Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Әкесі соғысқа кеткенде анам 4 жатса еді : 70 жылдан кейін Новосібірде сүйегі табылған сарбаздың хикаясы

Әкесі соғысқа кеткенде анам 4 жатса еді : 70 жылдан кейін Новосібірде сүйегі табылған сарбаздың хикаясы

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Сарбаздың жиені Мереке Жакина анасы Мәриямның әкесін сарғая күткенін айтты.

– Марқұм анам «әкем, әкем» деп аңсап отыратын. Атамыз соғысқа кеткенде анам 4 жаста болған. Арасында «немістермен соғысқа кетіп, сол жақта бір кемпірді тауып, қалып қалған болар» деп әзілдейтінбіз. Бірақ анам үмітін үзбеді. 70 жылдан кейін марқұмның сүйегі табылып, туған жеріне жерленді.  

Анам әкесінің қабіріне барған сайын жылайтын. «Тілеуің қабыл болып, әкеңнің сүйегі табылды. Неге жылайсың?» дегенге «Әкем кеткенде бала едім, ентіге кіріп келетіндей көрінетін, өмірім есікке қарайлаумен өтті» дейтін. Бес жылдан кейін анам дүние салды. Алланың жазғаны ма, сәйкестік пе, кім білсін?! Анамның қабірі дәл әкесінің қасына түсті. Қазір әкесіне деген сағыныштың мауқын басым жатқан болар, – деп еске алды Мереке анасын.

 Жарасына қарамастан соғысқа сұранған аға сержант

Степняк Әскери комиссариаты 36 жастағы Айшамбек Асыловты әскерге 1942 жылы шақырады. Ол 202-атқыштар дивизиясының 682-атқыштар полкіне түседі. Полктің минометтік есептеу командирі, аға сержант ретінде ол талай шайқасқа қатысады. Кейін аяғынан жарақат алып, 1943-те елге оралған. Емделіп болған соң араға көп уақыт салмай қанды майданға қайта кетеді. Одан кейін ешбір хабар болмаған.

Ресми дерек бойынша ол 1943 жылы 2 қаңтарда Солтүстік-Батыс майданының ұрыс қимылдары кезінде қаза тапқан. Ленинград облысы Полавский ауданының Горба ауылында (қазіргі Новгород облысының Парфин ауданы) жерленген.

Іздеу отрядының өкілі ұрыс кезінде сарбаздың көбісін жерлеуге, оны белгілеуге мүмкіндік бола бермегенін еске алған сарбаздың немере жиені былай деді:

«Атамның мәйіті бауырластар бейітінде де жерленбеген. Ұрыс алаңында әскер жеңіліс тауып, шегінге кезде шабуылға кеткен әскерді күтпеген. Алда-жалда олар ұрыстан оралмаса сол маңайдағы ауылда өлді деп жаза салады.  Сол жақтағы іздеу отрядының өкілі кейбір мәйіттің жерленбей қалатынын айтты.

«Біз мүрделерден ғана емес, кейде өздігінен көміліп қалған сүйекті тапсақ та жерлейміз. Бұл мүрдені жерден қазып алған жоқпыз. Сіздің атаңызда өзі жайлы жазылған капсула болып, соның арқасында хабар бердік» деді ол.

Сөйтіп, атамның сүйегін 2014 жылы  Новосібірден әкеліп, 3 маусымда туған жері Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахметауыл ауылында жерледік».

Сонымен Ресейдің іздеу отряды марқұмның сүйегін 2013 жылы қыркүйекте Новосібір облысы Парфинск ауданы Здронига ауылында тапқан. Мұрағатта сол кездегі әскер командирінің есеп жазбасы сақталған. Онда ұрыстың «Долг» елді мекенінде болғаны, жаудың тойтарыс беріп, взвод командирі жараланып, батальонды талқандап жатқаны жазылған.

 Айшамбек Асылов мүрдесі қалай табылды?

Мереке Жакинаның айтуынша, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан сарбаздарды іздеу 1980 жылдардан кейін басталған. 

– Әйтпесе, ол кезге дейін іздеуге рұқсат етілмеген. Марқұм атамның мәйіті батпақты жердің жанынан табылған. Оларды снарядпен атқанда екі сарбазды екі жаққа лақтырып жіберген. Соның бірі – 2-3 метр әрірек түскен, – деген ол  біреуінің кеуде тұсындағы қалтасынан «сарбаз медальоны» табылған.

Сарбаз медальоны әскерге  барған әрбір жауынгерге берілетін арнайы қорапша. Онда әр сарбаз өзінің жеке мәліметін, үй-ішіне хатын жазып қоюға арналған.  

– Міне, медальон ішінде бір жапырақ қағазға еліне ұшатын жоспардың сызбасын сызып қойған. Тұсына қара қарындашпен «КазССР Акмолинская облость, город Степняк. Жена Уазипа Асылова» деп жазған. Уақыт өте әлгі жазбаның өңі кеткен. Оның арнайы ерітіндіге салып, хатты қалпына келтірген. Әлгі хаттың 70 жыл сақталғанына әлі таңым бар, – деді Мереке Жакина.

Марқұмның ұрпағы Новосібірге барып-келу шығынын өздері көтерген. Сол жақты іздеу отряды оларды қарсы алып, марқұмның сүйегін берген.

– Ол күн әлі есімде. Ораза айттың кезі. Жолға шыққанымызда ауарайы бұзылып, күңгірттеніп, аспан қап-қара боп түнере бастаған.  Пойыз тоқтап, табанымыз жерге тигенде күн шайдай ашылып кетті. Әлгі ауылдан 5 шақырым жердегі елді мекенге бардық. Сый-құрметпен қарсы алып, шығарды. Біраз ел жиналыпты. Қызыл матамен оралған атамыздың мүрдесіне қолым тигенде қолым дірілдеп, сөйлей алмадым.  

Осында әкеп жерлегенде көпшілігі топырағын әкелді деп ойлады. Ал біз мүрдесін әкелдік. Сол күні де жауын құйып тұрған. Атамыздың мәйіті қалай  жерге тиді көк аспан ашылып, күннің көзі шықты. Сізге – өтірік, маған – шын. Бірақ бәріміз осыған таңдандық. Мүмкін, жаны тыныштық тапқан болар, – дейді ол.

 Мәйіттің табылғанын жаңалықтан естіген

Мәриям апа әкесін ұзақ уақыт бойы іздеген. Қолында бар ақпарат – «ұрыс алаңында жерленген» деген мәлімет. Оның өзі Мәскеу түбіндегі Подольск мұрағатынан ғана табылғаны.

Мереке Жакина марқұмның мәйіті табылғанын кездейсоқ білген. Айтуынша, кешкі жаңалықтардан естіп қалған.

– Ол бір Алланың сыйы ғой. Ойламаған жерден табылды. Кешкі алты жарымда үйде «Astana» арнасын қосып қалдық. Сарбаздардың жақындарына іздеу салғанын айтып, біраз аты-жөнді атады.

«Ақмола облысынан Айшамбек Асылов» дегенде бірден анама «мынау сіздің әкеңіз ғой» деп саңқ еттім. Анам сасып қалды, не жыларын, не күлерін білмеді. Сол кезде ол кісі кішкентай баладай көрінді. Неге екенін білмеймін, бірақ атамның аты аталғанда сирек кездесетін есім және Ақмоланыкі деп ойладым. Содан түнгі жаңалықтың қайталауын күттік.

Ертеңінде телеарнаға хабарласқанымда маған Ақтөбенің іздеуші топтың нөмірін берді. Ол Ленинградтағы іздеушіге шығуды айтты. Байланысқа шығайын ба, шықпайын ба деп біраз ойландым. Бірде атамның үйдің ауласындағы шарбаққа сүйеніп, маған қарайлап тұрғанын түсімде көрдім. Қайтсек те сүйегін туған жеріне әкелуіміз керек деп шештім, – дейді Айшамбек Асыловтың жиені Мереке Жакина.

2014 жылдың мамыр айында «Astana» арнасында Ресейге сапарлаған іздеу отряды қазақстандық үш сарбаздың қаңқасын тапқанын хабарлаған. Новгород облысында жүргізілген іздеу жұмысына еліміздің Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан 30 шақты іздестіру тобы қатысқан. Сол жақтағы Парфинск ауданында жүргізген қазба жұмыса 22 жауынгердің сүйегі табылған.

“Саланг” әскери-патриоттық клубының жетекшісі Александр Азеговтың айтуынша, ТМД елдерінің 29 іздеушілер отрядының басын қосқан экспедиция барысында жалпы 703 жауынгердің сүйегі табылып, оның 22-нің медальоны болған. Оның үшеуі қазақстандық жауынгерлер: қызылордалық Мих Усентаев, Иратулла Хамидуллин, Ақмола облысының тумасы Айшамбек Асылов.

Айшамбек Асылов деген кім?

 Ол кезде Айшамбек Асыловтың қызы Мәриям апа тірі болатын. Әкесі жайлы хабарды естігенде ол 76 жаста еді. Оның 1941-1945 жылдары Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысып, ерлігі үшін берілген орден, медальдары мен өзге құжаттары  «Астана қаласының мемлекеттік архиві» ММ-ге тапсырылды.

«Оның бізде жалғыз ғана суретті болған, бәрін мұрағатқа өткіздік» деген жиен немеренің сөзі дәлел.

Мереке Жакинаның сөзінше, анасы екі-ақ ағайынды болған. Ағасы ертеректе дүниеден өткен.

«Нағашы ата-әжем сол жылдары Степнякта тұрған. Әжем Уазипа Асылова есепші болған. Ал атамыз Айшамбек Асылов алтын қазушы еді. Анам әрдайым «ел ішінде ең бірінші маған алтыннан сырға жасап берген» деп мақтанатын», – деді Мереке Жакина.  

Ол өз әңгімесінде нағашы әжесіне жақын болған.

– Нағашы әжем мені қатты еркелететін, соған қарап барлық әже сондай мейірімді деп ойлаппын. Жазғы демалыста нағашы апамның ауылынан шықпайтынбыз. Әйтеуір, нағашы атамыз соғысқа кеткен соң үй іші хабарсыз қалған. Анам 6-7 жасқа келгенде нағашы әжеміз әмеңгерлікпен басқа кісіге тұрмысқа шығады. Ал анамды баласы жоқ жақынына беріп, 16 жасқа дейін сонда өскен, – дейді ол.

Айшамбек Асыловтың ұрпағынан қалғаны –  жиені Мереке Жакина. Оның бір ұл, бір қызы бар. Есімдері – Аяулым, Ерсұлтан. Ал батырдың жалғыз ұлы Тастай Айшамбекұлы 26 жасында қайтыс болды.  Оның бір түйір қызы коронавирус кезінде дүниеден өтті. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Мамыр 2026 11:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see157

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see143

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see140

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see139

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see139

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see138

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see137

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see137

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see135

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see135

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see135

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see135

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see135

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see134

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see133

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see133

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see133

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see132

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see132

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see132
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары