Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Саңырауқұлақ сағатына 3% өседі

Қазақстандық өз әкесін сотқа берді енді ол ай сайын оған 40 мыңнан төлейтін болады

Ата аналар тілегін тыңдады

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Жылуыңды жаз қамда

“Адамдар жылап, дұға етті“ ұшақ Шымкентке қона алмады

“Адамдар жылап, дұға етті“ ұшақ Шымкентке қона алмады

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Әлеуметтік желілерде Алматы - Шымкент рейсінің жолаушылары қатты найзағай кезінде түсіріп алған видео таралып жатыр. Кадрлардан ұшақ иллюминаторының сыртындағы найзағай жарқылын көруге болады, - деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Threads-тегі жазбада ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе кемесі Шымкентке бірден қона алмай, қосалқы аэродромға бағытталғанын айтты.

Жолаушының айтуынша, рейс Алматыдан 22:50-де ұшуы керек еді, алайда алдымен 30 минутқа, содан кейін тағы жарты сағатқа кешіктірілген. Нәтижесінде ұшақ түн ортасына таман көкке көтерілді.

Қазақстандықтың айтуынша, жоспарланған қону уақытына шамамен 15 минут қалғанда ауа райы күрт нашарлаған.

"Қатты найзағай басталып, күн күркіреді. Басында жағдайдың маңыздылығын түсінбей, видеоға түсіре бастадық. Бірақ қатты турбуленттіліктен ұшақ қауіпсіз қона алмай, қатты теңселе бастады", - деп жазды ол.

Оның сөзінше, ұшақ 15 минуттай қатты шайқалған. Лайнердің қонуға бет алған кезі болғандықтан, жолаушылар арасында үрей туып, жағдай қиындай түскен.

"Кейбіреулер жылап, дұға оқыса, енді біреулері сабыр сақтауға тырысты. Бортсеріктер жолаушыларды үрейге бой алдырмауға шақырып, жағдай бақылауда екенін айтып, тыныштандырумен болды", - делінген жазбада.

Жолаушы экипаждың жұмысын да атап өтті. Оның айтуынша, ұшқыштар күрделі ауа райы жағдайында қонудан бас тартып, қосалқы аэродромға бет алу туралы шешім қабылдаған.

"Экипаж Тараз қаласындағы қосалқы аэродромға бет алуға шешім қабылдады. Ұшу кезінде жолаушыларға бұл туралы хабарланған жоқ, тек сәтті қонғаннан кейін ғана бортсеріктер Таразға табан тірегенімізді айтты", - деді жазба авторы.

Оның дерегінше, ұшақ Таразға шамамен түнгі сағат 02:00-де жеткен. Содан кейін жолаушылар әуежайда бір сағаттай күтіп, кейін Шымкентке қайта ұшу ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, әйелдің айтуынша, адамдардың бір бөлігі сапарын жалғастырмауға шешім қабылдаған.

"Алайда жолаушылардың жартысына жуығы бастан өткерген жайттан кейін өмірлерін қатерге тіккісі келмей, ұшуды жалғастырудан бас тартты", - деп жазды ол.

Әуекомпания не дейді?

Жағдайға қатысты Scat әуекомпаниясы түсініктеме берді. Онда Шымкент әуежайына қону кезінде ауа райының күрт нашарлағанын растады.

"Шымкент әуежайына қону кезінде ауа райы нашарлады: желдің екпіні секундына 24 метрге дейін күшейіп, найзағай ойнап, нөсер жауды және желдің бағыты ауысуы мүмкін еді. Осыған байланысты Алматы - Шымкент рейсінің экипажы Тараз қаласындағы қосалқы аэродромға бару туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады компания.

Ауа райы жақсарғаннан кейін ұшақ рейсті орындауды жалғастырған.

"Қосалқы аэродромда болу уақыты шамамен 1,5 сағатты құрады, содан кейін ұшақ Шымкент әуежайына штаттық режимде қонды", - деді әуеомпания өкілдері.

Скриншот: Threads

Қазақстандықтар пікірі

Жазба астындағы пікірлерде көптеген қолданушы сол түні өздері де осындай қиын ауа райы жағдайына тап болғандарын айтты. Пікір қалдырушылардың бірі Алматыдан Шымкентке келесі рейспен ұшып, қону кезіндегі қиындықтар туралы айтты.

"Біз сіздерден кейін, 00:30-дағы рейспен ұштық, бізге де өте қорқынышты болды. Қала үстінде 40 минуттай айналып ұштық, төмендеп барып, қайта көтерілдік. Қорқынышты болды. Бірақ ұшқыштарға рақмет, ақыры Шымкентке қондырды", - деп жазды желі қолданушысы.

Басқа пікір қалдырушылар экипаждардың кәсібилігін атап өтіп, сол түні қалада болған қатты найзағайды еске алды.

"Үйде отырғанның өзінде өте қорқынышты болды, сіздердің не сезінгендеріңізді елестете аламын. Ағаш бұтақтары сынып, найзағай жарқылдап, күннің күркірегені жарылыс сияқты естілді", - деп бөлісті қала тұрғындарының бірі.

Кейбір қолданушылар күрделі метеожағдайларда қатты турбуленттілік пен бағыттың өзгеруі экипажға қону кезіндегі қосымша қауіптерден аулақ болуға мүмкіндік беретін штаттық қауіпсіздік шаралары екенін еске салды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 16:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see178

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see174

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see165

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see164

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see161

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see161

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see160

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see159

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see149

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see146

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see143

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see142

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see132

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see131

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see131

Саңырауқұлақ сағатына 3% өседі

21 Қыркүйек 2026 18:39see129

Қазақстандық өз әкесін сотқа берді енді ол ай сайын оған 40 мыңнан төлейтін болады

21 Қыркүйек 2026 11:14see129

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see128

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see128

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары