Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Адамдар шынайылыққа шөлдеп отыр

Адамдар шынайылыққа шөлдеп отыр

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Әдеби сауалдамамыздың ке­зек­ті қонағы – Ұлттық кітапхана директоры Ғазиза Құдайберген. Дәстүрлі сұрақ: не оқып жүрсіз? 

– Қазір ақпарат ағыны адам санасын шаршатып, «цифрлық улану» белең алған тұста жанымызға араша іздейтініміз белгілі. «Не оқып жүрсіз?» деген қарапайым сұрақтың астарында үлкен әлеу­меттік диагноз жатыр. Бұл сұрақ адамның бос уақытын ғана емес, оның дүниетанымын, рухани деңгейін, ойлау мәдениетін де аңғартады. Сондықтан кітап оқуды жай ғана ермек емес, ішкі мәдениет пен жүйелі әдетке айналдыру жа­йына тоқталсам.

Жалпы, кітап оқу мәдениеті кітапханадан емес, отбасынан бас­талады. Жас оқырман бір күнде қалыптаспайды. Оның алғашқы мектебі – үй, алғашқы кітапхана­сы – ата-анасының кітап сөресі. Баланы кітапқа күштеп баулу мүмкін емес, оны тек қызықтыруға болады. Мұның ең қарапайым жолы – ауыз әдебиеті. Ертегі, аңыз, батырлар жыры мен шешендік сөздер баланың қиялын дамытып қана қоймай, тілдік қорын ба­йытады. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиесінде ауыз әдебиетіне ерекше мән беруінің себебі де осында.

Жас оқырман қалыптастыру туралы айтқанда бір маңызды нәр­сені ұмытпауымыз керек. Қазір балаларға да, ересектерге де бір­ден психология, бизнес немесе мотивациялық әдебиет ұсынуға бейімбіз. Алайда бәрінің басында көркем әдебиет тұрады.

Көркем әдебиет адамды ой­лауға үйретеді. Ол эмоцияны тануға, мінезді түсінуге, өмірді сезінуге мүмкіндік береді. Та­рихи кітаптар тарихи сананы қа­лыпта­стырса, мемуарлар өмірлік тәжірибе береді, ал көркем шы­ғарма адамның жан дүниесін тәр­биелейді. Сондықтан тұлға болып қалыптасудың, ойлау жүйесін түзетудің негізі – көркем әдебиет.

Бүгін қоғамда қатыгездік, тө­зімсіздік, өзгені тыңдай алмау сияқты мәселелер жиі байқалады. Мұның бір себебі – адамның өзгенің тағдырын сезіне алмауы. Ал әдебиет бізге басқа адамның көзімен қарау­ды үйретеді. Бір кейіпкердің қуаны­шын бірге сезініп, екіншісінің қайғысына ортақтасқанда эмпатия қалып­тасады. Кітап оқитын адам өзгелердің эмоциясын түсінуге, кешіре білуге, ашуды емес, сабырды таңдауға бейім келеді.

Кітаптың адам психологиясына әсері ғылыми тұрғыдан да дәлелденген. Белгілі библиотерапевтер Элла Берту мен Сьюзен Элдеркиннің зерттеулеріне сүйен­сек, дұрыс таңдалған кітап адам­ның эмоционалдық жағдайын жақ­сартуға көмектеседі.

Мысалы, цифрлық құрылғы­лардан шаршағанда ұзақ әрі тартымды роман немесе триллер оқуға бо­лады. Сюжетке терең еніп кеткен адам телефонға алаңдамайтын дең­гейге жетеді. Күйзелісті азайту үшін көркем сурет альбомдарын немесе фото-кітаптарды қарау пайдалы. Ал мазасыздық пен ішкі агрессияны төмендету үшін жылы, мейірімге толы шығармалар оқу ұсынылады.

Әдебиеттің тағы бір маңыз­ды қызметі – бізді өмірдің күр­делі тақырыптарымен таныс­тыру. Аутизм, жалғыздық, пси­хо­логиялық ерекшеліктер немесе қоғам­да көп айтыла бер­мей­тін мәселелер туралы үздік шы­ғармалар оқырманның дүние­танымын кеңейтеді. Мұндай кітап­тар диагнозды емес, адамды көруге үйретеді. Өзгеше жандардан қорықпауға, оларды түсінуге, мейірімді болуға тәрбиелейді.

Кейінгі жылдары мемуар мен эссе жанрына қызығушылық арт­қаны кездейсоқ емес. Адамдар шынайылыққа шөлдеп отыр. Биографиялар мен естеліктерде ойдан құрастырылған кейіпкер емес, өмірде болған адамның тағдыры айтылады. Сондықтан мұндай кітаптардан алынатын сабақ та тереңірек болады. Бүгінгі қоғамда жағымды кейіпкерлердің жетіспей жатқаны жиі айтылады. Сол себепті өмірде болған адамдар туралы кітаптар мен фильм­дер көпшіліктің назарын аударып отыр.

Әрине, кітап оқуды жарысқа айналдырудың қажеті жоқ. Кейде бір кітаптан алған әсер ондаған кітаптан артық болуы мүмкін. Сондықтан түсініп оқу мәдениетін қалыптастыру маңызды.

Неше кітап оқығаныңыз емес, оқыған дүниеңіздің сізге не бергені маңызды. Кітапты асықпай оқу, маңызды ойлардың астын сызу, кейіпкерлердің әрекетін саралау, өз өміріңізбен байланыстыру – нағыз оқырманның белгісі.

Неміс жазушысы Карстен Хеннің «Кітап жеткізу қызметі» романында кітаптың адам өмірін өзгерте алатын ерекше күші әсерлі суреттеледі. Шын мәнінде жақсы кітаппен өмір сүру – үлкен бақыт. Кейде таңғы бесте оянып алып, соңғы беттері қалған шығарманы аяқтауға қимай отырудың өзі оқырманға ғана түсінікті ерекше сезім.

Бүгінгі қоғамда адам уақытпен, ақпаратпен, бір-бірімен жарысып өмір сүріп жатыр. Бірақ өмірдің мәні біреумен бақталасуда емес. Парасат пен тыныштықтың, терең ой мен мейірімнің үлкен бөлігі кітапта жатыр.

Сондықтан кітап жазатын да, оны басып шығаратын да, насихаттайтын да адамдардың жа­уапкершілігі зор. Өйткені жақсы кітап жақсы оқырман тәрбиелейді, ал жақсы оқырман жақсы қоғам қалыптастырады.

Сол себепті «Не оқып жүр­сіз?» деген сұраққа берілетін жауап әр адамның ғана емес, тұтас қоғамның рухани ахуалын көрсететін маңызды өлшем болып қала береді.

Өзім дәл қазір Ричард Овен­деннің «Сожжение книг», Фре­дерик Барбьенің «История библиотек», Эван Фрисстің «Там, где живут книги» секілді кітап пен кітапхана тарихын зерделейтін еңбектерін оқып жатырмын. Бұдан бөлек Мортимер Адлер мен Сер­гей Поварниннің оқу мәдениет­іне арналған зерттеулерін, Элла Бер­ту мен Сьюзен Элдеркиннің «Книга как лекарство для детей» атты библиотерапия жөніндегі кіта­бын парақтаудамын. Ал Митико Аояманың «Вы найдете это в библиотеке», Фрейя Сэмпсонның «Библиотека моего сердца», Хелен Рольф­тың «Библиотека всего на свете» және Софи Лароштың «Толь­ко не читайте эту книгу!» шығар­малары кітапхана әлемін көркем әдебиет арқылы тануға жетелейді.

Бұл кітаптарды қатар оқу­дың өзі қызық тәжірибе болды. Бірі кітаптың тағдырын, бірі кітапханалардың өркениеттегі орнын, енді бірі оқырман психологиясын баяндайды. Осы ой­лардың барлығы бір арнаға тоғы­сып, кітапхана мен кітапхана­шының қоғам алдындағы қырағы жауапкершілігін, баланы ерте жастан көркем әдебиетке баулу­дың маңызын, кітаптың жан дүниеге әсерін және саналы оқу мәдениетінің мәнін тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.

– Шынайы пікіріңізге рахмет.

Дайындаған –

Маржан ӘБІШ,

«Egemen Qazaqstan» 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Маусым 2026 11:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see183

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see167

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see163

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see162

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see161

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see161

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see160

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see160

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see159

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see159

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see159

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see158

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see157

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see157

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see156

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see155

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see155

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see155

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see154

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see154
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары