Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Аида Балаева: Жекеменшік мектептердің көбеюі білім сапасын төмендетті

Аида Балаева: Жекеменшік мектептердің көбеюі білім сапасын төмендетті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мемлекет басшысы таяуда «Түркістан» газетіне берген сұхбатында білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесін реформалау қажеттігін атап өтті. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айтуынша, бұл ретте ең алдымен, жекеменшік мектептерді, балабақшаларды, даму орталықтарын және медициналық емханаларды «жан басына сәйкес қаржыландыру» мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.

− Осыған байланысты Үкімет жекеменшік ұйымдарға берілетін мемлекеттік тапсырыс тетіктеріне жан-жақты талдау жүргізіп, бірқатар көкейкесті мәселелерді анықтады. Атап айтқанда, жүйелерді ауқымды цифрландыру барысында салада бұрын байқалмаған заңбұзушылықтар мен олқылықтарды анық көрсетті. Бұл өз кезегінде аталған салалардағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына сай келмейді. Кейінгі 8 жылда жекеменшік мектептердің саны 7 есе артты. Бүгінде олар 785-ке жетті. Соған сәйкес бюджетке түсетін салмақ та күрт көбейді. Шығындар 2020 жылы 13 миллиард болса, 2025 жылы 242 миллиардқа дейін өсті, - деп атап өтті вице-премьер.

Сонымен қатар Аида Балаева 2020 жыл мен 2025 жылдар аралығындағы инвестициялық шығын 111 миллиард теңгені құрағанын алға тартты. Бұл қаражатқа шамамен 35 жаңа мектеп салуға болады.

− Соған қарамастан басты мақсат – орын тапшылығы мәселесін әлі де жоя алмадық. 2025 жылы бұл жетіспеушілік 251 мың орынға жетті. Бұл – облыстағы тұтас бір қаланың халқымен бірдей көрсеткіш. Жекеменшік мектептердің көбеюі білім сапасының төмендеуіне алып келді. Көптеген білім ошақтары нақты өңірлік қажеттілікті ескермей, ретсіз ашылды. Мәселен, олардың 80 пайызға жуығы жалға алынған ғимараттарда жұмыс істейді. Ал директорлардың біліктілігі мәселесі де сын көтермейді. Мектеп ғимараттары бизнес меншігінде қалып отыр. Жиырма жылдан кейін олардың түпкі мақсаты өзгеріп кетуі мүмкін. Бұл жүйеге деген сенімді азайтып, бюджет қаржатының тиімділігіне күмән тудырады, - дейді Аида Ғалымқызы.

Ведомство басшысы сондықтан қазір жағдайды түбегейлі өзгерту бойынша жүйелі жұмыс басталғанына тоқталды.

− Жаңа қаржыландыру тетігі пилоттық режимде іске қосылды. Мектептер толық цифрландырылып, бюджетке сәйкес реттелді. Бірақ бұл – биылғы оқу жылының соңына дейінгі уақытша шара. Негізгі міндет – жүйені толық қайта қарау. Ең алдымен, мемлекеттік тапсырыс нақты өңірлік қажеттілікке сай болуға тиіс. Жаңа мектептерге мемлекеттік тапсырыс беруге мораторий енгізу ұсынылып отыр. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде тек инвестициялық шығындарды өтеу тетігін қалдыру көзделуде. Сондай-ақ білім беру саласындағы бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында, ірі мегаполистерді қоспағанда, студенттік жатақханаларды қаржыландыру уақытша тоқтату мәселесі қарастырылуда. Бұл ретте барлық құқықтық және әлеуметтік тәуекелдер ескеріледі. Бағдарламаны кезең-кезеңмен тоқтату немесе шарттарын қайта қарау нұсқалары қаралуда. Дәл осындай мәселелер медицина саласында да байқалады. Үкімет азаматтардың өтініштерін ескере отырып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылатын жекеменшік медициналық ұйымдардың қызметіне талдау жүргізуде, - деді вице-премьер.

Айта кетерлігі, елімізде 20 миллионнан астам адам 698 бастапқы медициналық көмек ұйымына тіркелген. Соның 336-сы, яғни шамамен 48 пайызы – жекеменшік. Оларға тіркелген халық саны 5,6 миллион адам. Бұл – ел халқының шамамен 28 пайызы.

− 2020 жылдан бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін жекеменшік емханалардың саны 215-тен 336 ұйымға дейін өсті, ал тіркелген халық 3 миллионнан 5,6 миллионға дейін артты. Бүгінде алғашқы медициналық көмек ұйымдары республикалық бюджет есебінен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында, жан басына сәйкес қаржыландырылады. Ал 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаражаты есебінен жүзеге асады. Алайда жеке емханалардың саны көбейіп, оларға тіркелген халық екі есеге жуық артқанымен, бұл медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарта қойған жоқ. Бүгінде қосарланған қаржыландыру фактілері бар. Кей қызметтер міндетті және ерікті сақтандыру арқылы қатар төленуде. Кейде көрсетілмеген қызмет үшін ақы алынған жағдайлар кездеседі, - дейді Аида Ғалымқызы.

Мәлімдеуінше, тіпті лицензиясыз, тиісті жабдықсыз жұмыс істеген ұйымдар да бар.

− Бұл мәселелерді тек жүйелі өзгерістер мен толық цифрландыру арқылы шешуге болады. Денсаулық сақтау министрлігі халықтың нақты қажеттіліктеріне, демографиялық және көші-қон деректеріне сүйене отырып, медициналық көмекті жоспарлауға көшуде. Белсенді емес пациенттерді қаржыландыру жүйесінен шығару жоспарлануда. Тіркелу талаптары күшейтіліп, шағын емханалар біріктіріледі. Ал қаржыландыру көлемі ең тиімді мемлекеттік және сенімді жеке емханаларға бағытталады. Қосарланған төлем мен жалған есепті болдырмау үшін бірыңғай цифрлық бақылау енгізіледі. Барлық жүйелер біріктіріледі. Пациент көрсетілген қызметті мобильді қосымша арқылы өзі растайды. Бұл азаматтардың құқығын қорғайды. Сонымен бірге сапаны бақылау күшейе түседі. Тәуекелге бағдарланған қадағалау жүйесі енгізіліп, лицензиялау талаптары қатаңдайды, - деді министр.

Сондай-ақ сапаны бағалайтын бірыңғай мемлекеттік жүйе жасалып, Ұлттық сапа институтын ашу жоспарлануда.

− Сонымен қатар жеке медициналық ұйымдардың қызметі кешенді түрде тексеріледі. Ұсынылып отырған барлық шаралар жан басына сәйкес қаржыландыру жүйесін жетілдіруге бағытталып отыр. Біздің мақсатымыз – қаржыландыру жүйесін әділ, ашық және тиімді ету. Ең бастысы – бюджеттен бөлінетін қаражат халықтың игілігіне, білім мен денсаулық сапасын жақсартуға жұмыс істеуге тиіс, - деді Аида Балаева.

Соңғы жаңалықтар

Отандық тауар өндірушілердің тізілімі толықтырылды

Экономика • Бүгін, 13:50

Қаныш Әбубәкіров Қарулы Күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалды

Президент • Бүгін, 13:24

Екібастұзда мұз ойылып, суға кеткен балықшылар құтқарылды

Аймақтар • Бүгін, 13:22

Абай облысында сотталғандар некесін қиды

Отбасы • Бүгін, 12:57

Орталық Азиядағы ең үлкен стадион құрылысының 80 пайызы дайын

Спорт • Бүгін, 12:37

Әзербайжан Германия мен Австрияға газ жеткізе бастады

Әлем • Бүгін, 12:15

Көкшетауда шетел азаматтары отырған автобус жолаушылары эвакуацияланды

Төтенше жағдай • Бүгін, 11:52

Атырау облысында жоғалған отбасының ұлы мен қызын іздеу тоқтатылды

Қоғам • Бүгін, 11:33

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр

Қаржы • Бүгін, 11:22

Шешенстан басшысының ұлы Адам Қадыров жол-көлік оқиғасынан кейін ауруханаға жеткізілді

Әлем • Бүгін, 10:53

Астанада көпқабатты үйде болған өрттен 8 адам құтқарылды

Төтенше жағдай • Бүгін, 10:23

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:00

Рухани тәрбие мектебі

Аймақтар • Бүгін, 09:55

«Ауыл аманатының» шапағаты

Қоғам • Бүгін, 09:50

Қарап тұрсам, дүние... Эссе

Таным • Бүгін, 09:45

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 15:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see120

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see119

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see117

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see116

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see113

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see113

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see112

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see111

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see111

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see110

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see110

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see109

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see109

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see108

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see107

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see106

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see105

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see105

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары