Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Әділет партиясының жастар қанаты Қазақстанда вандализммен күресті бастады

Әділет партиясының жастар қанаты Қазақстанда вандализммен күресті бастады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Акцияның негізгі идеясы қарапайым: ортақ игілікті сақтау мәселесі әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.

Акция Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өтуде. Оның негізгі бағыттарының бірі – қоғамда құқықбұзушылықтарға, соның ішінде вандализм мен бұзақылыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру.

Әр өңірде акция өзіндік сипатта өтті. Алматыда белсенділер теңіз деңгейінен 1 610 метр биіктікте орналасқан «Ақ-Бұлақ» бұлағына көтеріліп, ақпараттық тақтайшаларды тазалады. Бұл тақтайшалар туристерге бағыт-бағдар беріп, табиғат аясындағы ережелерді еске салады.

«Әрбір бүлінген нысан мен ластанған аумақ табиғатқа деген көзқарасымызды көрсетеді. Туған өлкенің табиғатын келер ұрпақ үшін сақтап қалу – бәрімізге ортақ міндет», – деді «Әділет» партиясы жастар қанатының консультанты Зухра Иманбаева.

Зухра Иманбаеваның айтуынша, тазалық жүргізу жұмысы – уақытша шешім. Қоршаған ортаның тазалығы әр адамның табиғатты аялай білуінен басталады. Сондықтан белсенділер бұл акция арқылы тұрғындарға тауларды, соқпақ жолдар мен бұлақтарды сенбіліктер кезінде ғана емес, күн сайын қорғау қажет екенін еске салғысы келеді.

Алматыда белсенділер табиғатты қорғау ісіне көңіл бөлсе, Таразда тарихи мұраны сақтап қалу ісіне күш салды. Партия облыстық филиалындағы жастар қанатының 50-ден астам өкілі «Тектұрмас» этнотарихи кешені аумағын ретке келтірді. Бұл – көне қаланың тарихымен және түркі өркениетінің мұрасымен тығыз байланысты маңызды орындардың бірі. Акцияға қатысушылар ескерткіштер мен қоршаулардағы 150-ге жуық граффити жазуын өшіріп, аумақты тазалады.

«Тарихи орындарға құрмет көрсету – оларға ұқыпты қараудан басталады. Қоғамдық орындарды бүлдірген кезде оның салдары туралы әрдайым ойлана бермейміз. Жастар осындай акцияларға қатысу арқылы тек айналаны ретке келтіріп қана қоймай, туған өлкенің тарихына бейжай қарауға болмайтынын да көрсетеді», – деді «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жастар қанаты төрағасының орынбасары Мерей Жолдасбек.

Оралда тарихи орындарды ұқыпты ұстау мәселесі негізгі тақырыпқа айналды. Партия облыстық филиалындағы жастар қанатының белсенділері Жеңіс алаңы жанындағы мемориалдық кешенге барды. Онда олар Мәңгілік алау маңындағы жазуларды өшіріп, кейін Жайық өзенінің жағалауындағы қоқысты тазалады. Жуырда ашылған саябақта да вандализм іздерін жоюға тура келді. Мұндай жағымсыз әрекеттер жаңа нысандарда да орын алып жатқаны белсенділерді алаңдатуда. Тазалық жұмысы Жеңіс алаңында, А.С.Пушкин атындағы скверде және Пугачев көшесінің маңында жүргізілді.

«Тазалық жұмысын жүргізу арқылы қалаға деген жанашырлығымызды іс жүзінде көрсеткіміз келеді. Егер әрбір тұрғын қоғамдық мүлікті сақтау ісіне өз үлесін қосатын болса, қаламыз таза әрі көрікті болып қала береді», – деді «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалындағы жастар қанатының белсендісі Шұғыла Нұрмұханова.

«Әділет» партиясы үшін мұндай акциялар азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі саналады. Ол қалалардың қоғамдық өміріне жастардың белсенді араласуына ықпал етеді. «Вандализмге жол жоқ!» акциясы жалғасуда: жастар қанаты оны еліміздің өзге де өңірлерінде өткізуді жоспарлап отыр.

Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды Telegram арнадан оқи аласыздар.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:58
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 21:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see140

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see134

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see132

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see130

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see127

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see123

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see122

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see111

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see110

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see110

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see109

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see109

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see108

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see108

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see106

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары