10 миллион теңге сұрап, бопсалаған : атыраулық журналист пара талап еткені үшін ұсталды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Атырауда полицейлер 10 миллион теңге көлемінде пара талап еткен журналисті ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Полицейлер 36 жастағы журналисті жеке компания басшысынан аталған компания қызметіне қатысты видеоматериалды таратпау үшін 10 миллион теңге көлемінде ақша бопсалағаны үшін ұстады. Аталған соманың бір бөлігі – 4 миллион теңгені журналистке жеткізіп бермек болған делдал қаладағы қонақүйлердің бірінде қолға түсті», – делінген хабарламада.
Қазір аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігі («Бопсалау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция өзге адамдардың қатыстылығын да тексеріп жатыр.


