Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Жемісті жеті жыл

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

29 наурыз. Тұлғалар туған күн

29 наурыз. Тұлғалар туған күн

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

ЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1971) кескіндемеші, ҚР Көркемсурет академиясының мүшесі, ЮНЕСКО жанындағы сыншылар мен өнертанушылар халықаралық қауымдастығының мүшесі Ботагөз Амандосқызы АҚАНАЕВА дүниеге келді.

Фото: Kazinform

Алматы облысында туған. 1990 жылы Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің театр және декорация бөлімін театр декораторы мамандығы бойынша бітірген, 1997-1999 жылдары Фабрис де Вильневтің кескіндеме студиясында білім алған.

«Тоқыма, керамиканы енгізе отырып рельефтік кескіндеме жасауға» патенті бар (1997). Бейнелеу өнерінің түрлері — кескіндеме, графика, мүсін, дизайн. 1990-1993 жылдары Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының декораторы болды. Отандық және халықаралық «Жігер» (Алматы қаласы, 1991), «Рождественские сказки» (Мәскеу қаласы, 1993), «7 галерея» (Мәскеу қаласы, 1995), «АРТ-МИФ» (Мәскеу қаласы, 1993), «ҚР суретшілері» (1998), «Ботагөз Монреалда» (Монреаль қаласы, 1999), «Ұлы көшпенділердің алаулары» (Астана қаласы, 2001), «Реализм шектері» (2004), «Адамдар мен қоныстар» (БҰҰ желісі бойынша, Алматы қаласы, 1994) көрмелеріне қатысқан. Еңбектері «Шығыс галереясында» (Мәскеу қаласы), «Ұласу Артта» (Алматы қаласы), Третьяков галереясында (Мәскеу қаласы), «NordTa» (Монреаль қаласы, Канада), «ОЮ-да» (Алматы қаласы), «Ұмай Тәңіріде» (Алматы қаласы), «Шежіреде» (Астана қаласы), Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында қойылған.

Шығармаларының басым көпшілігі әртүрлі техникалар мен материалдарды пайдалану арқылы рельефтік кескіндеме техникасында орындалған. Еңбектері Третьяков галереясы (Мәскеу қаласы), Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы (Алматы қаласы), Виллафамес қазіргі өнер мұражайы (Испания), Монреаль қаласының муниципалдық мұражайы (Канада), Канада генерал-губернаторының мұражайы (2000) жинақтарында, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, АҚШ, Канада, Франция, Испания, Италия, Израиль, Германия, Түркия, Мысыр және басқа да елдердің жекеменшік коллекцияларында сақталған.

ҚР Суретшілер одағы жастар бірлестігінің мүшесі. ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық сыншылар және өнертанушылар қауымдастығының (АІСА) толық мүшесі (1996). БҰҰ желісі бойынша арнаулы сыйлықтармен марапатталған. Мәдениет қайраткері.

51 жыл бұрын (1975) Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Ләззат Әуесханқызы ЖЫЛҚЫБАЕВА дүниеге келді.

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы облысы Күрті ауданы Каскелен-Топар ауылында туылған. 1996 жылы Қыздар педагогикалық университетін, 2000 жылы Қыздар педагогикалық университетін, 2007 жылы Х. А. Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.

Еңбек жолы: 1996-2006 жылдары № 1 Алматы қазақ педагогикалық колледжінің тарих пәнінің мұғалімі. 2006 жылы Алматы қаласы Білім басқармасының аттестаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманының м. а., 2006-2007 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасының аттестаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы, 2007-2012 жылдары Алматы қаласы Білім департаментінің аттестаттау және лицензиялау бөлімінің бастығы, 2012-2016 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды. 2016-2019 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

2024 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

45 жыл бұрын (1981) Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ұлттық университетінің ректоры Дархан Жұмақанұлы АХМЕД-ЗАКИ дүниеге келді.

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік Техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласындағы Республикалық медицина колледжінде физика және математика пәндерінің оқытушысы болып бастаған. 2003 жылы Жаңаөзен қаласында «Қазақойл» ЖАҚ технологиялық зерттеулер орталығының инженер-бағдарламашысы болып жұмыс істеді. 2004-2012 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, деканның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, «Информатика» кафедрасының меңгерушісі, 2012-2013 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің деканы, 2013-2016 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу жұмысы жөніндегі проректор, 2016-2017 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры болып қызмет атқарған. 2017-2020 жылдары Халықаралық бизнес университетінің президенті, 2020-2022 жылдары Astana IT University ректоры, 2022-2023 жылдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметін 2025 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келеді.

43 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Еділ Сабырұлы ОСПАН дүниеге келді.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Түркістан облысында дүниеге келген. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін; Қазақ гуманитарлық-заң университетін; Эксетер университетін (Ұлыбритания) бітірген. Заң ғылымдары докторы дәрежесі.

Еңбек жолы: Алматы қаласының құқық және экономика колледжінде оқытушы (2004); Қазақ гуманитарлық-заң университетінде оқытушы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аға оқытушы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жетекші ғылыми қызметкері; Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі (2007); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сарапшысы, инспекторы (2010); «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары (2019); Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің кеңесшісі (2020); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі (02.2021-02.2023); Үкімет Әкімшілігінің Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі (2023); Қазақстан Республикасы Білім вице-министрі (2023-2025).

2025 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.

130 жыл бұрын (1896-1986) қазақтың атақты шопаны, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек ҚУАНЫШБАЕВ дүниеге келген.

Фото: 7-su.kz

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында туған. 1936-1967 жылдары — Жамбыл облысы Көктерек, Айдарлы қой өсіретін ұжымшарларында аға шопан. 1948 жылы –әр жүз саулықтан 130-дан төл алған, ал 1958 жылы әр жүз саулықтан 145-тен қозы алған. Ол өсірген қаракөл қойларының елтірілері халықаралық көрмелерде, жәрмеңкелер мен Дели (Үндістан), Бухарест (Румыния), Познань (Польша), Нью-Йоркте (АҚШ) өткізілген аукциондарда көрсетілді. Оның есімі Қазақстанның Алтын Құрмет кітабына жазылған. Айдарлы ұжымшарында оның қой өсіру жөніндегі тәжірибесін үйрететін алғашқы мектеп ұйымдастырылып, Бірлік ауылында гранит тұғырға бюсті орнатылған. 3-4-ші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.

Ленин орденімен, «Орақ және балға» алтын медалімен және басқа да медальдармен марапатталған.

61 жыл бұрын (1965-2025) Қазақстан Республикасының саясат қайраткері Наталья Васильевна ЖҰМАДІЛДАЕВА дүниеге келді.

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген.

1987 жылы Мордова АКСР Саранск қаласындағы Н. П. Огарев атындағы Мордова мемлекеттік университетін «Француз тілі және әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. 2004-2013 жылдары Қызылорда қаласындағы № 112 және Ж.Қизатов атындағы № 23 ОМ директоры болды. 2013-2015 жылдары Қызылорда қаласы Білім бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2015-2016 жылдары Қызылорда қаласы Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры болды. 2016-2021 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі қызметінде болды. 2022 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы директорының білім беру бағдарламалары және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, 2022-2023 жылдары ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаменті директорының м. а., директоры лауазымын атқарды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Наурыз 2026 13:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see150

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see148

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see147

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see147

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see146

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see145

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see142

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see141

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see141

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see140

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see140

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see140

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see139

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see138

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see137

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see137

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see137

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see135
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары