Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Абай облысында 500 балаға арналған Оқушылар сарайы ашылды

Абай облысында 500 балаға арналған Оқушылар сарайы ашылды

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Абай елінің аспанға лақтырған бөркі жерге түскен жоқ. Айналасы бір аптада бірнеше аса қат нысандар ашылып, ел игілігіне берілді. Шын мәнінде облыс орталығы – қарт Семейдің бойына қан жүргендей, түлей түсті. Соның бірі – Оқушылар сарайы.

Көпшілік көптен күткен Оқушылар сарайы жөнінде облыс әкімі жуырда Астанада өткен брифингте, одан кейін облыстық Білім басқармасының басшысы, ғалым Бауыржан Ердембеков те сөз қозғап, «биыл пайдалануға беріледі» деген еді. «Апырай, қалай үлгерер екен» деген күмән болған. Бірақ айтылған уәде орындалды. Нысанның ашылуы Семей жұртшылығын ерекше қуанышқа бөледі. «Адамның бір қызығы бала деген» деп Хакім Абай айтқандай, бала қуанса – ата-ананың да көңілі тебіренбей тұрмайды.

Оқушылар сарайының ашылу салтанаты да айрықша өтті. Оған облыс әкімі Берік Уәли, Оқу-ағарту министрінің орынбасары Шынар Ақпарова, BI Group компаниясының негізін қалаушы Бауыржан Исабаев, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғалия Дәулетова және қала жұртшылығы қатысты. Ашылу рәсімінде аймақ басшысы бұл нысан өңірдің білім беру инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеретін маңызды жоба екенін айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы биылғы тамыз конференциясының пленарлық отырысында: «Қазір – білім мен ғылымның заманы. Жаһандану дәуірінде озық білімді игерген, жаңа технологияны меңгерген елдің ұпайы түгел болады. Бүгін саналы ұрпақ тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз. Сондықтан осы саланы қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді», деп айрықша атап өткен болатын. Бұл нысан спорттық-сауықтыру, көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық бағыттары бойынша балалар мен жасөспірімдерге үлкен мүмкіндіктері бар даму бағдарын беретін бірегей орталық болары сөзсіз. Оқушылар сарайы өңіріміздегі қосымша білім беру ұйымдары үшін әдістемелік орталыққа айналып, педагогтер мен оқушыларға арналған түрлі іс-шаралар өткізілетін болады. Мемлекет басшысы арнайы тапсырмасымен құрылысы басталған жаңа Оқушылар сарайы Абай облысы құрылғаннан бергі салынып біткен тұңғыш әлеуметтік нысан болып отыр. 2023 жылы басталған бұл жоба Премьер-министрдің 2024-2026 жылдарға арналған жол картасына енгізілген. Алайда қаржылық қиындықтарға байланысты құрылыс тоқтап қалған болатын. Биыл Үкіметтің қолдауымен 7,6 миллиард теңге қаражатты бөлініп, құрылысы қайта жанданды. Бүгін міне еліміздегі 10-ыншы Оқушылар сарайының ашылуына жиналып отырмыз. Оқушылар сарайының орналасқан жеріне байланысты, балалардың қауіпсіздігі мен ыңғайлы кіріп-шығуы үшін арнайы жаяу жүргіншілер көпірін салуды жоспарлап отырмыз. Қазір аталған көпірдің жобалық-сметалық құжаттары әзірлену үстінде. Семей қаласында қазір қызмет атқарып тұрған Жастар сарайы 1991 жылы ашылған, одан кейін мұндай қосымша білім беру нысаны ашылмаған. Оқушылар сарайы – балалардың шығармашылығын, зияткерлік әлеуетін, көшбасшылық қасиеттерін дамытатын, білімді өмір салтына айналдыратын маңызды кеңістік. Осы игі іске үлес қосқан барлық әріптестерге, серіктестерге алғыс айтамын. Жаңа білім ордасы балаларымыздың арманына жол ашып, еліміздің болашағына қызмет етсін!», деді облыс әкімі.

Осылайша, облыс әкімі әсем ғимараттың қалай салынғанын, оның қандай маңызы барын айтып берді. Сонымен бірге салтанатты жиында Оқу-ағарту министрінің орынбасары Шынар Ақпарова жаңа нысанның өңір оқушыларына берері мол екенін жеткізді.

«Жүйелі мемлекеттік қолдаудың нәтижесі Абай облысының білім саласындағы айқын жетістіктерінен көрінеді. Биыл осы өңірдің оқушылары халықаралық және зияткерлік байқауларда 19 жүлделі орынға, ал республикалық деңгейде 167 жүлделі орынға ие болды. Сондай-ақ ауыл мектептерінің 9-11 сынып арасындағы республикалық олимпиадада 16 жүлделі орын иеленді. Бұл жетістік бала, ата-ана және мұғалімнің өзара бірлігінің нәтижесі. Баршаңызды Оқушылар сарайының салтанатты түрде ашылуымен құттықтаймын», деді министрдің орынбасары.

Білім басқармасының мәліметінше, ғимараттың құрылысы 2023 жылы басталған. Нысанның жалпы ауданы – 9 800 шаршы метр. Сарай 500 балаға арналған, ауысыммен 1 500 оқушыға дейін қабылдай алады.

Берік Уәли халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне стипендия тағайындады

Заманауи үлгіде салынған ғимараттың сыртқы көрінісі де көз тартады. Ал ішінің салтанатын санап тауыса алмайсыз, балаға керектінің бәрі осы жерден табылады. Мәселен, екі бассейн, хореография, шығыс жекпе-жегі, фитнес, үстел теннисі залдары, үстел ойындары, вокал және аспаптық музыка, дыбыс жазу, мүсін және ART студиялары, хореография, актерлік шеберлік, сәулет өнері, сондай-ақ VR технологияларын қолданатын ойын түріндегі имитациялық оқыту кабинеттері жұмыс істеп тұр. Ғылыми-техникалық бағыт аясында авиамодельдеу, жаңартылатын энергия көздері, аквапоника және гидропоника, нейрозертхана және нейроробототехника, 3D-басып шығару және модельдеу (M-TECH), бағдарламалау, видеография және кино, жаратылыстану ғылымдары бойынша зертханалар, сондай-ақ астрономиялық обсерваториясы бар.

Бала түгіл үлкен адамның өзі бір кірсе, шыққысы келмейтіндей. Рас, біз астрономиялық обсерватория дегенді кітаптан ғана оқып, білген едік. Ал ғимараттың қызығы онымен бітпейді, гуманитарлық бағытта медиа-орталық пен көптілді лингвистика кабинеті (қазақ, орыс, ағылшын және басқа да шет тілдері) бар. Балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында психологиялық қолдау бағытында сенсорлық бөлме мен сөйлеу тілін дамыту кабинеті және ашылған. Сонымен қатар тарихи-өлкетану бағытында коворкинг аймағы бар интерактивті кітапхана мен өлкетану клубы қызмет көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Берік Уәли халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне стипендия тағайындады

Білім • Бүгін, 16:10

Ел экономикасындағы 10 айшықты көрсеткіш анықталды

Экономика • Бүгін, 15:51

Стоматологиядағы қайғылы жағдайдың нәтижесі белгілі болды: Министрлік «Севораннан» бас тарта ма?

Медицина • Бүгін, 15:41

1414-тен хабарлама: Бас прокуратура алаяқтарға алданып қалмау жолын айтты

Қоғам • Бүгін, 15:32

«Ulytau Zhastary»: Биыл 32 жас отбасы баспаналы болды

Қоғам • Бүгін, 15:23

«Болашақ» шәкіртақысы: 2026 жылдан бастап талаптар қалай өзгереді?

Қоғам • Бүгін, 15:18

Қаңтар айында зейнетақы ерте түсе ме? Министрлік маңызды мәлімдеме жасады

Қоғам • Бүгін, 15:02

Елімізде полицейлер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

Қоғам • Бүгін, 14:57

Биыл Жамбыл облысына 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылған

Президент • Бүгін, 14:41

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанға арналған ескерткіш тақта орнатылды

Қоғам • Бүгін, 14:37

«12 жылға дейін қамау»: Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза бекітілді

Қоғам • Бүгін, 14:25

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізімі кеңейді

Қоғам • Бүгін, 14:17

Қазақстан боксшылары 2028 жылғы Олимпиадаға АҚШ-та дайындалады

Бокс • Бүгін, 14:06

Президент фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты

Президент • Бүгін, 13:20

Бауыржан Момышұлының мерейтойына арналған ұшу оқу-жаттығулары өтті

Тағзым • Бүгін, 13:00

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:216
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 16:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see139

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see138

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see134

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see134

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see133

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see132

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see130

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see128

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see125

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see123

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see122

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see121

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see120

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see118

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see117

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see117

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see116

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see115

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары