Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Адвокатура дамуының жаңа кезеңі басталып келеді депутат

Адвокатура дамуының жаңа кезеңі басталып келеді депутат

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Спикердің сөзінше, жаңа Ата заң қабылданған соң, адвокатура институтына салмақты конституциялық құзырет беріледі.

– Отыз жыл бойы адвокатура Қазақстанда мұншалықты жоғары деңгейге ие болған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жуырда қолға алынған реформалар құқық қорғау институттарын жүйелі түрде нығайтуға серпін берді. 2022 жылы конституциялық реформа басталғанда, жұмыс тобы (ішінде өзім де бармын) құқық қорғаудың басты ерекшеліктеріне тоқталды: Конституциялық сот құрылды, сонымен бірге Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің конституциялық мәртебесі бекітілді. «Конституциялық мәртебе» деген нені білдіреді? Бұл – органға немесе институтқа құқықтық жүйеде нақты әсер ете алатындай анағұрлым салмақты құзырет беру мүмкіндігі. Адвокатураға да дәл осындай логиканы қолдануға болады. Конституцияда оның мәртебесін тікелей бекітетін бап пайда болса, құқықтық нормалар иерархиясының арқасында бүкіл заңнама жүйесін автоматты түрде күшейтеді. Адвокаттар артығырақ құзыретке ие болады, олардың процессуалдық құқығы прокуратура құқығымен теңеседі, – деп атап өтті Марат Башимов.

Қорғаушы мәртебесінің жоғарылауымен қатар Қазақстан адвокатурасының жауапкершілігі де артады.

– Бүгінде Қазақстанда адвокат көп. Олардың әрқайсысы мамандығы қоятын биік талаптарға сай келуі керек. Бұл кәсіби міндет қана емес, сонымен қатар өз қоғамдастығы алдындағы жауапкершілік. Бүкіл әлемде адвокатура десе, адалдық пен тазалық елестейді. Өйткені, оның миссиясы – адамдарға көмектесу. Бұл институтқа құқықтық қана емес, сондай-ақ моральдық та жауапкершілік жүктелген, – деді Марат Башимов.

Депутаттың айтуынша, бұл ретте адвокаттардың өздері де процестік кепілдіктермен қорғалуы маңызды.

– Адвокаттар жұмысын жетілдіруі керек және осы негізгі қағидаларға орала отырып, кәсіби стандарттарды нығайтуға тиіс. Бір мезетте, адвокаттардың өзін қорғау бағытындағы қызмет жүйесі де күшейтілуі қажет. Сонда олар өз миссиясын барынша жемісті атқара алады, – деп есептейді Марат Башимов.

Конституцияға түзетулер енгізу қазақстандықтардың жеке деректері таралып кетуіне байланысты жауапкершілікті де арттырады.

– Бүгінде бұл мәселе өте өзекті. Президент бұл тақырыпты бірнеше рет қозғады: азаматтар жөніндегі ақпаратты қорғауға қалай салғырт қарауға болады? Мен Конституцияда жеке деректерді қорғау туралы норманы бекітуді ұсындым. Оны басқа да негізгі кепілдіктермен бірге жеке құқықтар қатарына қосқан болатынмын. Бұл норма мемлекетке азаматтардың деректері желіде таралып кете беруіне қарсы жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Біз ақпарат және технология ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Көптеген үдеріс цифрландырылып жатқанда, келешек буындардың жеке деректерін қорғауға міндеттіміз. Конституция осы үшін қабылданып жатыр – ол елдің бүгіні үшін ғана емес, ертеңі үшін де қызмет етуі керек, – деді спикер.

Сонымен қатар спикер болашақ Парламенттің депутаттары жұмысына қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия жаңа Ата заңның мәтіні әр азаматқа түсінікті болуына күш салып жатыр.

– Конституция жобасын талқылау күнделікті жалғасып жатыр және бұл заңды да. Басты ұстаным – мәтін қарапайым және халыққа ұғынықты болуы шарт. Заңгерлер мен құжатты әзірлеушілерге мәтіннің тілге жеңіл, түсінікті және көпмағыналылықтан ада болуы маңызды. Қазір жұмыс қорытындылау кезеңінде. Мәтін дайын болған соң, әр адам оқып, таныса алады. Мұншалықты ауқымды әрі қажырлы еңбек сол үшін атқарылып жатыр, – деді Марат Башимов.

Айта кетейік, жаңа Конституция бойынша сөз еркіндігі қандай жағдайда шектелетіні хабарланды.

Алпамыс Файзолла, стажер

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 18:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары