Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Акциядан жалпыұлттық қозғалысқа дейін

Акциядан жалпыұлттық қозғалысқа дейін

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Оның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау ғана емес, қоғамда жаңа экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру болатын. Миллиондаған азаматтың қатысуымен өткен бұл жоба енді Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілікпен сабақтасып, елдегі экологиялық мәдениеттің жаңа кезеңін қалыптастыра бастады.

Экологиялық акция басталған алғашқы жылы 5 апталық кезең түрінде ұйымдас­тырылып, ел аумағының түкпір-түкпірінде түрлі экологиялық іс-шаралар өтті. Халық жаппай атсалысқан сенбіліктер мен экологиялық апталықтар нәтижесінде жүздеген мың үйдің ауласы тазартылып, миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Экологиялық бастама еріктілер қозға­лысының қолдауымен кеңінен қанат жайды. Сонымен қатар көгалдандыру жұмыстары да бұрын-соңды болмаған деңгейде жүргізілді. Ресми ақпарат бойынша акция басталғалы бері көктемгі және күзгі ағаш отырғызу маусымдары барысында бүкіл ел аумағында 3,2 миллионнан астам ағаш көшеті егілді. Әр өңірде жергілікті табиғат жағдайына бейімделген ағаш түрлері таңдалып, көшеттер саябақтар мен елді мекендердің айналасына отырғызылды. Экологиялық акцияның нәтижесінде рұқсатсыз қоқыс полигондары азайды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі дерегінше, 2018 жылы елімізде 8,7 мың заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, соның 57 пайызы ғана жойылған болса, 2024 жылы 4,8 мыңға жуық қоқыс алаңы белгілі болып, оның 93 пайызы жойылды. Яғни бұрыннан жиналмай жатқан күл-қоқыс төгілген жерлердің басым бөлігі тазартылып, көзі жойылды.

2025 жылы акцияның ауқымы кеңіп қана қоймай, оның мазмұны да байи түсті. Еліміздің әр түкпірінде тазалық жұмыстарын жалғастырумен бірге, экологиялық мә­дениетті насихаттауға арналған эколо­гиялық фестивальдер, байқаулар, білім шаралары қолға алынды. Мәселен, 2025 жылы сәуір айында Астана қаласында «Таза Қазақстан» бастамасының бір жылдық мерейтойына орай рес­публикалық экофестиваль өткізілді. Оған еріктілер, экобелсенділер, жастар стартапері мен ірі кәсіпорындар өкілдері қатысып, қоршаған ортаны қорғау идеяларын талқылады. Бұл бастама «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының қарапайым сенбілік шеңбері­нен шығып, экологиялық ағарту, инновация және қоғамдық диалог алаңына айналып келе жатқанын көрсетті.

Ал 2026 жылдан бастап экологиялық жауапкершіліктің Конституцияда бекітілуі «Таза Қазақстан» бастамасының жаңа кезеңге өткенін көрсетті. Егер алғашқы екі жылда акция негізінен практикалық жұмыстарға бағытталса, енді табиғатты қорғау әр азаматтың конституциялық міндетіне айналды. Бұл экологиялық саясаттың уақытша науқан емес, ұзақ- мерзімді мемлекеттік басымдық екенін аңғартады. Бірінші шілдеде күшіне енген жаңа Конституцияның 37-бабында әрбір азаматтың табиғатты қорғау міндеті бекітілді. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәлімдеуінше, бұл Қазақстан тарихында алғаш рет экологиялық жауапкершіліктің конс­титуциялық деңгейде нақты айқындалуы болып отыр.

«Қазақстан тарихында алғаш рет әрбір азаматтың табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыпты қарау міндеті консти­туциялық деңгейде нақты бекітілді. Бұл – экологиялық жауапкершілікті нығайтуға және қоғамда жаңа экологиялық мәдениетті қалып­тастыруға бағытталған маңызды қадам. Конституцияның преамбуласында азаматтардың келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігі айқындалған. Бұл табиғи ресурстарды ұтымды әрі ұқыпты пайда­ланудың маңызымен тікелей байланысты. Сонымен қатар Конституцияның 37-бабында әрбір азаматтың табиғатты қорғау міндеті бекітілген», – деп жазды министрлік мәлімдемесінде.

Табиғатқа және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, келешек ұрпақ үшін қолайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыру – әрбір адамның азаматтық борышы. Экологияға деген шынайы жанашырлық әр адамның күнделікті қарапайым іс-әрекетінен басталады. Қоқыс қалдырмау, суды үнемдеп пайдалану, ағаш отырғызу, өз ауласы мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау – мұндай қарапайым қадамдардың нәтижесінде қалаларымыз бен ауылдарымыз таза, жайлы әрі көрікті бола түседі. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл акцияны «озық ойлы қоғам қалыптастыру жолындағы идеологиялық платформа» деп баға бере отырып, тазалықты сақтау мен табиғатты аялау «ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналуға тиіс» деді. Осы орайда «Таза Қазақстан» акциясының бүгінгі күнге дейінгі нәтижелері Мемлекет басшысы жүктеген міндет үдесінен шыға бастағанын көрсетеді. Мәселен, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегі бойынша, биыл жыл басынан бері акция аясында елімізде 1 миллионнан астам ағаш отырғызылып, 4 миллионнан астам адамның, оның ішінде 510 мың еріктінің қатысуымен 200-ден астам экологиялық іс-шара өткізілді. Республика бойынша 76 мың гектардан астам аумақ тазартылып, 413 мың тонна қалдық жиналды және шығарылды. Сондай-ақ 115,7 мың тонна қалдық қайта өңдеуге жіберілді. 

Жалпы, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысы бастау алған үш жыл ішінде елді мекендерде 5,6 миллионнан астам ағаш отырғызылып, мемлекеттік орман қоры аумағында 1 млрд-тан астам көшет пен жас шыбық егілді. Мыңдаған сенбілік, миллиондап отырғызылған ағаш, жүздеген мың тонна жиналған қалдық – мұның бәрі тек статистика емес, бұл – қоғамның табиғатқа деген көзқарасының өзгергенінің нақты көрінісі.

Ең маңызды нәтиже де осы. Егер бұрын тазалық мемлекеттік органдардың ғана міндеті ретінде қабылданса, бүгінде оны азаматтық жауапкершілік деп түсінетіндер көбейді. Конституцияда табиғатты қорғау міндетінің бекітілуі осы өзгерісті құқықтық тұрғыдан бекемдей түсті. Таза Қазақстан – бір күндік сенбілік емес, күнделікті өмір салты. Оның табысы жиналған қоқыстың көлемімен емес, табиғатты қорғауды қалыпты мәдениетке айналдыра алған қоғамның санасымен өлшенеді. Ал бұл – келешек ұрпаққа қалдыратын ең құнды мұраның бірі.

Сонымен қатар экологиялық саясаттың тиімділігі тек өткізілген акциялардың санымен емес, олардың ұзақмерзімді нәтижесімен бағаланады. Алдағы кезеңде қоқысты сұрыптау мәдениетін дамыту, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру, су ресурстарын ұтымды пайдалану және экологиялық білім беруді күшейту «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі бағыттарының бірі болуға тиіс. Сонда ғана бұл қозғалыс уақытша науқан емес, тұрақты қоғамдық мәдениетке айналады.

Тілек ҚАБЫЛ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:102
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Шілде 2026 03:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see136

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see133

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see128

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see113

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see112

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see111

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see110

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see108

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see107

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see105

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see105

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see105

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары