Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді

18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алайда 2026 жылғы 18 шілдеден бастап бұл тексеру тәртібі қатаңдайды. Өзгерістер қандай болатынын Zakon.kz түсіндірді.

Тұтынушылық несиелеу қағидаларының өзгеруі (мысалы, тауарларды немесе туристік қызметтерді бөліп төлеуге рәсімдеу кезінде) несиені беру жылдамдығына да, оны алу мүмкіндігіне де әсер етуі мүмкін. Өйткені енді өтініш берушіні тексеру бірнеше кезең бойынша жүргізіліп, бұрынғыдан да мұқият болады.

Заңнамаға сәйкес:

"Тұтынушылық банктік қарыз – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес мақсаттарға, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілетін, ипотекалық қарызды қоспағанда, жеке тұлғаның банктік қарызы". ("Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңның 1-бабының 34) тармақшасы)

Мемлекет азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында тұтынушылық несиелерді беру тәртібін кәсіпкерлік мақсаттағы несиелермен салыстырғанда жеңілдетілген талаптар бойынша реттеген. Бұл талаптар аталған заңның 58-бабында ("Жеке тұлғаға банктік қарыз берудің ерекшеліктері") белгіленген.

Бұған дейін Zakon.kz осы нормаларға қатысты материал жариялап, олардың 2026 жылғы 19 наурызда күшіне енген жаңа банктік заңмен бірге қолданысқа енгізілгенін және бұрынғы талаптардан айырмашылығын түсіндірген болатын.

Сонымен қатар заңдағы бірқатар нормалар кейінірек күшіне енгізілетін болып белгіленген. Яғни олардың кейбірі кезең-кезеңімен енгізіліп, 2027 жылғы 1 мамырға дейін қолданысқа енеді.

Мұндай нормалардың бірі – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңның 58-бабының 17-тармағы. Ол 2026 жылғы 18 шілдеден бастап күшіне енеді.

Аталған нормаға сәйкес:

банк кепілмен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз беру туралы жеке тұлғаның өтініші келіп түскен сәттен бастап бір сағат ішінде шешім қабылдауға міндетті;егер кредиттік есепте осы жеке тұлғаның басқа банкке немесе микроқаржы ұйымына (МҚҰ) берген, бірақ әлі қаралмаған өтініші туралы ақпарат болса, банкке мұндай қарызды мақұлдауға тыйым салынады;сондай-ақ банк жеке тұлғаның өтініш бергені және сол өтініш бойынша қабылданған шешім туралы ақпаратты кредиттік бюроға ұсынбайынша, тұтынушылық қарыз шартын жасауға құқылы емес.

Осылайша, заңнамада банктің тұтынушылық несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдауына арналған ең ұзақ мерзім – бір сағат болып белгіленді.

Бұл ретте әңгіме несиені мақұлдау туралы шешім қабылдау мерзімі жайында болып отыр. Ал қаражатты қарыз алушыға аудару мерзімі басқа талаптармен реттеледі. Мәселен, заңның 58-бабының 5-тармағына сәйкес, белгілі бір сомадан асатын тұтынушылық қарыздар бойынша қаражатты беру алдында бір тәуліктік "күту кезеңі" қолданылады.

Сонымен қатар банк (заңнамада ақпарат жеткізуші деп аталады) несие беру жөніндегі өтініш туралы ақпаратты кредиттік бюроға жолдауға міндетті. Кредиттік бюро кредиттік тарихтарды қалыптастырып, кредиттік есептерді әзірлейді ("Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихтарды қалыптастыру туралы" заңның 7-бабы).

Өз кезегінде кредиттік бюро бұл ақпаратты Антифрод-орталыққа жібереді. Қажет болған жағдайда ақпарат одан әрі уәкілетті мемлекеттік органдарға берілуі мүмкін.

Бұл талаптардың енгізілуі кездейсоқ емес. Өйткені 2026 жылғы 18 шілдеден бастап жоғарыда аталған "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңның кейінге қалдырылған нормасымен қатар, 2026 жылғы 16 қаңтардағы №259-VIII "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының бірқатар ережелері де күшіне енеді.

Айта кетейік, дәл осы заңмен Қазақстан заңнамасында цифрлық теңге институты ресми түрде бекітілді. Алайда бұл – бөлек тақырып. Бұл жолы "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихтарды қалыптастыру туралы" заңға енгізілген екі маңызды өзгеріске тоқталайық.

2026 жылғы 18 шілдеден бастап кредиттік бюроларға қосымша функциялар мен міндеттер жүктеледі.

Атап айтқанда:

біріншіден, кредиттік бюролар банктерден жеке тұлғалардың тұтынушылық қарыз алуға берген өтініштері туралы ақпаратты қабылдап, бұл жөнінде басқа банктерді хабардар етеді (Заңның 7-бабы 2-тармағының жаңа 8-1) тармақшасы);екіншіден, аталған ақпаратты өтініш берілген сәттен бастап бір сағат ішінде, яғни нақты уақыт режимінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Антифрод-орталығына жолдайды (Заңның 17-бабы 1-тармағының жаңа 9-1) тармақшасы).

Еске салайық, Ұлттық банктің Антифрод-орталығы – алаяқтық белгілері бар төлем операциялары туралы мәліметтерді жинайтын, талдайтын және тиісті ұйымдарға жолдайтын құрылым.

Бұл ақпарат қаржы ұйымдарына да, қылмыстық қудалау органдарына да беріледі. Мұндай тәртіп "Қазақстан Республикасындағы төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңның 25-1-бабында көзделген.

Осылайша, 2026 жылғы 18 шілдеден бастап тұтынушылық несие беру туралы өтінішті қарау кезінде тек банк қана емес, бірнеше ұйым қатысатын көпдеңгейлі тексеру жүргізіледі. Бұрын мұндай рәсім бірнеше минутқа ғана созылса, енді бір сағатқа дейін жалғасуы мүмкін.

Нәтижесінде дәл осы уақыт ішінде азаматтың тұтынушылық несие алу туралы өтініші бойынша түпкілікті шешім қабылданады: қарыз мақұлдана ма, әлде өтініш кері қайтарыла ма.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:69
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 16:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see150

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see146

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see123

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see122

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары