Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
KZ
Menu

Глава государства провёл встречу с премьер министром Индии Нарендрой Моди и пригласил его в Казахстан

33 административных протокола оформили на участников свадебного кортежа в Кызылординской области

Строящееся здание загорелось в центре Астаны

Мужчину из ЗКО арестовали за дебош в торговом центре Косшы

Важное значение: эксперт подвел итоги участия Токаева в саммите БРИКС плюс

Профлист упал на ребёнка в Астане. Представителя застройщика наказали

Токаев провел ряд встреч с мировыми лидерами на саммите БРИКС

Кок Жайлау: новые возможности для горного туризма

Куланы освоят новые территории в Прибалхашье

Президент Казахстана предложил создать Партнерство БРИКС плюс в сфере ИИ

По примеру Рыбакиной: немец Зверев выиграл второй турнир Большого шлема в 2026 году

В Брюсселе прошла фотовыставка Тазы, обгоняющая ветер

Гимнастка Акмарал Ерекешева завоевала пять медалей на Гран при в Чехии

Почти 26 миллионов проездов за лето: названы самые загруженные платные автодороги Казахстана

Какие автомобили чаще всего покупали казахстанцы в августе

Паром с более 200 пассажирами потерпел крушение у берегов Индонезии

Женщину оштрафовали за найденный в её сумке патрон в аэропорту Шымкента

Поступление в медвуз обернулось мошенничеством в ВКО

Борцы завоевали восемь медалей на турнире в Армении

От отчаяния к силе

Кардиолог: Артық салмақтан арылу адам өмірін 1,5 2 жылға ұзартады

Кардиолог: Артық салмақтан арылу адам өмірін 1,5 2 жылға ұзартады

Как передает Qazaq24.com со ссылкой на сайт Informburo.KZ.

Артық салмақ пен семіздік жай ғана эстетикалық кемшілік емес, жаһандық деңгейдегі "үнсіз індетке" айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, соңғы отыз жылда бұл мәселемен бетпе-бет келген жандардың саны үш есеге артқан. Қазақстан да бұл үрдістен тыс қалып отырған жоқ. Кардиолог және психолог мамандардың айтуынша, артық салмақ – жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және метаболикалық бұзылыстардың бастауы ғана емес, ол ұлт саулығына төнген үлкен қатер. Осы орайда мамандар артық салмақ жинаудың себебі мен оның қандай салдарға алып келетінін түсіндірді. 

Кардиолог, Алматы қаласының штаттан тыс бас терапеві Дина Қапсұлтанованың айтуынша, семіздік мәселесі бүгінде ұлт саулығы мен азаматтардың амандығы үшін стратегиялық маңызға ие болып отыр.

"Бұл мәселе – бүгінде ұлт саулығы мен әрбір азаматтың амандығы үшін аса маңызды. Неге десеңіз, қазір семіздікті жай ғана артық салмақ емес, ең алдымен жүрек-қан тамырлары ауруларын қоздыратын басты қауіп деп білеміз. Жалпы, қан айналымы жүйесінің аурулары бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда да өлім-жітім көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Сондықтан бұрын семіздікке "бірден-бір себеп болуы мүмкін-ау" деп күмәнмен қарасақ, бүгінде бұл – аурудың даму жолындағы негізгі буын екенін нық сеніммен айта аламыз. Артық салмақтан басталған тізбек уақыт өте келе инфаркт, инсульт және ірі қан тамырларының зақымдануы сияқты ауыр салдарға соқтырады. Осыдан 10–20 жыл бұрын темекі, ішімдік және аз қозғалыс басты қауіп саналатын. Олар әлі де өзекті, бірақ қазір семіздіктің белең алғаны сондай – әлемде әрбір бесінші адам осы дертке шалдыққан. Семіздік қазір бұрыннан белгілі қауіп факторларымен бір қатарға шықты. Мәселен, 2013 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы семіздікті азайтуды мақсат етіп, арнайы бағдарлама қабылдағанымен, нәтиже керісінше болып тұр. ДДСҰ-ның 2025 жылға дейінгі жоспары орындалмады", – деді Дина Қапсұлтанова.

Кардиолог қазіргі медицинаның жетістіктеріне қарамастан, қоғамда "даму парадоксы" қалыптасқанын айтады. Оның пайымдауынша, заманауи емдеу әдістері қолжетімді болса да, семіздік пен қант диабетінің белең алуы халықтың, соның ішінде еңбекке жарамды жас буынның өмір сүру ұзақтығын едәуір қысқартып отыр.

Оқи отырыңыз: Дьюк университетінің ғалымдары қимылдың аздығы семіздікке әкеледі деген пікірді жоққа шығарды

"Бүгінгі жағдайымызды "даму парадоксы" десек болады. Емдеудің заманауи әдістері, озық дәрі-дәрмектер мен жоғары технологиялық зерттеулер қолжетімді болғанымен, семіздік пен қант диабеті сияқты дерттер азаюдың орнына, халық арасында күрт өсіп барады.

Жүрекке салмақ салатын бес негізгі себеп:

жоғары қан қысымы; темекі шегу; қант диабеті; артық салмақ; зиянды холестерин.

Осы факторлар адам өмірін нақты қысқартады. Қазір артық салмағы бар жандар көбейгендіктен, ұлтымыздың сапалы әрі дені сау өмір сүру ұзақтығы әйелдерде 13 жылға, ерлерде 10 жылға дейін қысқарып жатыр. Бұл тек медицинаға ғана емес, ел экономикасына да үлкен салмақ, өйткені біз еңбекке жарамды жас буыннан айырылып жатырмыз. Расында да, инфаркт пен инсульт "жасарып" кетті", – деді Дина Қапсұлтанова. 

Терапевтің айтуынша, балалардың жағдайы да көңіл көншітпейді. Бұрын бір топ баланың ішінде жалғыз толық бала жүрсе, қазір мектептен шыққан әрбір үшінші баланың салмағы артық. Қазір арық балаларды кездестіру қиындап барады.

"Мәселенің мәнісі мынада: тек "артық салмақ" факторынан арылудың өзі әйелдер өмірін – 2 жылға, ерлердікін – 1,5 жылға ұзартады. Ал бес фактордың бәрімен күрессек, нәтиже тіпті керемет болар еді. Әсіресе ішкі құрылыс мүшелерін қоршап тұратын висцеральді май өте қауіпті. Бел айналымының әрбір артық 5 сантиметрі өлім қаупін 7–9 пайызға арттырады. Салмағыңыз қалыпты болса да, беліңіз жуан болса, жүрек ауруынан қайтыс болу қаупі 20 пайызға жоғары. Ал май қабаты 5 миллиметрден асса, бұл қауіп тағы 41 пайызға өседі. Май – жай ғана ұлпа емес, ол қабыну тудыратын және тамырларды зақымдайтын гормондар бөлетін тұтас бір эндокриндік мүше. Ол қанды қоюлатып, тромб түзеді, тіпті онкологиялық ауруларға себеп болады. Жұрттың бәрі рактан қорқады, бірақ көбіне инфаркт пен инсульттен көз жұмады", – деді дәрігер. 

Оқи отырыңыз: Қазақстанда әрбір 10-12 минут сайын бір адам инсульт алады – дәрігерлер

Маман халықаралық кардиологтар қауымдастығы бекіткен "8 алтын ережені" сақтаудың маңыздылығына тоқталып, 2022 жылдан бастап бұл тізімге сапалы ұйқы мәселесі де енгенін ескертеді. Оның пайымдауынша, салмақ тек тамақтануға ғана емес, күнделікті әдеттердің жиынтығына тікелей байланысты.

"Америкадағы 20 жылдық зерттеу мынаны көрсетті: заманауи медициналық емнің үлесі – 47% болса, өмір салтын өзгертудің үлесі – 44%. Яғни денсаулықтың жартысы пациенттің өз қолында. Холестеринді бақылау, қан қысымын реттеу, спорт пен темекіден бас тарту арқылы жағдайды түзеуге болады. Халықаралық кардиологтар қауымдастығы ұсынған 8 алтын ережеге тамақтану мен спорттан бөлек, 2022 жылы "дұрыс ұйқы" да маңызды тармақ ретінде қосылды. Салмақ тек тамаққа байланысты деген жаңсақ пікірден арылу керек. Барлық ереже салмаққа, қан қысымы мен қант деңгейіне тікелей әсер етеді. Сондықтан біз бүгін жұмыла көтеріліп, салауатты өмір салтын насихаттауымыз қажет. Бұл – барлық сала мамандарының бірлескен жұмысы болуы тиіс. Егер бұл жалпыұлттық деңгейде жүргізіліп, әр аулада мемлекет қаржыландыратын тегін спорт клубтары ашылса, нақты нәтиже болады", – деді Дина Қапсұлтанова.

Фото ЖИ көмегімен жасалды

Психолог Жібек Әбужанованың айтуынша, артық салмақ пен шектен тыс тамақтану – жай ғана физиологиялық процесс емес, бұл жан дүниенің тілі. Адам ағзасы биологиялық аштық пен эмоционалдық қажеттілікті жиі шатастыратындықтан, тамақ ішу процесі ішкі жайсыздықты басудың құралына айналады.

"Зигмунд Фрейд негізін салған психожыныстық даму теориясы бойынша, нәресте әлемді аузы арқылы танып, ана сүтімен бірге жылулықты, қауіпсіздікті және махаббатты қабылдайды. Егер осы кезеңде бала эмоционалдық жетіспеушілікті сезінсе немесе анасының суықтығы мен мазасыздығына тап болса, ересек жаста ол кез келген күйзелісті "ауыз арқылы қанағаттану", яғни тамақ, шылым немесе сөзшеңдік арқылы басуға бейім келеді. Осылайша, тамақ символдық тұрғыдан "ананың махаббатын" алмастырушы негізгі құрал рөлін атқарады. Сонымен қатар, британдық психоаналитик Уилфред Бионның теориясына сүйенсек, "эмоционалдық контейнерлеудің" болмауы да семіздікке тікелей әсер етеді. Егер адам өз бойындағы ашу, мұң немесе қорқыныш сияқты сезімдерді тани алмаса және оларды өңдей алмаса, ол сезімдер іштей "түсініксіз мазасыздыққа" айналады. Ғылыми тілде "алекситимия" деп аталатын бұл күйден, яғни өз сезімдерін сөзбен айта алмаудан арылу үшін адам ең қарапайым жұбаныш – тамаққа жүгінеді. Мұндағы ішкі бостық шын мәнінде айтылмаған сөздер мен сыртқа шықпаған эмоциялардың орны. Мелани Кляйн мен нысандық қатынастар теориясы бұл ойды тереңдете түседі: адам іштей өзін "бос" немесе "жаман" сезінгенде, ол сырттан "жақсы" нәрсені енгізу арқылы тепе-теңдікті сақтағысы келеді. Тамақ – ең қолжетімді "жақсы объект" болғандықтан, семіздікке бейім жандардағы "депрессивті бостықты" уақытша болса да толтырып, олардың өзін тірі әрі бүтін сезінуіне септігін тигізеді. Бұл психоаналитикалық тұжырымдарды заманауи нейроғылым да нақты деректермен растайды", – деді психолог. 

Жібек Әбужанованың айтуынша, артық салмақты "психологиялық сауыт" ретінде қарастыру – бұл жай ғана теңеу емес, нақты қорғаныс механизмі. Адам өз тәнін үлкейту арқылы сыртқы әлеммен арада физикалық және символдық кедергі орнатып, жан дүниесін қорғауға тырысады. Кейбір пациент үшін май қабаты сырттан келетін агрессияны, сынды немесе суық көзқарастарды жанға жеткізбей, жолда ұстап қалатын "жастықша" немесе амортизатор іспеттес. Мұндай жағдайда адам "семіз болсам, мені ешкім байқамайды" немесе "сыртқы келбетім емес, ішкі дүнием ғана маңызды болсын" деген санадан тыс ұстаныммен өмір сүреді. Бұл жерде тәннің үлкеюі – адамдарды жақындатпаудың және қауіпсіз қашықтықты сақтаудың амалы.

"Психоаналитикалық тәжірибеде жиі кездесетін ауыр жағдайлардың бірі – бала кездегі жыныстық қысым немесе жеке шекараның бұзылуы. Егер адам, әсіресе әйел заты ерте жаста жыныстық агрессияға тап болса, есейгенде бейсаналы түрде "тартымсыз болу" стратегиясын таңдауы мүмкін. Тәнді үлкейту арқылы ол өзін нысана болудан алып тастап, қарама-қарсы жыныстың назарын аудармау арқылы қайтадан жарақат алмаудың жолын іздейді. Сонымен қатар, тәннің үлкеюі кейде қоғамдағы немесе отбасындағы өз орнын белгілеу әрекеті ретінде де көрініс табады. Егер адам өзін әлсіз, еленбейтін немесе "көрінбейтін" жан ретінде сезінсе, оның санасы "мені көру үшін мен үлкен болуым керек" деген бұйрық береді. Мұндағы "салмақ" – беделдің, күштің және биліктің символына айналып, адам физикалық тұрғыдан кеңістікті көбірек иелену арқылы өзінің бар екенін дәлелдегісі келеді. Зигмунд Фрейдтің шәкірті Вильгельм Райх адамның жасырылған эмоциялары денеде "бұлшықет сауыты" болып қатып қалатынын айтқан. Семіздік жағдайында бұл – жұмсақ болғанымен, өтуі қиын қабат іспеттес. Ол ішкі "менді" сыртқы әлемнің қаталдығынан сақтап, адамның өз ішіндегі әлсіз, жараланған баланы қорғауына көмектеседі. Түйіндей айтқанда, адам өз тәнін үлкейту арқылы ең алдымен қайталануы мүмкін жан ауырсынуынан қорғанады. Салмақ – бұл шекара. Егер адам өз қауіпсіздігін сезіне бастаса, мұндай "сауытқа" деген қажеттілік өздігінен жойылады. Сондықтан біз терапияда диетамен емес, адамның әлемге деген сенімін қалпына келтірумен айналысамыз", – деді маман.

Оқи отырыңыз: Қандай тағамдар қатерлі ісік пен семіздікке әкеледі? Нутрициологпен сұхбат

Психологтың айтуынша, ана мен бала арасындағы алғашқы қарым-қатынас тамақтандыру процесі ғана емес, бұл – әлеммен байланыс орнатудың алғашқы үлгісі. Нәресте үшін ананың кеудесі немесе сүт беретін бөтелкесі тек нәр емес, ол – жылулықтың, қауіпсіздіктің және қабылданғандықтың символы. Егер ана баланың әрбір жылағанын немесе мазасыздығын тек тамақ беру арқылы басуға тырысса, баланың санасында "кез келген ішкі жайсыздықты тек ауыз арқылы шешуге болады" деген қате теңдеу бекиді. Осылайша, эмоционалдық қажеттілік пен физикалық аштықтың арасындағы шекара жойылып кетеді. Бұл құбылысты психоанализде "оралды фиксация" деп атайды: адам есейгенде күйзеліске түссе, көңілі қалса немесе жалғыздықты сезінсе, ол санадан тыс түрде нәрестелік шақтағы сол "бақытты сәтіне", яғни тамақ арқылы тынышталатын кезеңіне оралады.

"Тағы бір маңызды тұс – ата-ананың тамақты сыйлық немесе жаза ретінде қолдануында жатыр. "Тамақты тауысып жесең – жақсы баласың, жемесең – мені жақсы көрмейсің" деген сияқты манипуляциялар баланың бойында тамақ жеуді "ананың махаббатына лайық болудың" құралына айналдырады. Мұндай адамдар ересек шақта өз-өзін жақсы көру немесе жұбату үшін міндетті түрде тамақ жеуі керек деген ішкі бұйрықпен өмір сүреді. Ананың өз мазасыздығын басу үшін баланы шамадан тыс тамақтандыруы да өте қауіпті. Бұл жағдайда бала өз денесінің "аштық" немесе "тоқтық" сигналын тану қабілетінен айырылады, себебі оның орнына шешімді әрқашан анасы қабылдап қойған. Ақыр соңында, тамақ ішу махаббатты сезінудің жалғыз жолы болып қалыптасып, бұл ересек өмірде семіздікке алып келеді. Бұл сұрақ психоанализдегі "аутоагрессия" және "мазохистік бейімділік" концепцияларын аша түседі. Семіздікті көп жағдайда адамның өз-өзіне жасаған жасырын шабуылы деп қарастыруға толық негіз бар. Психоанализ тұрғысынан алсақ, адамның бойында жиналған ашу-ыза, реніш немесе кінә сезімі сыртқа шығар жол таппағанда, ол ішке, яғни адамның өз тәніне қарай бағытталады", – деді Жібек Әбужанова.

Оның айтуынша, шамадан тыс тамақтану – бұл рахат алу ғана емес, бұл тәнге күшпен азық тықпалау арқылы оны "тұншықтыру" әрекеті. Адам өзін кінәлі сезінген сайын, өзін жазалау үшін тәнін соғұрлым "сүйкімсіз", "ауыр" және "жарамсыз" күйге түсіруге тырысады.

"Бұл жерде тән – адамның ішкі жазалаушысының қолындағы құрбандыққа айналады. Адамның өз тәнін жек көре тұра, оны одан ары үлкейтуі – бұл парадоксальді цикл. Өзін ұнатпау сезімі жағымсыз эмоциялар тудырады, ал сол эмоцияларды басудың ең жылдам жолы – тағы да тамақ жеу. Бұл "жеу – өзін жек көру – жазалау үшін тағы да жеу" атты тұйық шеңберді құрайды. Сонымен қатар, дененің шамадан тыс үлкеюі – адамның өзін "көріксіз" ету арқылы әлеуметтік немесе жыныстық өмірден шеттетуі, яғни өзін бақыттан айыру арқылы жазалауы. Семіздік бұл жерде жан дүниесіндегі "жаман адамды" жасыратын және оны жұртқа масқара ететін физикалық белгіге айналады. Біз терапияда пациенттің бойындағы осы жасырын агрессияның нысанасын өзінен басқа жаққа бұруды, яғни ашуды өз тәнін қорлау арқылы емес, сөзбен немесе әрекетпен сыртқа шығаруды үйретеміз", – деді Жібек Әбужанова.

Следите за обновлениями и свежими новостями на Qazaq24.com, где мы продолжаем следить за ситуацией и публиковать самую актуальную информацию.
seeПросмотров:159
embedИсточник:https://informburo.kz
archiveЭта новость заархивирована с источника 13 Марта 2026 12:27
0 Комментариев
Войдите, чтобы оставлять комментарии...
Будьте первыми, кто ответит на публикацию...
topСамые читаемые
Самые обсуждаемые события прямо сейчас

Глава государства провёл встречу с премьер министром Индии Нарендрой Моди и пригласил его в Казахстан

13 Сентября 2026 17:22see364

33 административных протокола оформили на участников свадебного кортежа в Кызылординской области

13 Сентября 2026 18:58see182

Строящееся здание загорелось в центре Астаны

13 Сентября 2026 17:03see181

Мужчину из ЗКО арестовали за дебош в торговом центре Косшы

13 Сентября 2026 20:35see169

Важное значение: эксперт подвел итоги участия Токаева в саммите БРИКС плюс

13 Сентября 2026 20:15see165

Профлист упал на ребёнка в Астане. Представителя застройщика наказали

14 Сентября 2026 13:58see159

Токаев провел ряд встреч с мировыми лидерами на саммите БРИКС

13 Сентября 2026 17:57see159

Кок Жайлау: новые возможности для горного туризма

13 Сентября 2026 14:14see158

Куланы освоят новые территории в Прибалхашье

14 Сентября 2026 19:17see156

Президент Казахстана предложил создать Партнерство БРИКС плюс в сфере ИИ

13 Сентября 2026 15:24see153

По примеру Рыбакиной: немец Зверев выиграл второй турнир Большого шлема в 2026 году

14 Сентября 2026 09:30see152

В Брюсселе прошла фотовыставка Тазы, обгоняющая ветер

14 Сентября 2026 17:32see151

Гимнастка Акмарал Ерекешева завоевала пять медалей на Гран при в Чехии

14 Сентября 2026 10:29see150

Почти 26 миллионов проездов за лето: названы самые загруженные платные автодороги Казахстана

14 Сентября 2026 11:10see150

Какие автомобили чаще всего покупали казахстанцы в августе

14 Сентября 2026 10:01see149

Паром с более 200 пассажирами потерпел крушение у берегов Индонезии

14 Сентября 2026 14:54see147

Женщину оштрафовали за найденный в её сумке патрон в аэропорту Шымкента

14 Сентября 2026 19:23see146

Поступление в медвуз обернулось мошенничеством в ВКО

14 Сентября 2026 19:55see134

Борцы завоевали восемь медалей на турнире в Армении

14 Сентября 2026 19:36see134

От отчаяния к силе

15 Сентября 2026 06:04see133
newsПоследние новости
Самые свежие и актуальные события дня