Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Әйел аманаты : AMANAT партиясы жаңа бастаманы қолға алды

Әйел аманаты : AMANAT партиясы жаңа бастаманы қолға алды

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға, оларды барынша қорғауға және жан-жақты қолдауға әрдайым баса мән беріп келеді. Осы орайда «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты «Әйел аманаты» бастамасын іске асырып жатыр. Бұл жоба түрлі салада еңбек етіп жүрген белсенді әрі жауапкершілігі жоғары әйелдерді біріктіріп, ел дамуына үлес қосуға бағытталған ортақ ынтымақтастық алаңын қалыптастырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Байкент ауылында «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының «Әйел аманаты» бастамасымен кәсіпкер әйелдердің кездесуі өтті. Іс-шараға 200-ге жуық адам қатысты. Олар – депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, өзге де саланың үздік мамандары және көпбалалы аналар.

Түрлі сала мамандарының үздіктері бас қосқан жиында әйелдердің қоғамдағы рөлі мен «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының бастамалары талқыланды. Кездесудің басты мақсаты – өңір әйелдерінің көшбасшылық әлеуетін арттыру және олардың партиялық, қоғамдық және әлеуметтік бастамаларға белсене араласуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ жиын қоғамдық бастамаларды іске асыру бойынша тәжірибе алмасып, жаңа идеялар мен серіктестік жобалар ауқымын кеңейтуге жол ашады.

«AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы жанындағы «Әйелдер қанаты» консультативтік-кеңесші органы жөніндегі кеңес төрағасы Меруерт Молдашева бүгінде партия құрамындағы әйелдердің үлесі 60 пайыздан асатынын, ал 4 мыңнан астам бастауыш партия ұйымының ішінде 2,5 мыңға жуық әйел адам басшылық қызмет атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл – әйелдердің партия өміріндегі белсенділігінің және олардың қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлінің айғағы.

«AMANAT» партиясы әйелдердің әлеуетін дамытуға, олардың қоғамдық және саяси белсенділігін арттыруға үлкен мән береді. Соңғы жылдары елімізде әйелдер қанаты белсенді жұмыс істеп келеді. Соның нәтижесінде, әйел көшбасшылығы мен олардың құқықтарын қорғауға бағытталған он негізгі басымдық айқындалды. Бұл жүйелі тәсіл гендерлік мәселелерді шешуге және нақты өзгерістерге жол ашады. Мұндай жобалар тек білім беру мақсатында ғана емес, сонымен қатар жергілікті деңгейде әлеуеті жоғары көшбасшыларды анықтап, партияның кадрлық резервін жасақтау үшін де маңызды. Біз дәстүрлі кездесулерден гөрі нақты нәтижеге бағытталған форматқа көшуіміз керек. Біздің мақсат – жаңа есімдерді таныту. Сол арқылы әйелдердің партия ішіндегі және қоғамдағы көшбасшылығын күшейту», – деді ол.

Ашық диолог форматында өткен жиында спикерлер әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудан бастап, гендерлік теңдік, әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіру және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерге дейін сөз қозғады. Сондай-ақ іс-шара барысында әйелдердің көшбасшылық қабілеттерін жетілдіруге арналған оқыту мен тренингтердің жаңа форматы таныстырылды.

«Бүгінде әйелдердің әлеуетін ашу – қоғам дамуының стратегиялық басымдығы. Біз кәсіби білімі және азаматтық ұстанымы бар жаңа буын көшбасшы әйелдерді дамытуға баса мән береміз. «AMANAT» партиясының қолдауымен мықты мамандарды оқытып, олардың тәжірибесін ел игілігіне бағыттауды көздейміз. Әйелдер бизнесте де, саясатта да тең дәрежеде қатысуы керек. Бұл – әділетті әрі дамыған қоғамға апарар жол», – деді Алатау қаласы мәслихатының төрағасы Роза Әбілова.

Жиында қатысушылар өз тәжірибелері мен табысты жобаларымен бөлісті. Іле ауданынан келген кәсіпкер Жеңісгүл Дәулетова ұлттық бұйымдар мен киімдер өндірісімен айналысып, оларды шетел көрмелерінде таныстырып жүр. Ол 2023 жылы «Бір ауыл – бір өнім» республикалық жобасының финалына өтіп, 2024 жылы «AMANAT» партиясының қолдауымен «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаты атанған.

«Қолөнер – мен үшін табыс көзі ғана емес, елге қызмет етудің, ұлттық болмысты сақтаудың, өз еңбегіңмен өзгеге үлгі болудың жолы. Әйел адамның қолынан келмейтін іс жоқ, тек сенім мен табандылық керек. Әйелдің күші – мейірім мен жауапкершілікте. «AMANAT» партиясының «Әйел аманаты» бастамасы біз үшін өз әлеуетімізді танытуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Бір-бірімізге қолдау білдірсек, қоғам да, ел де дамиды», – деді Жеңісгүл Дәулетова. 

Айта кетейік, «Әйел аманаты» бастамасы аясында әйелдер үшін саяси көшбасшылық, коммуникация, жобалық менеджмент, цифрлық сауаттылық бойынша тренингтер мен семинарлар өткізіледі. Сонымен қатар тәжірибелі саясаткерлер мен қоғам белсенділері ментор ретінде қатысушыларға бағыт-бағдар береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2025 21:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see105

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see104

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see103

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see102

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары