Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

174 мыңнан миллионға дейін: Қазақстанда әртүрлі мамандық иелері қанша жалақы алады

174 мыңнан миллионға дейін: Қазақстанда әртүрлі мамандық иелері қанша жалақы алады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы әртүрлі мамандық иелерінің жақаысы туралы мәлімет жариялады. 2026 жылы ұйым басшыларының орташа айлық есептелген жалақысы миллион теңгеден асса, күзетшілер орташа есеппен 174 мың теңге алған. Дәрігерлер, инженерлер, бухгалтерлер мен жүргізушілер қанша табыс табады - Tengrinews.kz материалында.

Кімдерге миллион теңгеден аса жалақы төленеді?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы сәуірде ұйым басшыларының орташа айлық есептелген жалақысы 1 101 100 теңгені құраған.

Инженерлік-техникалық мамандар арасында ең жоғары көрсеткіш инженерлерде байқалды - айына орта есеппен 702 мың теңге. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы инженерлері 645 мың теңге, инженер-технологтар - 617 мың, инженер-энергетиктер - 615,1 мың теңге.

Техниктердің орташа жалақысы 314,7 мың теңгені құрайды.

Дәрігерлер мен медбикелер қанша табыс табады?

Денсаулық сақтау саласында дәрігерлердің орташа айлық есептелген жалақысы 491,4 мың теңгені құрады.

Басқа көрсеткіштер келесідей бөлінді:

фармацевттер - 347,7 мың теңге; фельдшерлер - 313,6 мың теңге; медициналық бикелер - 264,6 мың теңге. Бухгалтерлердің, жүргізушілер мен аспаздардың жалақысы

Басқа мамандықтар бойынша Ұлттық статистика бюросы орташа айлық есептелген жалақы туралы келесі деректерді келтіреді:

бухгалтерлер - 398,6 мың теңге; автомобиль жүргізушілері - 328,1 мың теңге; аспаздар - 192,6 мың теңге; күзетшілер - 174,2 мың теңге.

stat.gov.kz сайтынан алынған инфографика

Қазақстанда жалақы қалай өзгерді?

2026 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша орташа айлық номиналды жалақы барлық тоғыз ірі мамандық тобында өсті.

2025 жылмен салыстырғанда ең көп өсім - 13,1 пайызға - өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас кәсіптердің жұмысшыларында тіркелді. Өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілерде көрсеткіш 10,4 пайызға артты.

Сондай-ақ жалақы құрылымы да өзгерді. Айына 300 мың теңгеден астам жалақы алатын жұмыскерлердің үлесі 2025 жылғы 53,7 пайыздан 2026 жылы 58,4 пайызға дейін өсті.

Сонымен қатар жалақысы 100-ден 300 мың теңгеге дейінгі жұмыскерлердің үлесі 43-тен 39,3 пайызға дейін қысқарды. 100 мың теңгеге дейін алатындардың үлесі 3,3-тен 2,3 пайызға дейін азайды.

2022-2026 жылдардағы жұмыскерлердің есептелген жалақы мөлшері бойынша бөлінісі

Жалақы қалай есептелді?

Зерттеу 2026 жылдың сәуір айында жүргізілді. Ол осы айды толық жұмыс істеген қызметкерлерді қамтыды. Сәуір айында жұмысқа қабылданған немесе жұмыстан босатылған қызметкерлер есепке қосылмаған.

Есептелген жалақы көрсеткіштеріне қосымша төлемдер, үстемақылар мен сыйақылар, сондай-ақ салықтар мен зейнетақы жарналары ұсталғанға дейінгі сомалар кіреді. Сондықтан жұмыскердің нақты қолға алатын сомасы аз болуы мүмкін.

Зерттеумен Қазақстанның ұйымдары мен кәсіпорындарының барлығы 3,38 миллион жұмыскері қамтылды. Олардың 51,9 пайызын әйелдер, 48,1 пайызын ерлер құрады.

Сәуір айы халықаралық ұсыныстарға сәйкес маусымдық сыйақылар мен еңбек демалысы төлемдерінің әсерін барынша азайту үшін есепті ай ретінде таңдалған.

Еске салсақ, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру туралы айтқан еді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:63
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 20:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see105

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see104

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see103

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see102

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары