Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Әбіл : дәуір мен адам драмасы Елзат Ескендір

Әбіл : дәуір мен адам драмасы Елзат Ескендір

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

«Жекешелендіру» – күрделі тақырыптың бірі

– «Әбілдің» Қазақстан атынан «Оскарға» ұсынылуы – үлкен оқиға. Бірақ мұндай мәртебе режиссерге қуанышпен бірге жауапкершілік те жүктейді. Қазір қандай сезім басым?

– Шынымды айтсам, үлкен тол­қыныс жоқ. Тек мүмкіндікті ора­йымен пайдалану керек деген ой бар. Ол – «Оскардың» шорт-лис­тіне қабылдайтын арнайы ко­митет пен кәсіби гильдия  мүше­лерінен тұратын Киноакадемия мамандарының қаншасы біздің фильмді көрді және олардың кө­біне қалай көрсетуге болады деген мәселе. Өйткені, «Оскар» сияқты сыйлықтар халықаралық фести­валдердегідей емес, әрбір кино­академияның көптеген мүше­лерінің дауыс беруімен шешіледі. Ал фестивальдердегі сыйлықтар арнайы қазылар алқасының ше­шімімен анықталады. Бізде кейде «Оскарды» Канн, Венеция, Бер­лин секілді кинофестивальдермен салыстырып жатады. Бірақ кино саласында фестиваль мен сый­лықтың ара-жігін ажыратып алған жөн.

Фестиваль – негізінен жаңа фильмдерді ашатын, оларды алғаш таныстыратын алаң. Ал сыйлық – прокаты болған, жыл бойында көрсетіліп, көрерменге ұсынылған фильмдерді қорытындылап, баға­лау. Әр елдің өз сыйлығы бар. Мы­салы, Британия киноакадемиясы мен телевизиялық өнерінің сый­лығы – BAFTA, Француз кино­ака­демиясының сыйлығы Сезарь, Испания киноакадемиясы өнері мен ғылымының сыйлығы Гойя және Европалық киноакадемия­ның сыйлығы бар. Бұндай сый­лық­тар әр елде бар. Мен тек ең бе­дел­ділерін ғана атап отырмын. Яғни, соның бірі әрі ең атақтысы – «Оскар». Бізде де ондай сыйлық бар. «Құлагер» деп аталады. Алайда оған мемлекеттің назар аудармауы салдарынан бірде өтіп, бірде өтпей жатады. «Оскарға», жалпы осы сипаттағы сыйлықтарға қатысты ел біле бермейтін мынадай мәсе­лелер бар. Атап өткен бұл сыйлық­тың бәрі тек Европалық киноака­демияның сыйлығынан басқасы, ең бастысы өз елдерінің туынды­ларына арналып беріледі. Тек іштерінде бір ғана номинация «Өзге тілдердегі шетел фильмдері үшін» беріледі. Егер шетелдік қандай да фильм осы сыйлықтарға номинат болып жатса, демек осы номинация бойынша қатысып жатыр деген сөз. Ал «Оскар» – Америка киноакадемиясының сый­лығы. Яғни, бұл сыйлық негі­зінен америкалық және ағылшын тілді фильмдерге арналған. Тек кейінгі жылдары ішінара негізгі номинациялардың өзіне АҚШ тереториясында прокатқа шыққан фильмдерді де қатыстырып жүр. Біз «Әбілді» сол номинация бо­йынша ұсынып отырмыз.

Осыдан екі-үш күн бұрын ғана Азия елдерінен «Оскарға» ұсы­нылған фильмдерді Америка ки­ноакадемиясының мүшелеріне арнайы көрсететін Asian World Film Festival-дан шақырту алдық. Ол Лос-Анджелестің Калвер-Сити қаласында өтеді. Фестиваль ая­сын­да Азия фильмдеріне ар­налған арнайы конкурстар да ұйымдас­ты­рылады. Ең маңыздысы – сол фильм­дерді «Оскар» академия­сы­ның мүшелері көреді. «Әбіл» осы фестивальдің конкурстық бағ­дар­ламасына шақырту алды. Фес­ти­валь 12-19 қараша аралығында өтеді. Қазір соған дайындалып жатырмыз. Қазір біз үшін негізгі мәселе – жол шығыны. Соған қа­жетті қаржыны қарастырудамыз. Министрлік тарапынан қолдау болса деген ой бар. Өйткені осын­дай мүмкіндікті жіберіп алмауы­мыз керек деп ойлаймын.

– «Әбіл» – бір адамның тағдыры туралы фильм сияқты көрінгенімен, тұтас бір дәуірдің жарасын қоз­ғайды. Әбіл арқылы қазақ қоғамын­дағы қандай құрбандықты, қандай жоғалтуды айтқыңыз келді?

– Бұл сұраққа өзіңіз де жауап беріп отырған сияқтысыз. Фильм­ді көрермен көрді, өз бағасын берді деп ойлаймын. Туындыда сол кезеңдегі әділетсіздіктер мен қате шешімдер, олардың салдары көр­сетілді. Мұндай қателіктер тек белгілі бір кезеңге ғана тән емес, кез келген уақытта қайталануы мүмкін. Ал оның қоғамға, адам тағ­дырына тигізетін зардабы қан­дай болуы ықтимал деген ой да қоз­ғалды. Мен фильмде осы мәсе­ле­лерді көрсетуге тырыстым. Сол ой көрерменге жетті деп ойлаймын.

– Қазақ киносында тарихи та­қырып көп. Бірақ 90-жылдар әлі толық көркем игерілген жоқ сияқты. Бұл кезеңді экранға шығаруға не кедергі деп ойлайсыз?

– Барлық елде де тарихи та­қырып көп. Ол айтыла да, талқыла­на да беруге тиіс. Қазақ киносында да әлі қозғалмаған, тереңірек үңілуді қажет ететін тақырып аз емес. Әр тақырыптың өзіндік аясы, өзіндік қыры бар. Мәселен, 90-жылдар туралы сөз болғанда көбіне «лихие 90-е» деген түсінік алға шығады. Алайда кез келген қоғам бір ғана әлеуметтік сипаттан тұрмайды. Ресей киносында да, қазақ киносында да сол кезеңдегі бандиттік, рэкеттік, заңсыз әрекет еткен топтар туралы фильмдер көп түсірілді. Кей жағдайда олардың өмір салты романтизацияланып та көрсетілді. Соның бір мысалы ретінде Ақан Сатаевтың «Рэкетир» фильмін айтуға болады. Осындай туындылардың әсерінен көрермен санасында 90-жылдар көбіне бандитизм, рэкетпен байланысты кезең ретінде қалыптасты.

Ал мен, жаңа айтқанымдай, қоғамның бір ғана әлеуметтік сипаттан тұрмайтынын ескеріп, сол кезеңге басқа қырынан қарауға тырыстым. Бұған дейін көп айтыла бермеген тұсын суреттеп, экранға шығарғым келді. Меніңше, бұл ой көрерменге жетті, түсінікті болды деп ойлаймын.

Жалпы, қай кезеңде де, әсіресе ТМД кеңістігінде, бұрынғы ке­ңестік жүйеден шыққан елдерде саяси реңкі бар, әлі толық ашыл­маған тақырыптар кездеседі. Олар­дың арасында  кинода ғана емес, жалпы ғылымда да қоғамдық, ғы­лыми және құқықтық бағасын то­лық алмаған мәселелер бар. Мұн­дай тақырыптарға бару әрқа­шан қиын. Жекешелендіру тақы­рыбы да – сондай күрделі мәселе­лердің бірі. Соған қарамастан мен бұл тақырыпты көтердім. Нәти­жесінде ол көрермен мен қоғам­ның ой-санасында қайтадан жаң­ғырып, назарға ілікті. Суреткер ре­тіндегі негізгі мақсаттарымның бірі де осы еді. Сондықтан сол мақ­сатым белгілі бір деңгейде орындалды.

Көрерменді надан деп санауға болмайды

– Сіз қалай ойлайсыз, қазақ киносы әлемге несімен қызық: тарихи жарасы, адамның ауыр тағдыры?

– Біз кино арқылы әлемді бір­шама көріп, түрлі елдердің кино­герлерімен, продюсерлерімен, дистрибютерлерімен, фестиваль мамандарымен араласып жүрміз. Сол тәжірибеге сүйенсек, қазақ киносына қатысты «мына та­қырып өтеді, мына тақырып өтпейді» де­ген нақты талап жоқ. Ең бастысы, талантты туынды, сапалы дүние, суреткерлік көз­қарас пен көркем­дік деңгейде кино түсірілуі керек. Фильмнің әлеуметтік салмағы, филосо­фия­лық мазмұны терең, көркемдік-сапалық құрылымы жақсы болса, ол қай жерде де, қай уақытта да өз көрерменін табады. 

Әлемдік кинода белгілі бір ке­зеңде өзекті болатын тақырыптар бар. Олар қоғамдық-саяси өмірде, халықаралық қатынастарда да жиі көтеріліп, кеңінен талқыланады. Сондықтан мұндай мәселелердің өнерде де көрініс табатыны белгілі. Қазір әйелдер мәселесі, нәсілдік және жыныстық азшылық, имми­грация мен экологияға көбірек назар аударылып отыр. Өйткені бұлар – бүгінгі әлемнің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды мәсе­лелер. Сондықтан мұндай тақы­рып­тарды арқау еткен фильмдердің бірден назарға ілігуі заңды. Алайда бұл тек қазақ киносына қатысты үрдіс емес, бүкіл әлемдік киноға ортақ құбылыс. Қандай тақырып таңдалса да, негізгі шарт өзгермей­ді: туындының әлеуметтік сал­ма­ғы, философиялық мазмұны мен көркемдік сапасы жоғары болуы керек.

– Кейінгі кезде отандық фильм­дерден актерлермен қатар танымал блогерлер мен жұлдыздарды да жиі көріп жүрміз. Мұндай үрдіске көзқарасыңыз қалай?

 – Мен үшін ең алдымен көр­кемдік сапа, мазмұн, туындының әлеуметтік сипаты маңызды. «Әбіл­ді» көрермен қалай қабыл­даса да түсіруім керек деп түсірдім. Алдағы уақытта Еуропа, Қытай және жалпы әлем киносының тәжірибесі көрсетіп отырғандай авторлық, терең мазмұнды, көркем сапалы дүниемен де касса жина­ғым келеді. Ол үшін тақырып пен көрермен сұранысын дұрыс үйлес­тіре білу керек. Бұл міндетті түрде хайп пен жеңіл дүниеге жүгіну деген сөз емес.

Көрерменді надан не тобыр деп санауға болмайды. Оның тал­ғамы әртүрлі. Соңғы 5-10 жылдағы қазақ киносының даму бағытын, коммерциялық табысқа жеткен фильмдердің тенденциясын үнемі бақылап отырамын. Байқағаным – көрерменнің сапалы әрі мазмұнды дүниеге деген сұранысы жылдан-жылға артып келеді. Бұл – жақсы көрсеткіш. Сондықтан болашақта авторлық, мазмұнды фильмдер де жақсы касса жинайды деген ойдамын.

«Әбіл» мемлекеттік қаржыға түсірілді. Егер фильмге марке­тинг­тік тұрғыдан тиісті қолдау көр­сетіліп, оны насихаттауға жеткі­лікті қаржы бөлінгенде, коммер­циялық табысы қазіргіден бірнеше есе жоғары болуы мүмкін еді. Кейінгі көрсетілімдерден де фильмге көрерменнің қызығу­шы­лығы бар екенін байқадық. Сон­дықтан авторлық кино арқылы да үлкен табысқа жетуге болатынына сенемін.

Касса жинау үшін танымал жұл­дыздар мен блогерлерге сүйе­нуді мүлдем қате деп айта алмай­мын. Бұл да – маркетингтің бір тәсілі. Бірақ бұл мен ұстанатын жол емес дегім келеді. Менің ұста­нымым мынау: кастинг кезінде адамның қаншалықты танымал екеніне емес, экрандағы кейіп­керге қаншалықты сай келетініне мән беремін. Ең бастысы – оның болмысы мен тағдыры сценарий­дегі кейіпкердің табиғатына жа­қын болуы керек.

«Әбілдегі» Ерлан Төлеутайдан бастап эпизодтық рөлдер мен көпшілік сахнасына қатысқан адамдарға дейін осы ұстаныммен таңдалды. Режиссер ретінде мен үшін басты талап – экрандағы ке­йіпкер мен оны сомдайтын адам­ның болмысы бір-біріне жақын болуы. Егер сол сәйкестік бар бол­са, оның танымалдығы немесе кә­сіби актер болуы екінші кезек­тегі мәселе.

– Әңгімеңізге көп рақмет!

Сұхбаттасқан Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:67
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2026 08:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see123

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары