Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Жемісті жеті жыл

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Айдын РЫСБЕКҰЛЫ: Рәміз бен нышан түрлі деңгейдегі белгілік категориясы

Айдын РЫСБЕКҰЛЫ: Рәміз бен нышан түрлі деңгейдегі белгілік категориясы

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бүгінгі қазақ тілінде «рәміз» бен «нышан» түрлі салада синоним сөздер ретінде қатар қолданылып келеді. Мысалы, «мемлекеттік рәмізді» кейде «мемлекеттік нышан» деп те жататынымыз белгілі. Алайда геральдика саласы мамандарының айтуынша, бұл қате, өйткені екі сөз – мағыналас болғанымен, семиотикалық жүйеде әртүрлі деңгейдегі белгілік категорияларды білдіретін ұғымдар. Рәміз және нышанның семантикалық мазмұны мен прагматикалық қолдану аясын ажырата талдау қазіргі қазақ тілінің терминологиясын жүйелеудегі маңызды міндеттің бірі екен. Осы орайда біз геральдист ғалым Айдын Рысбекұлын әңгімеге тартып, мәселенің ақ-қарасын айқындауды сұраған едік.

Сурет: aqtobegazeti.kz

– Қазір көпшілік «рәміз» бен «нышан» сөздерін синоним ретінде қабыл­дай­ды. Олардың арасында айыр­ма­шы­лық бар ма?

– Иә, бұл екі сөздің мағынасы ұқсас болып көрінгенімен, мазмұны мен қолданылу аясы – әртүрлі. Рәміз – нақты, көзге көрінетін заттық бейне, ал нышан – дерексіз, рухани-көркемдік образ. Рәміз сыртқы пішін арқылы білдірілсе, нышан ішкі мағына арқылы танылады.

Қазақ тіліндегі «рәміз» термині – араб тілінен енген парсы текті лексема. Этимологиялық тұрғыдан алғанда, «белгі», «таңба» мағыналарын қам­ти­ды. Терминологиялық контексте гераль­ди­ка­лық жүйемен сабақтасып, заттық және графикалық бейнелер жүйесін білдіру үшін қолданылады. Мысалы, мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Олар – көзге көрінетін, сипаттауға, сызуға келетін нақты бейнелер. Айталық, Тудағы көк түс – бейбітшілікті, күн – өмір мен жаңаруды, қыран еркіндікті білдіреді. Олардың геометриялық құрылымы, түстері, пропорциясы белгіленген.

Ал нышан керісінше, дерексіз. Оның нақты пішіні жоқ. Ол – адамның ішкі дүниесіндегі сезім, ой, түйсік арқылы қабылданатын көркем образ. Нышан – әдебиетте, поэзияда, мифологияда жиі кездеседі. Тікелей емес, астарлы мағынада қолданылады. Мысалы, «көктемнің нышаны» дегенде біз нақты көктемді емес, оның жақындағанын білдіретін белгілерді (құстардың келуі, қардың еруі) меңзейміз. Сол секілді «жақсылықтың нышаны» – бұл да нақты зат емес, көңіл күй, болжам, сезім.

«Нышан» сөзі қазақ тілінің төл лексе­масына жатады. Семантикалық тұрғы­дан алғанда, бұл ұғым да белгілі бір құбы­лыс­ты, идеяны немесе сезімді бей­нелейтін рәміздік мәнге ие. Алайда оның «рәміз» ұғымынан айырмашылығы – заттық емес, дерексіз және метафизикалық сипаттағы бейнені білдіреді.

– Рәміз – міндетті түрде көзге көрі­не­тін зат немесе бейне, ал нышан тек ойдағы белгілер ме?

– Дәл солай. Рәміз – көрнекі, қолмен ұстауға болатын немесе қағазға салып көрсетуге жарамды таңба. Оның мағынасы жалпыға ортақ: бәріміз Туды көргенде бірдей мағына қабылдаймыз. Бұл – рәміздің ресми және ортақ сипатынан туындайды.

Біз нышанды да бейнелеу мүмкін емес деп айта алмаймыз. Бірақ оны бейнелеу үшін суретші немесе жазушы міндетті түрде метафоралық тәсілге жүгінеді. Нышан – мағынаға жол ашатын образ. Мысалы, «сағыныштың нышаны» ретінде терезеге қарап отырған жалғыз адамның бейнесін салуға болады. Бұл жерде терезе – тек ішкі күйді білдіретін көркем бейне. Яғни нақты зат емес, идея­ны білдіретін астарлы сурет.

– Геометриялық пішін рәміз бе, әлде нышанға да қолданыла ма?

– Геометриялық пішін – тек рәмізге тән ұғым. Себебі рәміз – құрылымы бар, жүйеленген бейне. Елтаңбалар, логотиптер, эмблемалар – барлығы нақты геометрияға сүйенеді. Мысалы, шеңбер, жұлдыз, қалқан сияқты пішіндер арқылы мағына беріледі. Ал нышанда ондай талап жоқ. Тағы да айтайын, ол пішінге емес, мағынаға сүйенеді.

– Нышанды әр адам әртүрлі қабыл­дауы мүмкін ғой?

– Иә, бұл – нышанның ең басты ерекшелігі. Ол – субъективті мағына. Әр адам өзінің ішкі тәжірибесіне, сезіміне қарай оны әртүрлі түсінуі мүмкін. Мы­салы, шырақ біреуге үміттің нышаны болса, екінші біреуге еске алудың, сағыныштың нышаны. Бұл нышанның көп қабатты, көп мағыналы табиғатын көрсетеді.

– Бұл екі ұғымды ажыратудың маңызы неде?

– Бұл – тек тілдік мәселе емес, мәдени таным мен көркем ойлаудың негізі. Біз рәмізді тарихи, ресми, ортақ құндылық ретінде қабылдасақ, нышанды жеке, ру­хани және көркемдік образ ретінде тү­сінуі­міз керек. Осыны ажырата білу әдебиет­ті, өнерді, тілді терең түсінуге жол ашады. Сонымен қатар бұл ұлттық болмыс пен сана деңгейіндегі ойлау жүйесін қалыптастыруға көмектеседі.

– Әңгімеңізге рахмет.

 

Әңгімелескен –

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының жүлде қоры жарияланды

Футбол • Бүгін, 12:08

Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

Президент • Бүгін, 11:51

«Astana Motors»: Отандық көлік өнеркәсібіндегі серпіліс

Технология • Бүгін, 11:42

Цифрландыру, инфрақұрылым және активтердің қайтарылуына ел тұрғындарының көзқарасы қандай?

Қоғам • Бүгін, 11:40

Еуроодақ ресейлік газдан бас тарту туралы шешім қабылдады

Оқиға • Бүгін, 11:35

«Жетісу» футбол клубына бас бапкер тағайындалды

Футбол • Бүгін, 11:25

Атырау облысында аңшы жоғалып кетті

Оқиға • Бүгін, 11:13

Димаш Құдайберген медицина университетінің құрметті профессоры атанды

Қоғам • Бүгін, 11:01

Қазақстанда бағдарламалау мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 10:51

Кеңгір ауылы газға қосылып, таза ауыз сумен қамтылды

Қоғам • Бүгін, 10:40

Алматы метросының «Қалқаман» станциясы мерзімінен бұрын пайдалануға беріледі

Оқиға • Бүгін, 10:33

Бала саны сегізден асса, жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?

Қоғам • Бүгін, 10:20

Сақ болыңыз: Алаяқтар тұрғындарды алдауда жаңа тәсіл қолданып жатыр

Қоғам • Бүгін, 10:15

Түркістан облысында көпір опырылып қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:11

18 желтоқсандағы валюта бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:01

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Желтоқсан 2025 13:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see149

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see147

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see146

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see144

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see140

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see140

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see139

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see139

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see139

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see138

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see137

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see137

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see136

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see136

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары