Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

90 жылдардағы қате шешімдер неге әлі күнге ел экономикасына зиянын тигізіп жатыр?

90 жылдардағы қате шешімдер неге әлі күнге ел экономикасына зиянын тигізіп жатыр?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Экономист сарапшы Ерлан Кәрімов қазіргі экономикалық ахуалдымыздың қандай да бір деңгейі тәуелсіздік толғағындағы шешімдермен байланыстырады. Оның ішінде оң шешімдер де, теріс шешімдер де бар.  EconomyKZ.org сайтына жарияланған сарапшы пікірін ел назарына қайта ұсындық, деп жазады Egemen.kz.

Рубль аймағынан кеш шығу

Ең алапат қателіктердің бірі – Мәскеуге шамадан тыс бағдарлану және рубль аймағынан шығу туралы шешімді тым кеш қабылдау болды. Кейін белгілі болғандай, рублді сақтап қалу бастамасы Қазақстан басшылығынан шыққан, алайда Ресей бұл ұсынысты қолдамаған (мүмкін кейін бұған өкінген де шығар).

Еліміз кеңестік валютадан бас тартқан ең соңғы республикалардың бірі болды. Бұл ақша айналымының тұрақсыздануына және монетарлық саясатты басқару мүмкіндігінің жоғалуына әкелді. Шаруашылық байланыстардың күрт үзілгені, біртұтас экономикалық стратегияның болмауы елді гиперинфляциямен бетпе-бет қалдырды: 1992 жылы азық-түлік бағасы 30 есеге, 1993 жылы 23 есеге қымбаттады.

1994 жылға қарай инфляция деңгейі 1300%-ға жетіп, халықтың жинақтары іс жүзінде құнсызданды. Көпшілік табиғи айырбасқа қайта көшті. Ал ЖІӨ 1991 жылмен салыстырғанда шамамен 25%-ға құлдырады.

1993 жылы елде 230-ға жуық коммерциялық банк жұмыс істеді, бірақ олардың қызметіне мемлекеттік тараптан тиімді бақылау болмады. Банктердің көпшілігі нақты кредиттік ресурстарға қол жеткізе алмады, халықтың қаражатын айналымға салып, жиі банкротқа ұшырап отырды.

«Жекешелендіреміз» деген атпен өткен «жаппай иелену»

Екінші жүйелік қателік – жекешелендіру процесінің ашық жүргізілмеуі және сапасыз жоспарлануы. Ресми түрде бұл нарықтық экономиканы қалыптастыру және инвестиция тарту үшін жасалды, бірақ іс жүзінде «прихватизацияға» айналды.

Купондық жекешелендіру меншік құрылымын әділ бөлген жоқ, тиімді меншік иелері табысты қабат ретінде қалыптасқан жоқ.

Кейбір кәсіпкерлер мен делдалдар активтерді шетелге әлдеқайда жоғары бағамен қайта сатып, орасан пайда тапты. Бұл кезеңде жемқорлық өршіп, көлеңкелі экономика үлесі ресми түрде 30% шамасына жетті.

Нәтижесінде жекешелендіру бәсекелестік ортаны қалыптастырмады, керісінше, әлеуметтік теңсіздікті күшейтіп, реформаларға деген қоғамдық сенімге үлкен соққы болды.

Материалдық активтердің жоғалуы және сыртқы активтердің Ресейге берілуі

Үшінші маңызды мәселе – материалдық активтердің қозғалысын бақылаудың болмауы. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елден әскери ұшақтар, өндірістік құрал-жабдықтар және өзге де мемлекеттік меншікке жататын бағалы активтер көлеңкелі жолмен шығарылып кетті.

Тағы бір ауыр соққы – бұрынғы одақтас мемлекеттердің сыртқы қарыздарды және активтерді Ресейге толық беру туралы келісімі болды.

Нәтижесінде Ресей жалпы 97 млрд доллар мемлекеттік қарыздың 63 млрд долларын өз мойнына алды, оның есесіне шетелдердегі КСРО-ның барлық активтерін және басқа мемлекеттердің СССР-ге қарыздарын, шамамен 150 млрд доллар көлеміндегі талап ету құқығын иеленді.

Қазақстанға 90-жылдар тәжірибесінен шығатын ұсыныстар

Мұндай қателіктердің қайталанбауы үшін ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесі қажет. Реформалар бірізді болуы тиіс және басшылардың жеке жауапкершілігі нақты белгіленуі керек.

Шешімдердің орындалуы нақты тұлғаларға бекітіліп, жауапкершілік саяси ғана емес, құқықтық деңгейде де болуы қажет.

Экономикалық өзгерістер қайтымсыз сипат алғанда ғана қоғам оны тұрақты және әділ деп қабылдайды.

Макроэкономикалық тұрақтылық пен халықтың әлеуметтік қорғалуы арасында теңгерім сақталуы шарт.

Аймақтық саясатқа да басымдық берілуі керек. Экономикалық бастама өңірлерге берілуі тиіс, сонда ғана өздерінің салықтық базасын дамытуға ынталары артады. «Табыс табуға деген талпыныстың жоғалуы» – шамадан тыс орталықтандыру мен жергілікті деңгейдегі мотивацияның әлсіздігінен болған құбылыс.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 11:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары