Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Алатау аманаты туризм саласындағы іргелі бастама

Алатау аманаты туризм саласындағы іргелі бастама

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бүгінде Қазақстан туризмін дамытуға бағытталған бастама ірі жобаға айналды. «AMANAT» партиясының мұрындық болуымен жүзеге асырылған ауқымды іске альпинистік федерациялар, туристік клубтар, әкімдіктер мен ұлттық парктер сынды серіктестер қатысты.

Жиын барысында сөз алған «AMANAT» партиясы Ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаменті директорының орын­басары Жандос Қалтаев «Алатау аманаты» жобасының Алматы өңірінде жүзеге асы­рылуы – ел азаматтары үшін жаңа мүм­кін­діктерге жол ашқанын алға тартты. Оның сө­зінше, бұл бастама – тау бөктеріндегі сая­хат, экологиялық мәдениет және спорт­ты насихаттау бағытын бір арнаға тоғыс­тыр­ған әмбебап жоба. 

Бастама биыл 10 шілдеде партия төра­ғасы Ерлан Қошановтың тапсырмасымен ресми түрде бастау алған еді. Жандос Қал­таевтың мәліметінше, ұлттық туристік мар­шруттың жалпы ұзындығы 1 200 шақы­рымға жетеді. Оның 480 шақырымы Алма­ты қаласында болса, ал қалған 720 ша­қы­рымы Алматы облысы арқылы өтеді. Сон­дай-ақ конференцияда кезең-кезеңі­мен заманауи туристік инфрақұрылым бой көтеретіні белгілі болды. Жобаны іске асыру барысында 28 құтқарушы пункт, 12 ви­зит-орталық, 5 этноауыл мен этнолагерь, 5 жылқы жалға беру пункті және 5 гас­троай­м­ақ салу жоспарланған. 

Жандос Қалтаев өңірде жаңа туристік инф­рақұрылымның салынуы экономикаға пайда әкелетінін қоса айтты. Себебі бұл бастаманың нәтижесінде 650 жаңа жұмыс орны ашылып, 7 мың адам жұмыспен қам­тылады. Сонымен, инфрақұрылымды да­мыту экономикалық тұрғыда оң нәтижесін беріп қана қоймай, туристік ағынның 15 пайызға артуына ықпал етеді. Жобаны жү­зеге асыру мерзімі екі кезеңге бөлінген. Бастама 2025-2027 жылдар аралығында то­лықтай жүзеге асырылады. 

– Осы уақытқа дейін жоба аясында пар­тия Туризм министрлігі, Алматы қа­ласы мен Алматы облысының әкім­дік­тері­мен, сондай-ақ тау-кен саласының қауым­дас­тығымен ынтымақтаса отырып бірнеше іс-шараны жүзеге асырды. Мысалы, KAZ Alpine Club қоғамдық бірлестігі Іле Ала­тауы­ның 1,5 мың шақырымдық жолын зерт­теді. Осының нәтижесінде, 31 түрлі бағыт­қа талдау жасалып, маршруттардың ерек­шелігі мен әлеуеті анықталды. Трекинг пен альпинизмнен бастап, вело, ат, авто, мо­то және су туризміне дейінгі кең туристік мар­шруттар желісі жасақталды. Сол ар­қылы екі магистралдық дәліз құрылды, – деді Жандос Қалтаев.

Қазір жалпы ұзындығы 1 582 шақырым бо­латын 42 бағытқа экспедициялық зерт­теу жүргізілген. Оның қатарында биік тау­лы аймақтар да бар. Зерттеу нәтижесінде екі негізгі маршрут әзірленді. Алғашқысы ұзын­дығы шамамен 400 шақырымға же­тетін биік таулы бағыт альпинистер мен кә­сіби туристерге арналса, «Синегорье» деп аталатын екінші маршрут жаяу серуен, велотуризм және атпен саяхаттауға бейім­делген қолжетімді бағыт ретінде ұсы­ныл­мақ. Жандос Қалтаевтың айтуынша, қазір мамандар негізгі 10 тауда барлау жұмысын жүргізіп келеді. Алматы облысы әкімдігінің тарапынан экспедицияға 38,9 млн теңге қар­жы бөлінген. Дегенмен Жандос Қалтаев жос­парланған жобаларды сәтті жүзеге асы­руға тосқауыл болатын бірқатар түйіткілдер бар екенін жасырмады. 

– Біріншіден, ұлттық туристік бағыт­тардың мәртебесін бекіту, таңбалау жүйесі, навигация және экологияны қорғауға қа­тысты заңдық негіздің жоқтығы қолбайлау болып тұр. Осы себепті маршруттарды рес­ми түрде мойындау және оларды тұрақ­ты пайдалану әзірге мүмкін болмай отыр. Екіншіден, маршруттардың едәуір бөлі­гін­де қажетті инфрақұрылымның жеткі­лік­сіз­дігі байқалады. Өткелдер, көпірлер, де­малыс алаңдары, баспаналар, сервистік пункт­тер секілді нысандардың болмауы мар­шруттардың қолжетімділігі мен қауіп­сіздігіне әсер етеді. Үшіншіден, эколо­гия­лық қадағалау жүйесі әлі де толыққанды жол­ға қойылған жоқ. Бұл жағдай жолдың ес­кіріп, табиғи нысандардың жойылу қау­пін күшейтеді. Сондықтан бұл мәселелерді бірлесіп шешу – жобаның табысты жүзеге асуы үшін аса маңызды, – деді ол.

Аталған мәселелердің түйінін тарқату үшін «AMANAT» партиясы Ұлттық турис­тік маршруттарды реттеу жөніндегі заң жобасын, соның ішінде таңбалау, навига­ция, қауіпсіздік және табиғатты қорғау стан­дарттарын бекіту мақсатында норма­тив­тік-құқықтық базаны әзірлеу үшін ар­найы жұмыс тобын құруды, ALATAU AMANATY TRAIL бренді жасалып, сайт пен мобильді қосымша іске қосуды, сон­дай-ақ туристік маршруттарды басқаруда экологиялық бақылау мен мониторинг жүйесін енгізуді ұсынды. Одан бөлек, мар­шрут­тардағы қызмет сапасын жетілдіру мақ­сатында кадр даярлау және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту маңызды міндет ретінде қарастырылған. Жоба ая­сын­да жаңа жұмыс орындары ашылып, ішкі туристік салаға шамамен 100 мың жер­гілікті тұрғынды тарту көзделген. Бұл өз кезегінде табиғи және мәдени мұраны сақ­тауға ықпал етеді.

Конференцияның келесі бөлімінде қоғамдық ұйымдар мен кәсіби туристік қауым­дастық өкілдері сөз алды. Олар «Ала­тау аманаты» жобасын Қазақстанда ұлттық туристік маршрут жүйесін қалыптастыру жолындағы алғашқы әрі маңызды қадам деп бағалады. 

KazAlpineClub ҚБ басқарма мүшесі Ерлан Смайлов бұл жоба болашақта елдегі ұлттық маршруттар желісінің негізіне айналатынын баса айтты. Оның сөзінше, бастама туристік инфрақұрылымды жүйелі дамытуға мүмкіндік беріп, өзге аймақтарда қолға алынатын бастамаларға үлгі болмақ.

Алматы облысы спорттық туризм фе­де­­­рациясының төрағасы Константин Сап­ронов өз сөзінде жобаға қатысты алдағы жос­парларды тізіп өтті. Оның айтуынша, маршруттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шамамен 450 шақырым соқпақты арнайы белгілеу қажет. Сондай-ақ өзен­дер­ге өткелдер орнату, аспалы көпірлер салу, кемпинг алаңдарын дайындау және биік тауда паналау орындарын құру жос­пар­ланған. Осыған байланысты эколо­гия­лық бақылау жүйесін енгізу және ұлттық туристік маршрут туралы заң жобасын әзір­леу көзделген. Константин Сапронов биыл KazAlpineClub мамандары «AMANAT» партиясы мен Алматы облысы ту­ризм басқармасының тапсырмасымен Іле Алатауының 1 580 шақырымнан астам соқпағын зерттегенін жеткізді. 

Сонымен, конференция барысында ор­таға салынған пікірлер «Алатау аманаты» жо­басының мәнін айқындай түсті. Бұл бастама – инфрақұрылымды жетілдіру, эко­логиялық жауапкершілікті күшейту және жергілікті қауымдастықты туристік салаға тарту сынды маңызды міндеттерді қамтитын кең ауқымды жоба. Сарапшылар жоба келешекте ұлттық брендке айналып, ел экономикасына оң ықпал етеді деп се­неді.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Желтоқсан 2025 08:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see124

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see122

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see121

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see119

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see118

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see117

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see116

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see116

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see116

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see116

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see116

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see115

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see115

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see114

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see113

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see113

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see113

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see113

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары