Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдеби сынның бәсі қандай?

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Осымен төртінші рет өтіп отырған «Қарағанды көктемі» поэзия фестивалі биыл әдеби сын жанрына арналды. Былтыр проза жанры қаузалған. Бұдан ұйымдастырушылар Қарағанды қаласының әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды филиалы әр жылы шамасынша әдебиеттің бір саласын қамтуға тырысып келе жатқаны байқалады.

Республикалық фестивальдың биыл­ғы қонақтары әдебиет­та­ну­шы, сыншы Әлия Бөпе­жанова, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, ақындар Серік Ақсұңқарұлы мен Ғалым Жайлыбай, сыншы, публицист Әмірхан Меңдеке, әдебиеттанушы, сыншы Амангелді Кеңшілікұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары, сыншы Бағашар Тұрсынбайұлы әдеби сын туралы сөйлеп, дәріс оқыды. Еліміздің түкпір-түкпірінен кел­ген жас ақындар мен қарағандылық сту­дент­тер әдеби сын туралы дәріс тың­дады.

Фестиваль болған соң ашылуында думан көрігі қызды. Бимен ашылып, ән шырқалды. Кеншілер шаһарындағы «Достық» үйінде «Жаңа заман әдебиеті және сын» тақырыбындағы дөңгелек үстел басында әдеби сын хақында біраз дүниенің құлағы қылтиды. Кейінгі кезде сын қабылдамақ түгілі, сынға мән беруді қойғанымыз, Мемлекеттік сыйлықтан бастап, «Меценат» секілді жекелеген атақты сыйлықтардың бірде-біреуіне сыншылар сарапшы бол­мағанын алға тартты әдебиетшілер. Кез келген әдеби байқаудың әуелгі төрешісі сыншы болуы керек. Ал сын болмай, әдебиет дамымайтынын айтып жатудың өзі артық. Мәселен, Еуропа жұртшылығына таралған кітаппен қатар ондағы шығармаларға қатысты рецензиялар бірінші оқылады. Туындының берері не, бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарағанда жетістігі мен кемшілігі, артықшылығы басым ба, уақыт бөліп оқуға тұра ма дегендей сұрақтардың жауабын ойлы оқырман сол жазбалардан біледі. Немесе шығармадағы автордың айтпақ ойын тап басып тани алды ма, жоқ, негізгі ойдың үстінен түспей, оқиға қуалап кетті ме, үлкен шығарманың қайырылатын тақырыптары да жетерлік емес пе? Бәйгі алған бүгінгі шығармалар туралы кіл мақтаудан басқа пікір ести қоймаймыз. Онымен әдебиет алысқа бармайды. Ең қорқыныштысы – біздің әдебиет айналасындағылар әлгіндей көтермелеулерді қалыпты жағдай ретінде қабылдайтыны. Бұлай болған соң соңдарынан келе жатқан жастар сын көтере ме сосын? Сұрақтың әкесі де – осы. Келістіріп мақтау қалыпқа айналған соң, жастар сын көтермейді деп ренжу қайбір орынды? 

Дөңгелек үстелде баяндама жасаған фи­лология ғылымдарының докторы, пофессор Жансая Жарылғап сын жанрына ғылыми тұрғыда тоқталып, жанр ішіндегі қатпарларын айқындап, жі­лік­­теп берді. Әлия Бөпежанова бас­пасөз бен интернет редакцияларында сын бөлімін ұйымдастыру керектігін көтер­ді. Бұрын кеңес өкіметі кезінде бұл жол­ға қойылғанын қаперледі. Жазу­шы­лар одағынан бастап бұған мүдделі бо­луға тиіс.

Ал Амангелді Кеңшілікұлы қазақ әдебиетінде сын жоқ деушілерді сынға алды. Ұлттық әдебиет қайнарына қанып, әлем әдебиетімен танысқан сыншы көлденең келген тақырыпты қаузап, сын, рецензия жаза беруі қаншалықты орынды? Шығармашылыққа уақыт тапшы мынадай кезеңде әдебиетке жетік қаламгер жілігі татитын дүниелер үшін ғана қалам көте­реді. Бәйгі алып жатқан ортақол дүние­ге неге уақыт шығындап, жүйкесін тоз­­дыру керек? Бұл да – ойланарлық сұрақ.

Бағашар Тұрсынбайұлы болса, Қуаныш Жазай атты жас ақынның жақын­да ғана жарыққа шыққан «Қара қазан» атты поэмасын бағалай келе, тап-тамаша дүниенің соңын ұзатып алғанын мәлімдеді. Фестивальге қатысушы туынды авторы қасында отырды. Бағашардың айтуынша, сыншы қазақ арасында қалыптасқан көңілжықпастықты қою керек. Шығарманың артық-кемін айтып, оқырманға дұрыс бағыт сілтеген жөн.   

Түстен кейін сыншылар екіге бөлініп Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті мен жоғары гуманитарлық колледжінде дәріс оқыды. Онда студенттермен бірге еліміздің әр өңірінен жиналған ақындар да қатысты.

Аталған университетте кешпен таласа жыр думаны қызды. Жиырма ақын сахнаға шығып, өлеңдерін оқыды. Арасында әндер шырқалды. Сыншылар мұнда өлең оқыған ақындардың ішінен озық шыққан біреуін таңдап, кеш соңында марапаттады. Олар бірауыздан жас ақын Әсел Кәрібайды жеңімпаз деп таныды. Семей топырағының тумасы Әсел қарындасымыз Мұхтар Мағауиннің 26 томдығын иеленді.

Келесі күні жас ақындар облыстық Тарихи-өлкетану музейін, Шахта мұра­жайын, Долинкадағы ҚарЛаг мұра­жайын аралады. «Мұнымыз жас ақындар өлке­міз­ден өлең арқалап қайтсын, жеріміздің тарихына қанықсын деген ойдан туды. Осындай үлкен шараны ұйымдастырғаны үшін әуелі Қарағанды қаласы әкімдігіне рахмет айтамыз. Осындағы бір посты­мыз­дың астына өзбекстандық бір ақын «біз де барғымыз келеді, халықаралық қылсаңыздаршы» деген ұсыныс айтыпты. Оны енді уақыт көрсетеді»  дейді фестиваль ұйымдастырушылары.

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Мәдениеттер тоғысындағы «Forte trio»

Өнер • Бүгін, 09:13

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Саяхат табысын еселеуге не кедергі?

Туризм • Бүгін, 09:05

Өрт сөндіру техникасымен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Астанада халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді

Көрме • Бүгін, 09:00

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Дәстүр мен жасампаздықты тұтастандырған Түркістан

Туризм • Бүгін, 08:55

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50

Оқитын ұлттың ойы озық

Пікір • Бүгін, 08:48

Шикізаттан композитті өнімге дейін...

Ғылым • Бүгін, 08:45

Сахна тынысы сарапталды

Театр • Бүгін, 08:43

Жаңарған музей – жаңғырған тарих

Мәдениет • Бүгін, 08:40

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Сәуір 2026 09:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары