Абай облысында Дегелең стансасының вокзалы қайта жаңғыртудан кейін ашылды
Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Абай облысында Дегелең стансасының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Дегелең стансасының теміржол вокзалы 1953 жылы салынған. Қайта жаңғырту аясында ғимарат жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздік пен қызмет көрсету сапасына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, толықтай жаңартылды.
Құрылыс-монтаж жұмыстары барысында нөлдік цикл құрылысы, ғимарат қаңқасын тұрғызу, сыртқы және ішкі әрлеу шаралары жасалды. Сумен жабдықтау және кәріз желілерінің сыртқы инженерлік жүйелері, сондай-ақ ішкі инженерлік коммуникациялар жаңартылды.
Дегелең стансасының вокзалы II санатты вокзалдарға жатады. Станса арқылы Семей, Астана, Бейнеу, Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Қарағанды және Қандыағаш бағыттарымен қатынайтын 8 жолаушылар пойызы өтеді.
Вокзалды қайта жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымы нысанының сыртқы келбетін жақсартуға бағытталған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:86
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Тамыз 2026 10:50 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















