Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Цифрлық қызмет: жаңа дәуір

Цифрлық қызмет: жаңа дәуір

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазірдің өзінде мемлекеттік қыз­меттердің шамамен 90%-ын аза­маттар онлайн форматта ала алады. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мә­ліметінше, eGov.kz порта­лын­да тіркелген пайдаланушылар са­ны бүгінде 15,1 млн адамнан ас­ты. Ай сайынғы белсенді ау­ди­то­рия – 6,4 млн пайдаланушы, ал күн сайын қосымшаға 671 мың­нан астам адам кіреді. 2025 жы­лы азаматтарға арналған 220 цифрлық сервис пен мемлекеттік қызмет қолжетімді болған. Ең сұ­ра­нысқа ие сервистердің қа­та­рын­да банктік қарыздар мен мик­рокредиттер алудан ерікті түр­де бас тарту сервисі, сотты­лы­ғының бар немесе жоқ екені ту­ралы анықтама, сондай-ақ заңды тұлғаның тіркеу әре­кет­тері туралы анықтама бар.

«Ұлттық ақпараттық тех­но­ло­гиялар» АҚ басқарма төрағасы Дәулет Бекмановтың айтуынша, компания ақпараттық қызмет көрсету саласында мемлекеттік ор­гандармен бірлесіп, азаматтар үшін қызмет алу үдерісін жеңіл­де­те отырып, мемлекеттік қыз­мет­терді цифрландыру бағытын­да жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді.

– Біз eGov Mobile мобильді қо­­­­сымшасы арқылы алынған қыз­меттер санының жыл сайын тұрақты өсіп отырғанын байқап отыр­мыз, бұл атқарылған жұ­мыс­тың тиімділігін көрсетеді. Сон­дай-ақ «Цифрлық құжаттар» құралы қазақстандықтардың күнделікті өмірінде қалыпты әрі кеңінен қолданылатын сервиске айналғанын атап өткім келеді. Қазір олардың саны 39-ға жетті, оның ішінде жеке куәлік, жүр­гізу­ші куәлігі, студенттік билет жә­не басқа да әлеуметтік маңы­зы бар құжаттар бар», – дейді Д.Бекманов.

Цифрлық технологиялардың жедел дамуы әлем елдерінің әлеу­меттік-экономикалық, қо­ғам­дық-саяси өмірін қарқынды өзгертіп жатыр. EconomyKZ.org порталының сарапшысы Лина Егель «ЖИ енді жай ғана тех­но­логия емес. Ол – инфрақұрылым. Оның қолданылуы медицинаны, қаржыны, білімді, өндірісті, тіп­ті әскери және саяси саланы, бә­рін-бәрін қамтиды», – дейді. 

ЖИ – ақылды көмекші 

Демек, біз қаласақ та, қа­ла­ма­сақ та, ЖИ технологияларын бар­лық салада қолдану алдағы уа­қытта бұдан да жылдам өсе бере­ді деген сөз. Замана көшінің соңында қалмай, цифрлық бола­шаққа қадам басқан Қазақстан ай­мақтағы технологиялық көш­бас­шы болуға ұмтылуда. Қазір елі­міз БҰҰ-ның бағалауынша, әлем­дік цифрландыру индексін­де 24-орынға көтеріліп, «Элек­трон­ды үкімет» платформасын жаңар­туды жалғастырды. Жоға­ры­да айтқанымыздай, мемлекет­тік қызметтерді алу 100%-ға жуық дерлік онлайн форматта жүзеге асып отыр. Нәтижесінде, халық­қа қызмет көрсету орталықтары цифрлық кеңсеге айналады. Ха­лық өзіне қажетті құжаттарды, мә­ліметтер мен ақпараттарды алу үшін eGov AI деп аталатын ақыл­ды чат-боттың көмегіне жү­гінуіне болады. Сондай-ақ eGov.kz порталы, eGov Mobile мобильдік қосымшасы мен e-Otinish сияқты негізгі элект­рон­дық сервистерге жасанды ин­тел­лект енгізілді. Яғни, eGov Mobile мобильдік қосымшасы мен e-Otinish сияқты негізгі элект­рон­дық сервистерге қосылған eGov AI деп аталатын ақылды чат-бот­қа пайдаланушылар сұрағын тү­сінікті етіп жазса болды, қа­жет­ті анықтама немесе қызметті қа­лай алуға болатынын түсін­ді­ріп, сілтемесін де жібереді. Бұл ма­мандардың айтуынша, қызмет көр­сету жылдамдығын арттырып қана қоймай, сапаны жақ­сар­туға, өтінім беру процесін жеңіл әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді. Тіпті, жасанды интеллект заң жазып, оның кейінгі орын­далуын да бақыламақ. Жасанды ин­теллект және цифрлық даму ми­нистрі Жаслан Мәдиев жа­қын уақытта eGov порталының жаңарған нұсқасы іске қосы­ла­тынын айтты. Оның хабарлауын­ша, қазіргі қолданыстағы eGov пор­талы 2013 жылғы техноло­гия­лар негізінде құрылған және өз мүмкіндігі шегінде жұмыс іс­теді. Кейінгі жылдары инф­ра­құры­лымға жүктеме артып, сер­вистер жиі істен шыға берген. Осы жағдайларды ескерген ми­нистрлік eGov-ты жаңа тех­но­ло­гиялық шешімдер негізінде eGov 3.0 жаңа нұсқасын жасақтап жа­тыр. Жоба халықтың мемле­кет­тік қызметтерге үздіксіз қол жет­кізуі үшін кезең-кезеңімен іс­ке асырылады.

Онлайн қызмет оңтайлы ше­шім бе?

2026 жылғы 8 қаңтарда Microsoft жариялаған жаңа дерек­тер­ге сенсек, ЖИ қолдануда ең жыл­­дам өсіп келе жатқан нарық ре­­тінде Оңтүстік Корея аталады. Бұл елде еңбекке қабілетті жас­та­ғы ЖИ қолданушылар саны 2025 жылдың бірінші жарты­сы­нан екінші жартысына дейін 18,5 пайызға артқан. Ал АҚШ-тың ға­лымдары, инженерлері, кә­­сіпкерлері мен компания бас­­­­­­шылары жасап жатқан өнім­дер әлемдік стандартқа айнал­ға­ны­мен, ЖИ-ді жаппай қолдану жа­­­ғынан Америка көшбасшы са­­налмайды. Мұның себебі – ІТ-маманы, киберқауіпсіздік са­­ласы бойынша сарапшы Ға­сыр Құралбайұлының түсін­діруін­­ше, оларда алдымен сапа со­­сын масштаб деген ұранға бай­­ланысты болуы мүмкін.

– Менің білуімше, еліміз мем­­­­­­­­лекеттік қызметтерді авто­мат­­тандыру немесе цифрлан­дыру бойынша әлемде алғашқы топ 10 немесе 15-ке кіреді. Бұл – біз үшін оң өзгеріс. Ал Оңтүстік Ко­реяда чат-боттардың тез ен­гі­зілуі мен тез қабылдауының бір­­неше факторы бар деп ой­лай­мын. Ондағы халық­тың цифр­лық сауат­ты­лығы мен техно­ло­­гия­ға се­нім­ділігіне байланыс­ты болуы мүмкін, – дей­ді ол. 

Ал біздің елдегі ха­лықтың цифр­лық сауаттылығы мен жаңа тех­но­ло­гияға сенімділігі ту­р­а­лы сөз қозғағанда, бұл бағытта нақ­ты зерт­­теу бар ма деген сұ­рақ туын­­дайды. Прези­дент жанын­да­ғы Страте­гия­лық зерттеулер инс­титутының дере­гін­ше, Қа­зақ­стан халқының тех­но­ло­гия­лар­ға деген сенім дең­гейі әр­қи­лы. Институттың бас ғы­­­лы­ми қыз­меткері Айгүл За­биро­ва­ның пі­кірінше, цифр­лық сенім өз­ді­гінен пайда бол­май­ды, оны бір түй­мені басу ар­­­қылы іске қосу не­месе бір ғана формалды нор­ма ар­қылы бекіту мүмкін емес.

– Шын мәнінде, цифрлық се­нім сияқты жаңа әлеуметтік нор­маны қалыптастыру туралы айт­сақ... Бұл күнделікті өмірде пай­­да болады, бірақ әзірге ол ере­­желер мен институттарға қа­ра­­ғанда технологияда тезірек да­­миды. Дәл осы алшақтық бү­гін­де адам үшін алаңдаушылық ту­дырады. Адамдардан жасанды ин­теллектке қатысты қор­қы­ныш­тарын сұрағанда, олар кө­біне жасанды интеллекттің өзіне бай­ланысты ешнәрсе айтпайды. Олар телефон қоңыраулары, мес­сенджерлердегі хабарла­ма­лар, банктен келген хаттар тура­лы айтады. Сондықтан қауіп­тер­дің ішінде бірінші орында ма­­­­­­­­­­ши­налардың «көтерілісі» емес, кибералаяқтық тұр. Одан рес­понденттердің 55,3%-ы қауіп­те­неді. Сондықтан да алаңдаушы­лық көбіне цифрлық орта өмі­р­­­­дің үйреншікті бөлігіне ай­нал­ған жерде жиі пайда болады: дәл сол жерде сенім мен қорға­ныс­қа деген сұраныс ертерек қа­лыптасады, – дейді маман. Де­мек, жаңа технологияның енуі­мен қатар, қорғана білу және сауаттану мәселесі қатар жүреді. Бі­рінсіз бірін түсіндіру жоқ нәр­семен әуре болумен пара-пар дей­ді маман. 

Жалпы, цифрлық сауат­ты­лық және сенім, қауіпсіздік тұр­ғысынан алғанда, «бір терезе» қа­­­ғидасымен қызмет көрсететін ор­талықтардың сақталуын маңыз­ды деп санайтын топтың бар екенін де естен шығармаған жөн. Назарбаев университеті жа­нындағы Ұлттық талдамалық ор­талықтың зерттеуінше, қарт­тар, ауыл тұрғындары және әлеу­­­меттік жағдайы төмен аза­мат­тар үшін онлайн қызметтің айт­арлықтай қолайсыз жақтары бар. Сонымен қатар техникалық ақау­лар, мемлекеттік қызмет­тер­дің күрделенуі немесе алаяқ­тық әрекеттердің көбеюі де ХҚКО-ның сақталуына қажет­ті­лік тудырады. Талдамалық ор­­талық ұсынған зерттеу қоры­тын­дысына сәйкес, респон­дент­тер­дің 75%-ы барлық қызмет он­лайн форматқа көшсе де, фи­зикалық кеңістіктерді сақтау ке­ре­гін қолдаған және олардың 86%-ы ХҚКО-лардың өз елді ме­кендерінде жабылуы айтар­лық­тай қолайсыздық туғызады деп есептейді. Тек 10%-ы бұл мә­­­­селе емес десе, тағы 4%-ы нақ­ты жауап бере алмаған. ҰТО Зерт­теу орталығының жетекшісі Сәуле Ғазизованың пікірінше, әлі де ХҚКО қоғам мен биліктің маңыз­ды өзара іс-қимыл алаңы болып қала береді.

– Қазақстандықтардың цифр­лық қызметтерге деген сұра­нысы өсіп келе жатқанына қара­­мастан, олардың басым бөлігі халыққа қызмет көрсету ор­талықтарынан бас тартуға асық­пайды. ХҚКО-ға деген қа­жеттілік тек жас, география­лық немесе қаржылық факторлармен шектелмейді. Қалада тұратын, орта жастағы және қаржылық жағдайы жақсы азаматтар да цифрлық кеңістікті қауіп-қатер аймағы ретінде қабылдай отырып, ХҚКО-ларға басымдық бере алады. Көптеген азамат бұл өзгерістің барлығын бақылап үлгермейді, сондықтан мемлекет тарапынан қолдау мен көмек күтеді. Сондықтан ХҚКО-лар­дың жабылуы – оңтайлы шешім емес, – дейді маман.

Ал цифрлық кеңселер пайда болған жағдайда халыққа қыз­мет көрсету орталықтары қыз­мет­­­керлерінің рөлі де өзгереді. Ен­ді олар кеңесші әрі көмекші ре­тінде жұмыс істеп, азаматтарға он­лайн қызметтерді қалай пай­далану керегін түсіндіреді және күр­делі жағдайларда қолдау көр­сетеді.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 10:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары