Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай Ата толғауы салтанатты концерт өтті

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай Ата толғауы салтанатты концерт өтті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақ халық поэзиясының көрнекті өкілі, жыршы, жырау Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында  «Ата толғауы» салтанатты концерт өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыр алыбы – Жамбылдың ұлы мұрасын насихаттауға арналған ізгі  шараның шымылдығы Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрдің сүйемелдеуіндегі «Ата толғауы» күйімен ашылды. 

Халық поэзиясының бұтағын жайған алып бәйтерегіне айналған тұлғаның рухына деген құрметпен сахна төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқыды.

«Қадірлі қауым! Сіздерді қазақ халқының заңғар тұлғасы, әдебиетіміздің алыбы – Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуымен құттықтаймын! Жамбыл Жабаев – ұлт руханиятында ерекше орны бар тарихи қайраткер, төл мәдениетіміздің аса көрнекті өкілі. Әйгілі жыршы шоқтығы биік шығармалары арқылы отаншылдық пен ынтымақ, ерлік пен елдік, адалдық пен әділдік секілді мызғымас құндылықтарды кеңінен дәріптеді. Халқымыздың біртуар перзенті айтыс өнерінің өрісін кеңейтуге, эпикалық дәстүрді жаңғыртуға, қазақ-қырғыз әдеби байланысын нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Өз дәуірінің тыныс-тіршілігін асқан шеберлікпен суреттеп, жұрттың ыстық ықыласына бөленді.

«ХХ ғасырдың Гомері» атанған ұлы ақынның туындылары көптеген шет тіліне аударылып, барша адамзатқа ортақ қазынаға айналды. Қос ғасырдың куәсі болған жыр алыбының мол мұрасы әлі талай ұрпаққа рухани азық болары сөзсіз. Биыл мерейтойға орай Жамбыл Жабаевтың тарихи бейнесін айшықтай түсетін құнды пікірлер мен тағылымды ой-тұжырымдар айтылады деп сенемін. Осы өте маңызды іс-шараларыңыз сәтті өтсін, баршаңыздың ниеттеріңіз қабыл болсын! Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!» делінген құттықтауда.

Салтанатты шара барысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің, Алматы облысы әкімінің,  Алматы қаласы әкімінің құттықтауы оқылды.

Ақын мерейтойына арналған дүбірлі кешті Жамбыл ауданынан арнайы келген өнерпаздар бастап, сахналық қойылым салтанатты кештің әрін аша түсті. «Жамбыл ата елі» әнін Жамбыл ауданы мәдениет үйінің солистері орындап, ақынның «Жаз» атты ғажайып туындысын халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Жанқожа Аяпов шырқады. «Отырар сазы» оркестрінің сүйемелдеуімен Мыңжасар Маңғытаевтың «Жамбыл жайлауы» туындысы кештің көркін қыздыра түсті.  

Ән мен жыр шырқалған кеште ақын шығармашылығына арналған естеліктер де айтылды. Бүгінде жырлары әлемнің көптеген тіліне аударылып, халқын әлемге танытқан Жамбыл мұрасын насихаттау хақында пікір білдіріп, құттықтауын арнаған Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов «1936 жылы қазақ руханиятына Жамбыл ақын келді. Ол кезеңде дәл Жамбылдай беделі көтерілгенақын болған жоқ. Жамбыл жырларының арқасында қазақ елін әлем таныды. Ақынның бір ғана «Ленинградтық өрендерім» атты жыры майдан даласында қаншама жүректерге жылу беріп, демеу болды. Қазақ сөзінің құдіретін түсіндірген Жамбылдай дара тұлғаның мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің мәні тереңде жатыр. Кезінде Жамбыл өлкесіне жолы түскендер Жамбыл бабамызға сәлем беріп, батасын алмай кетпеген. Ендеше ақын өлкесіндегі музейді, бау-бақты қал-қадірімізше түгендеп, дамыта беру әрқайсымызға парыз», деп атап өтті.

Салтанатты кеште «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениеті мен өнерін дамыту халықаралық ұйымының бас хатшысы, Қырғызстанның халық жазушысы Сұлтан Раев құттықтауын арнады.

«Әр дәуірдің сөзін сөйлейтін, күйін күйлеп,жырын жырлайтын жыраулары болады. Олар заманның тамыршысындай ұлтына ұлағайыр пайдасын тигізеді. Ондай тұлғаларға деген құрметтің жемісін сол замандағы халық жақсыбіледі. Бүгінгі күні 180 жылдығы тойланып жатқанЖамбыл Жабаев ғасыр жасап, халқының жырауы,батагөй абызы, аңызына айналды. Дауыл-құйындай жырларымен адамзатты жырына арқау етті. Халқына өнерді, еңбекті насихаттады. Көне заман мен жаңа дәуірді таразылап, халық қамын ойлап, мұңын мұңдады. Жүз жылдық ғұмырында абыройлы еңбегін елінің игілігіне арнады. Ондай тұлғаның өмірге сирек келетіні анық. Халқы үшін күйінді, халқы үшін сүйінді. Болашақ өрендерге үнемі өсиет айтып, жырына қосып, батасын беріп, келер күн жақсылығының жыршысы болды. «ТҮРКСОЙ» ұйымы түркі халықтарынан шыққан мирас тұлғалар мерейтойына тұрақты атсалысып келеді. Барша түркі халықтарының рухани құндылықтары – ортақ мәдени мұрамыз» деп атап өткен Сұлтан Раев өз сөзін Сәкен Сейфулилиннің «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып, халқының қолына беру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз», деген сөзімен аяқтады.

Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы директоры Нұрғиса Дәуешов«Ақынның туғанына 180 жыл толуын еліміз деңгейінде атап өту – бұл ұлы абыз жырауға деген үлкен құрметтің нышаны. Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайда ұлыларға тағзым етіп, өткенге құрмет көрсетудің мән-маңызын атап өткен болатын.  Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы Алматы облысымен бірлесіп ұйымдастырған салтанатты шараның мақсаты – бабамыз қалдырған мұраны кейінгі ұрпаққа насихаттау. Еліміздің өнері мен мәдениетіне жаңа тыныс беру. Жамбыл ақын мұрасы қазақтың мирас өнерімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын таба береді» деп атап өтті.

Соңғы жылдары жас ғалымдар тарапынан ақын мұрасын зерттеуге деген қызығушылық артып келеді. Жамбыл музейінің жетекшісі, ақынның немересі Салтанат Жамбылова мұрасын жинақтау, зерттеу ісінің жанданып, тың жәдігерлермен толығып отырғанын атап өтті. Қазіргі кезде музейдегі жәдігерлер саны 3 мыңнан асқан. Музейге жеткен жәдігерлер арасында 1954 жылы Қытайда төте жазумен басылған шығармалар жинағы ерекше назар аудартады. Осындай құнды еңбектерді сақтап, насихаттау ісі үздіксіз жалғаса беретін болады.  

Салтанатты шара барысында еліміздің мәдениетіне үлес қосқан өнер майталмандары Президенттің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. Өнер майталмандары Жамбыл шығармаларынан ән мен күй орындап, көрермен қошеметіне бөленді.  

Президент Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты жиын қатысушыларына құттықтау жолдады

Соңғы жаңалықтар

Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Ата толғауы» салтанатты концерт өтті

Өнер • Бүгін, 00:20

Құныққан өсімқордың ақыры

Қоғам • Бүгін, 00:10

Өскемен әуежайының бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды

Аймақтар • Кеше

Air Astana Медина мен Жиддаға репатриациялық рейстер орындауды жоспарлап отыр

Оқиға • Кеше

Катардың Қорғаныс министрлігі Иранның екі ұшағын жойды

Әлем • Кеше

Мәдениет және ақпарат министрлігінде жаңа Конституция жобасын түсіндіру жөнінде кездесу өтті

Ата заң • Кеше

Еліміздегі су тасқыны қаупі жоғары өңірлер белгілі болды

Қазақстан • Кеше

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Дубайдағы екі әуежайдың жұмысы қайта жанданады

Әлем • Кеше

Президент Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты кешке арнайы құттықтау хат жолдады

Президент • Кеше

Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасы меншік құқығын қорғауға бағытталған

Ата заң • Кеше

Президент Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты жиын қатысушыларына құттықтау жолдады

Президент • Кеше

Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты

Қоғам • Кеше

Шығыс Қазақстанның туристік қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Кеше

Астанада «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

Білім • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Наурыз 2026 02:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see128

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see112

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see111

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see110

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see108

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see105

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see105

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see105

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары