Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

2025 жылы білім саласындағы халықаралық серіктестіктердің нәтижесі жарияланды

2025 жылы білім саласындағы халықаралық серіктестіктердің нәтижесі жарияланды

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында 2025 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жетекші шетелдік университеттермен стратегиялық серіктестіктерді жүйелі түрде дамытып, Қазақстанды өңірлік білім беру орталығы ретінде қалыптастыруға және азаматтардың сапалы халықаралық білімге қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған жұмысты жалғастырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстан әлемнің жетекші университеттерінің есігін ашады

Қазақстанда 40 жетекші шетелдік университетпен стратегиялық серіктестік орнатылған, оның ішінде 33 филиалы қазіргі уақытта жұмыс істеп тұр. Бұл қадамдар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау, ғылымды дамыту және елдің әлемдік академиялық қауымдастыққа интеграциялануы үшін мықты негіз қалыптастырады.

Шетелдік университеттердің филиалдары озық білім беру бағдарламалары мен заманауи ғылыми тәжірибелерге жол ашады, технологиялар мен инновациялар трансфертіне ықпал етеді, сондай-ақ оқыту мен зерттеулер сапасының жаңа стандарттарын қалыптастырады. Олар отандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, студенттерге Қазақстаннан шықпай-ақ халықаралық диплом алуға мүмкіндік береді және республиканың жаһандық академиялық әрі зерттеу кеңістігіне қатысуын кеңейтеді.

Қазақстанның шетелдік университеттермен әріптестігі РФ, АҚШ, Ұлыбритания, ҚХР, Корея Республикасы, Франция, Германия, Италия, Польша, Түркия және Өзбекстан университеттерін қамтиды. Филиалдарда оқыту экономиканың басым және кадр тапшылығы бар бағыттарға мамандар даярлауға бағытталған 162 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

Халықаралық білім – елімізде: Орталық Азиядағы алғашқы Russell Group кампусы

2025 жылғы қыркүйектен бастап Cardiff University, Woosong University, ММХҚИ, Марке политехникалық университеті және Анхальт қолданбалы университеті филиалдарында оқыту басталды.

Сондай-ақ биыл Coventry University Kazakhstan (2024 жылы ашылған) жаңа бағдарламаларға қабылдау өткізді. Coventry University Kazakhstan – Біріккен Корольдіктің Coventry University лицензияланған кампусы және белгіленген үлгідегі британдық диплом алуға мүмкіндік беретін Астанадағы алғашқы британдық университет.

Астанада Cardiff University Kazakhstan салтанатты түрде ашылды. Бұл – Cardiff University-дің алғашқы шетелдік кампусы әрі Орталық Азиядағы Russell Group университеттері тобына кіретін жалғыз кампус. Аталған оқиға халықаралық білім беруді дамыту мен Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Сондай-ақ елордада Coventry University Kazakhstan өз жұмысын бастады,  бұл – Астанада ашылған алғашқы британдық университет. Ол – Ұлыбританияның Coventry University университетінің лицензияланған кампусы және белгіленген үлгідегі британдық диплом алуға мүмкіндік береді.

Woosong University және New York Film Academy: өңірлердегі халықаралық білім беру

Түркістан қаласында ақпараттық технологиялар саласы бойынша Орталық Азия үшін білікті мамандар даярлауға бағытталған Woosong University (Оңтүстік Корея, WSUK) филиалы ашылды. Университет Қазақстанның студенттері мен жас мамандарына жасанды интеллект пен деректер ғылымына (Data Science) басымдық беретін жоғары сапалы IT-білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қаскелең қаласында New York Film Academy филиалы өз жұмысын бастады – бұл Қазақстандағы әлемдік деңгейдегі алғашқы шығармашылық университет және Орталық Азиядағы америкалық кино мектебінің жалғыз кампусы.

Сапа стандарттары: әлемдік топ-рейтингтерге бағдар алу

Халықаралық серіктестіктердің сапасын қамтамасыз етудегі маңызды құралдардың бірі – шетелдік университеттердің QS, ARWU, THE халықаралық академиялық рейтингтерінің топ-250 қатарына енуі жөніндегі талап болды. Бұл жоғары академиялық және ғылыми беделге ие университеттермен ынтымақтастыққа басымдық беруге мүмкіндік берді.

Шетелдік университеттердің филиалдарын ашу ұлттық жоғары білім беру жүйесінің дамуына жүйелі түрде ықпал етеді. Атап айтқанда, кадр даярлаудың халықаралық стандарттары енгізіліп жатыр, практикалық бағыттағы оқу жоспарлары іске асырылып, ағылшын тілінде оқыту кеңеюде, бас университеттердің цифрлық платформалары мен кітапханалық ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарының инфрақұрылымы жаңартылып жатыр.

Бірлескен жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде өңірлерде жаңа оқу-зертханалық корпустар мен жатақханалар пайдалануға берілді, шетелдік университеттер филиалдары үшін жеке кампустар ұсынылды. Бұл қатарда Аризона Университеті, Heriot-Watt University, РХТУ, SeoulTech, Бейжің тілдер және мәдениет университеті, Марке политехникалық университетімен серіктестік жобалар бар. Сонымен қатар Cardiff University, Coventry University, МИФИ және ММХҚИ үшін жеке кампустар салу жұмыстары жүргізіледі.

Инвестициялар және нақты экономикалық сектормен өзара іс-қимыл

Стратегиялық серіктестіктерді дамытуда индустриялық серіктестердің де үлесі зор. Мәселен, «Қазфосфат» ЖШС РХТУ филиалын қолдауға қаржы бөлді. Сонымен қатар көптеген шетелдік жоғары оқу орындары зертханалық және оқу жабдықтарын сатып алу арқылы инвестиция тарту тәжірибесін жүзеге асырып келеді. Мәселен, қытай тарапы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Лу Бань шеберханасы үшін жабдықтар сатып алуға және оқытушыларды даярлауға қаржы бөліп, сондай-ақ «SMART Driving Technology» инжинирингтік орталығын құруды қолдады. Ал Сеултехтің «LUPIC» жобасы аясында корей тарапы Қорқыт Ата университеті базасында жасанды интеллект институтын дамытуға қаржылай қолдау көрсетті.

Филиалдарды ашудағы негізгі басымдық өңірлік жоғары оқу орындарының академиялық және ғылыми әлеуетін арттыру, оларды академиялық артықшылық орталықтарына айналдыру, сондай-ақ атом саласы, «жасыл» технологиялар, су қауіпсіздігі және басқа да стратегиялық маңызы бар, кадр тапшылығы байқалатын бағыттар бойынша мамандар даярлауға берілген.

Халықаралық бәсекеге қабілеттіліктің артуы: Қазақстан QS Asia 2026 рейтингінде

Жүйелі жұмыстың нәтижелері QS Asia 2026 рейтингінде көрініс тапты. Аталған рейтингке 44 қазақстандық жоғары оқу орны енді, оның ішінде 10 жаңа университет алғаш рет қамтылды. Бұл ұлттық жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігінің артқанын көрсетеді.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қазақстанда елді өңірлік академиялық орталыққа айналдыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Негізгі мақсат – білім беру жүйесін халықаралық озық тәжірибелер мен білім трансфері арқылы нығайту, сондай-ақ шетелдік студенттерді тарту.

35 мың шетелдік студент: Қазақстан – таланттарды тарту орталығы

Академиялық орталықты дамыту жаңа стратегиялық бағыт – академиялық туризмді де қамтиды. Осы мақсатта отандық жоғары білімнің халықаралық аренадағы тартымдылығын арттыруға арналған  Study in Kazakhstan  жобасы іске қосылды. Жобаның амбициялы межесі – 2029 жылға қарай шетелдік студенттер санын 100 мыңға жеткізу.

Биылғы оқу жылында Қазақстанның жоғары оқу орындарында 35 мыңнан астам шетелдік студент білім алып жатыр, бұл – рекордтық көрсеткіш.

Қазақстан – өңірлік академиялық орталық: стратегиядан тұрақты нәтижеге дейін

Жетекші шетелдік университеттермен стратегиялық серіктестіктерді дамыту Қазақстанды жаһандық білім беру кеңістігіне интеграциялаудың және жоғары білімнің орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып отыр.

Сонымен қатар жетекші шетелдік университеттерді тарту саясатын іске асыру Қазақстан үшін ұзақмерзімді экономикалық, кадрлық және геосаяси тиімділік қалыптастырады. Білім беру секторы шикізаттық емес табыс көзіне, ал академиялық туризм экономика өсуінің дербес бағытына айналып келеді. Елімізде халықаралық дипломдарды алу білім беру миграциясын төмендетеді, талантты жастар мен қаржы ресурстарын елде сақтап қалады, сонымен бірге оқыту мен ғылымның халықаралық стандарттарын енгізу есебінен кадрлар даярлау сапасын арттырады.

Осылайша, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары технологиялар трансфертін, қолданбалы зерттеулердің дамуын және экономиканың басым салалары үшін мамандар даярлауды жеделдетеді, сондай-ақ өңірлерде жаңа өсу нүктелерін қалыптастырады. Жиынтығында бұл шаралар Қазақстанның халықаралық ұстанымын нығайтып, білім беру дипломатиясының құралдарын кеңейтеді және елдің өңірлік академиялық орталық ретіндегі мәртебесін бекітеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:209
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 15:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see182

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see165

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see162

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see160

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see159

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see159

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see159

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see158

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see158

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see158

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see157

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see156

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see156

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see155

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see155

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see154

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see153

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see153

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see153

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see152
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары