығының ерекше буыны: Өзін-өзі жұмыспен қамту заман талабы ма, әлде амалсыздық па?

Қоғам • Бүгін, 08:25

Дана БӨКЕНОВА: «Bloomberg»-тегі жұмысым кәсіби деңгейімді көтерді

Сұхбат • Бүгін, 08:23

Ұлттық құрылтай – қоғам трансформациясының арқауы

Құрылтай • Бүгін, 08:20

Өркендеудің қозғаушы күші

Жастар • Бүгін, 08:17

Ашық ой, айқын ұстаным

Пікір • Бүгін, 08:15

Музыка тарихындағы іргелі бастама

Өнер • Бүгін, 08:13

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:52
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 09:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президент Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

14 Сәуір 2026 16:33see122

Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр

13 Сәуір 2026 18:12see118

Премьер министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды

13 Сәуір 2026 13:06see117

Алматыда көше ұзарту жұмыстарына байланысты кей аудандарда газ беру тоқтатылады

13 Сәуір 2026 12:36see117

Перизат Қайраттың Mercedes і полицияға берілді жаңа мәліметтер

13 Сәуір 2026 15:08see114

Педагогтерді аттестаттау жүйесіне өзгеріс енгізіледі

13 Сәуір 2026 20:50see114

МӘМС 2.0: Қазақстандағы атышулы жанжалдардан кейін жаңа бақылау іске қосылуда

14 Сәуір 2026 12:34see113

Қар жауып, аяз жүреді ауа райы болжамы

13 Сәуір 2026 13:51see113

Су қорын бақылайтын заманауи жүйе

14 Сәуір 2026 08:36see113

Шымкентте 28 тінту жүргізіліп, ондаған паспорт тәркіленді: қылмыстық схема әшкереленді

13 Сәуір 2026 09:25see112

Өскеменде үш күн қатарынан сол жағалаудағы мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды

13 Сәуір 2026 14:34see112

Қазақстанда ядролық медицинаны дамытуға ондаған миллиард теңге бөлінеді

13 Сәуір 2026 16:40see112

Биыл азық түлік өндіру көлемі 12 пайызға жуықтады АШМ

13 Сәуір 2026 20:39see112

44 елден 10 000 нан астам қатысушы: Almaty Half Marathon 19 сәуірде өтеді

13 Сәуір 2026 14:46see112

Қазақстанда кім ғарышкер бола алады: ең төменгі талаптар қандай

13 Сәуір 2026 20:50see111

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

14 Сәуір 2026 16:52see109

Елде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған республикалық науқаны басталды

14 Сәуір 2026 15:55see109

Елімізде бизнес көлемі өсіп жатыр министрлік дерегі

14 Сәуір 2026 14:31see108

Жамбыл облысында ірі көлемде гашиш тасымалдаған ер адам ұсталды

14 Сәуір 2026 17:22see108

Қазақстанның үш ірі қаласында жел күшейіп, жаңбыр мен үсік күтіледі

13 Сәуір 2026 16:02see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары