Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

Астана Балет Атырау мен Ақтауда өнерсүйер қауымға ерекше тарту жасады

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Ақтөбедегі қоқыс жәшіктерінің жанынан табылған күдікті сөмке хикаясы үкіммен аяқталды

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

БҚО да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылған

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

Өскеменде 8 млн теңгеден астам қарызы бар екі борышкер анықталды

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

ОСК Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындыларын шығарды

Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалады

Нұрлан Сабуровтың Қазақстандағы бизнесі жайлы тың дерек шықты

Қазақстанда жолдың нашар тазалануына байланысты алғаш рет адам сотталды

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жайы қаралды

Айқаптағы Мағжан өлеңдері

Айқаптағы Мағжан өлеңдері

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Айқап» журналында жарияланған алғашқы өлең кімдікі екенін білесіз бе? Журналдың ең алғашқы №1 санында Ыбырайдың өлеңі басылды. Өлеңге «Марқұм Ыбырай Алтынсарин сөзі» деген түсініктеме берілді. Ал сол кездегі көзі тірі ақындардан алғаш жарияланған Мағжан Жұмабаевтың «Жатыр» өлеңі еді. Мағжанның жыры «Айқаптың» №2 санында жарияланды.

Мағжан өлеңінде басқа халықтардың өнер-білімнің кілтін ашып, күнбе-күн ілгерілеп жатқанын алға тартып, «Ойламай біздің қазақ текке жатыр, Бір іске жанаса алмай, шетте жатыр» деп қазақтың кері кетіп бара жатқанына қынжылады. «Кең жері күннен-күнге құрып жатыр, Сұр жылан қанын-сөлін сорып жатыр» деп ашынады. Дәл осы жолдарды сол Николай Катанов бастаған аудармашылар орыс тіліне «Широкая земля (казака) что ни день, гибнет, А черная змея всю кровь его (казака) сосет» деп «ерекшелеп» аударды. Профессор Зарқын Тайшыбай жазғандай, «...Күдікті-ау деген жолдар мен шумақтарды ұғынықты етіп, жолма-жол орысшаға аударып бере алған. Жақша ішіне кейбір сөздердің астарлы мағынасын да ашып көрсеткен». Сондай-ақ олар өздерінің тапқан «олжаларын» билікке жолдап отырған. Соның салдарынан Мағжанның «Жатыр» өлеңі Патша үкіметіне қарсылық ретінде қабылданған. Ақын бұл өлеңді елдің жағдайына алаңдап, ет жүрегі езіліп отырып жазған болатын. Бұл кезде Мағжанның жасы 18-де еді.

Мағжанның «Айқапта» жарияланған өлеңі «Жатыр» ғана емес. Журналдың 1911 жылғы сандарында ақынның «Шын сорлы» (№9), «Күз күні» (№12) деген тағы екі өлеңі жарияланған. Мағжанның «Шын сорлы» өлеңі де «Жатырға» ұқсайды. Мұнда қазақ қоғамындағы әйелдің ауыр халі суреттеледі. Мағжан өлеңінде «Балтабай Оразкенді шаштан ұстап, Нығарлап әр түкпірге сүйреп тастап» дей келіп, боранды күні Балтабайдың жүкті әйелі Оразкенді далаға қуып шығуы арқылы әйел теңсіздігін, ер адамның озбыр­лығын әшкерелейді. Жырда­ғы боран – қатыгездіктің, ал қара түн – үмітсіздік белгісі. «Оразкен екпінменен құлай кетті, Есі ауып, жансыз болып, сұлай кетті» деп суреттейді ақын. Мұндағы Оразкен қазақ әйелдерінің жиынтық бейнесі болса, Балтабай – қатыгез, тасжүрек кейіпкер. Осылайша, Мағжан адамның қаталдығын табиғаттың қаталдығы арқылы бейнелей суреттеп, қоғамды қатыгездікке, әділетсіздікке қарсы тұруға шақырады.

Ал «Күз күні» өлеңінде Мағ­жан «қара дауыл соғып тұр­ған» күз мезгілін кемпірге теңеп, «Кемпір болған бет-аузы қат­парланып, Бұраңдаған кешегі сұлу қызы» деп жазады. Мұнда да ақын табиғаттың сұрқай көрінісі арқылы қазақ қоғамының мүшкіл халін меңзеп отыр. «Басқа жұрт балалары оқу қуған, Біліммен өз жұртының бетін жуған» деу арқылы «Жатырда» жазылған ойды қайталайды. «Қор болдық, өнер қумай, қайран елім! Күш кетіп, талай жаннан көрдік керім» деп көңілі құлазиды. Мағжанның осы жырын Абайға еліктеп жазғаны да байқалады. Абай «Жазғытұры» жырында: «Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі», десе, Мағжан «Күз күні» өлеңінде: «Масатыдай құлпырған жердің жүзі, Аяқ бассаң – табанға өтер сызы», дейді. Сол секілді Абай «Күз» өлеңінде: «Кемпір, шал құржаң қағып, бала бүрсең, Көңілсіз қара суық қырда жүрсең», деп суреттесе, Мағжанның «Күз күнінде» бұл жолдар: «Қақтанған, жамыла түсіп, от маздатып, Көресің кемпір-шалды үйге кірсең», деп құбылады. Мұндай тәсілді әдебиеттанушы Айгүл Кемелбаева: «Мағжанның ақын­дығы арнасына сыймай лықси­тыны сонша, онда Абайдан бүтін­дей алынған сөйлемдер кездеседі, бұл оның қазақ өлеңіне енгізген стильдік ерекшелігі, себебі, оның өлеңінің бисмилләсі – Абай», деп түсіндірген еді.

Сонымен қатар «Айқаптың» 1912 жылғы №4 және №5 сандарында Мағжанның «Жазғы­тұры» өлеңі екі бөліп жарияланды. Жүсіпбек Аймауытұлы жазғандай, «болмашы нәрсе оны жабықтырады, болмашы нәрсе оны қуантады». Мағжанның «Күз күніндегі» жабыққан көңілін «Жазғытұры» жұбатқан секілді. Себебі мұнда көктемнің лебі, болашаққа деген үміт бар. «Су ақса, тау жаңғырар сылдыр қағып, Дәл сұлу бұраңдаған шол­пы тағып» деп табиғаттың та­ма­ша сәтін көркем сөзбен кестелесе, «Май кірді, жер құлпырды, гүлдер жайнап, Жі­бек­тей көк­орайлар жатқан жайрап» деу арқылы табиғаттың жаңар­ғаны­нан, тіршіліктің жандан­ғанынан хабар береді.

Журналдың осы жылғы №7 санында жарияланған «Бұлбұл» өлеңінде Мағжан бұлбұл құс арқылы өзінің жүрек сырын жеткізеді. «Дертіме сенен ғана дәрмен болар, Басқадан, анық білдім, еш пайда жоқ» немесе «Тез, бұлбұл, мұңды дауыс, си­қыр тілдім, Дәрменді қа­лың дертке сенен білдім» деу арқы­лы бұлбұл­ды дертінің шипасына балайды. Бір қызығы 1961 жылы Үшкілтай Субханбердина құрастырған «Айқап бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар» библиографиялық көрсеткішін­де Мағжанның осы өлеңдері­нің ешқайсысы жоқ. Тіпті еш жерінде Мағжанның есімі де көрсетілмеген. Оның себебі бұл кезде ақын әлі ақталмаған еді. Ал 1995 жылы шыққан «Айқап» энциклопедиясында Мағжанның есімі де, өлеңдері де қосылды.

Биыл – «Айқап» журналы­ның жарыққа шыққанына 115 жыл. «Айқапта» жарияланған Мағжанның «Жатыр», «Шын сорлы» өлеңдерінің жазылғанына да тура 115 жыл толды. Мұхтар Әуезов: «...Бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі», деген болатын. Сол сөз – анық ақиқат. Жазылғанына бір ғасырдан асса да, Мағжанның сұп-сұлу сөзде­ріне, жып-жылы жырларына қай­та-қайта аңсарымыз ауып тұра­тыны да содан.

Соңғы жаңалықтар

Несие – несібе емес

Несие • Бүгін, 08:10

Жолаушы қауіпсіздігі – жауапты міндет

Қоғам • Бүгін, 08:05

Анас Баққожаев: Заң жобасы жауапкершілікке негізделген

Сұхбат • Бүгін, 08:00

Қаржы ұйымымен келелі келіссөз

Саясат • Бүгін, 07:55

Бейбітшілікке үндеген жаһандық саммит

Саясат • Бүгін, 07:50

Кекілбаев тұлғасына арналған кітап

Қоғам • Бүгін, 07:48

Халықаралық шарт пен келісім мақұлданды

Саясат • Бүгін, 07:45

Штутгарттағы сәтті старт: Елена Рыбакина келесі кезеңге өтті

Теннис • Кеше

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе

Аймақтар • Кеше

Бір кәуап – 950 мың теңге: Бразилияда туристерді алдаған топ ұсталды

Әлем • Кеше

Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды

Қоғам • Кеше

Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды

Спорт • Кеше

«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды

Саясат • Кеше

Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады

Президент • Кеше

Бибісара Асаубаева көш басына шықты

Шахмат • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 08:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

15 Шілде 2026 23:20see141

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

15 Шілде 2026 14:23see117

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see116

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

15 Шілде 2026 15:36see116

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see114

Астана Балет Атырау мен Ақтауда өнерсүйер қауымға ерекше тарту жасады

15 Шілде 2026 17:44see114

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see113

Ақтөбедегі қоқыс жәшіктерінің жанынан табылған күдікті сөмке хикаясы үкіммен аяқталды

14 Шілде 2026 18:55see113

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

15 Шілде 2026 13:44see113

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

15 Шілде 2026 16:13see113

БҚО да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылған

15 Шілде 2026 21:04see113

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

14 Шілде 2026 17:32see112

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

15 Шілде 2026 14:58see112

Өскеменде 8 млн теңгеден астам қарызы бар екі борышкер анықталды

15 Шілде 2026 16:19see112

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

15 Шілде 2026 13:14see112

ОСК Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындыларын шығарды

14 Шілде 2026 16:38see111

Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалады

14 Шілде 2026 17:04see110

Нұрлан Сабуровтың Қазақстандағы бизнесі жайлы тың дерек шықты

15 Шілде 2026 15:54see110

Қазақстанда жолдың нашар тазалануына байланысты алғаш рет адам сотталды

15 Шілде 2026 19:30see110

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жайы қаралды

15 Шілде 2026 12:32see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары