Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

13 желтоқсан Алаш күні: Ұлт зиялылары арманы

13 желтоқсан Алаш күні: Ұлт зиялылары арманы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Дамыған мемлекеттердің басты ұстанымы - адам өмірінің қастерлігі мен құндылығы. Оның жеке басы мен өмір сүру мүмкіндіктері. Осы тұрғыдан алғанда Алаш зиялылары ұлт пен адам мәселесін қатар қарастырды. Ұлт - мега өлшемді, ал адам - индивидуалды қатынас. Бұл екеуі тек бір-бірін толықтырады. 

Ұлт алдында тұрған мәселе өз алдына мемлекет құру, дербестікке жету т.б. арқылы анықталады. Ал сол игілікке жету жеке адамның жеке мәселелерін шешу арқылы ғана іске асады.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ұлт мәселесін шешудің кешенді жоспары құрылды дейміз.

Жеке адамның мәселелеріне келелік. Ең алдымен уақыттылық мәселесі. Тұтас ұлттың сауатын ашудың жолы жекелеген адамдардың арасында соның құндылығын арттыруға арқылы ғана мүмкін еді. Алаш зиялылары түрлі елдердің мысалын айта отырып, сауаттылықтың маңызын түсіндірді. Қазақ қоғамында мектеп ашқан ауқатты азаматтарды дәріптей отырып, олардың игі істерін қоғамға көрсетті. Басқаларға жақсы үлгі беруді мақсат етті. Қазір, мысалы, еліміздің халқының 97 пайызға жуығы сауатты. Бұл жағынан келгенде біз әлемдік рейтингте көш бастап тұрмыз. Тіпті кеңес жылдарының басында Алаш зиялылары мектеп оқулықтарын жаза отырып, сауатты қоғам құруды теңдікке жету жолы деп есептеді. Демек қазіргі уақыттағы біздің сауаттылығымыз - жүз жыл бұрын егілген дәннің жемісі.

Алаш зиялылары еңбектерінде қазақ әйелінің құқығы өте жиі көтерілді. Сол заманда әйел теңсіздігін жою мәселесі өткір көтерілді. Мысалы, алғашқы ұлт романдары әйел тағдыры арқылы ұлт тағдыры тұспалданды. Екінші жағынан бұл қазақ әйелінің қоғам алдындағы мәртебесі мен құқықтық-әлеуметтік мәселесіне байыпты көзқарастын қажет екенін түсіндіреді. 

ХХ ғасырдың ІІ жартысынан елімізде мектеп бітірген қыздардың жоғары оқу орнына түсуге деген ұмтылыс жоғары болуында Алаш еңбегі, мүддесі тұр. Мұны іске асқан Алаш арманы деп те айта аламыз. 

Себебі, ғасыр бұрын қызын оқытпаған халық қазір барынша оқытуға ұмтылып отыр. Сондықтан қазір ТМД елдері бойынша жоғары оқу орын бітірген азаматтар қатарынан Қазақстан көш бастап тұр. Шамамен 70 пайызға жуық отандасымыз жоғары оқу орнын бітірген екен. 

Алаш зиялылары оқу мен қазақ қызының тағдырына алаңдап, оны жүйелі шешудің жолын көрсетті. Демек біздің бұл саладағы жетістігіміз 100 жыл бұрынғы Алаш зиялылары арманының іске асқаны екені сөзсіз.

Бүгінде замандастарымыз білімді жастарын шетелде оқытуға мүмкіндігі мол. Оны «Болашақ» бағдарламасы арқылы жүзеге асыра алады. Енді осыған Алаш зиялыларының бағдары тұрғысынан қарап көрейік. «Жас азамат» газетінің 1918 жылғы дерегіне қарағанда, Алаш Орда құрғаннан кейін әр облыстан білімді жастарды шетелде оқыту туралы идея көтерді. «Мақсат - әлемнің озық 20-30 халқының қатарына қосылу» дейді.

Біз бұл идея Түркістан кеңестік республикасында жүзеге асқанын жақсы білеміз. 50-ге жуық жас азамат Германияға барып оқыды. Білуімізше, посткеңестік елдердің ішінде Қазақстан ғана тұрақты түрде шетелдегі мықты оқу орындарына жастары мен ғалымдарын институционалды тұрғыдан оқытып жатқан бірден-бір мемлекет. 30-жылдардағы саяси жаппай қуғын-сүргін ұлт оқығандарын қынадай қырып кетті. Сонда дп Алаш зиялыларының идеясы өлген жоқ. Тіпті ол үзілмей осы күнге жетіп, қажетімізге жарап жатыр.

Мемлекет пен ұлттың дамуындағы тағы бір ерекше фактор - бәсекеге қабілеттілік. Оның өзі де жеке адамның бәсекеге қабілеттілігінен бастау алады. Жекелеген қабілетті мамандар жинала келе көпшілікті туғызады. Ал көпшілік - ұлт жиынтығының бір өлшемі.

«Қазақ» газетінде де бәсекелістікке қабілеттілік туралы аз жазылмаған.

«Шеберлікпен азды ұқсатып, көп орнына жұмсаған соң, елдің өскенін жер ауырламайтын болған. Сөйтіп шеберлік артылуы ел өсуінен, ел өсуі шеберлік артылуынан болмақ. Мұның қайсысы себеп, қайсысы нәтиже болмақ? Бұл - ел мен ықтисад жайын тесе қараған даналардың ынтымағы құрылып, бір шұқырға қойылмаған мәселе. Біреулері елдің өсуі себеп, шеберлік нәтижесі дейді. Екіншілері шеберлік себеп, ел өсуі нәтижесі дейді. Бұл пікірлердің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс? Оны айырамыз деп әуреленбей, біздің айтарымыз мынау: Шеберлік жетілмеген жерде ел сирек. Бұл - даусыз нәрсе. Олай болса, мұнан елдің тығыз болуы яғни аз жерде көп адам күн көруі шеберлік арқасында екендігі көрінеді. Шеберлігі жоқ жұрт аз жерден күн көруі шеберлік арқасында екендігі көрінеді. Шеберлігі жоқ жұрт аз жерден күн көре алмайды. Күн көре алмаса, құру болмаса, өсу жоқ. Сөйтіп, шеберлік артылуы ел қалындығынан болмаса, ел өсуі шеберлік арқасында екендігін ешкім бекер дей алмайды».

Әлихан Бөкейхан да осы газеттегі мақаласында: «Бізден басқа өзге кем жұрт, атын атап не қылайын, осындай кезде бас қосуды олжа қылып, осыны сылтау қылып бұғып жүріп мақсұт ісін істеп алады. Халық ісін орнына салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылға шебер істеген әдіс керек. Тіршілік-ғұмыр белгісі – алыс-тартыс, арбау, әдіс. Кім шебер болса, жалықпай, талмай ізденсе, бірігіп тізе қосып, әдіс қылса, ғұмыр бәйгесі - сонікі. Торғайдың ақ үрпек балапаныша ауызды ашып, біреуге жалынып-жалпая берсе, мұнан түк өнбейді. «Заманың түлкі болса, тазы болып шалып қал» деген. Балапан болмай әдіс қыл дегені ғой» деп жазыпты.

Алаш зиялылары бодандық заманда өмір сүрсе де, сол тар заманда жа өзгеден кем болмаудың, ал жеке мемлекет құру кезінде де өзгеден кем болмаудың бірден-бір жолы - бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру-тын. Енді қазір де бәсекеге қабілеттілік міндеті мен парызы бірінші кезекте тұр. Бұл - Алаш зиялылары арманын жүзеге асырудың жолы мен жөні. 

Алаш зиялылары микро деңгей мен макро деңгей арасындағы байланысты дұрыс білгендігі ақиқат. Себебі, экономика ғылымында мынадай бір ұстаным бар: макро экономиканы толық түсіну үшін микро экономика қағидаларын басшылыққа алу керек. Микро экономика бірлесе келе макро көрсеткішті құрайды.

Демек алдағы уақытта Алаш зиялыларының ұлт пен жеке тұлға турасындағы философиялық, саяси, құқықтық мәселелерді кешенді зерттеуіміз қажет. Бұл бағыт филология мен тарих саласында едәуір зерделенді. Алдағы уақытта басқа да гуманитарлық ғылым салалары Алаш зиялылары көзқарасын кең ауқымда зерттеу нысанасы еткені абзал.

Руслан Ақмағанбет, саясаттанушы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Желтоқсан 2025 18:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары