Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Тау кен саласындағы маңызды бастама

Тау кен саласындағы маңызды бастама

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Ертіс-Баян өңірінде ха­лықаралық стан­дарт­тарға сай кәсіби білік­тілікті тану орта­лығы ашылды. Бұл – тау-кен саласында еліміз кө­ле­мінде алғаш рет жү­зеге асып отырған кәсіп­тік жоба.

Ақсу ферроқорытпа зауы­тын­дағы жаңа жоба еңбекті тәуелсіз бағалау жүйесін дамыту мен сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттырудағы маңызды қадам болып отыр. Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен құрылып, Ұлттық біліктілік жүйесі талаптарына сәйкестендірілді. Әрі Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредитациядан өткен. Негізгі міндеті – тау-кен, металлургия бағыттарындағы кәсіптер бойынша қызметкерлер мен лауазымға үміткерлердің кәсіби біліктілігін ресми түрде бағалап, тану.

Қазір отандық өндірістік кәсіпорындарда кәсіптік құзы­рет саласы күрделене түскен. Өндірістегі тәжірибесіз мамандар белгілі бір деңгейде тәуе­кел тудырады. Қызметкерлердің жеткілікті деңгейде еңбек дағ­дыларын игеріп, салада жет­кілікті тәжірибесін дәлелдеу, яғни растау кейде біраз уақыт алады. Кейбірі білімін жетілдіру мақсатында жылдап колледж­дерде оқып, диплом алып шығады. Сондай-ақ өндірістегі кейбір қыз­меткерлердің ма­мандығының қыр-сырын тәжі­рибелік тұрғыдан мейлінше меңгергенін алдын ала анықтау да күрделі. Жаңадан ашылған кәсіби біліктілікті тану орталығы осы аталған міндеттерді кешенді түрде шешетін әмбебап тәжірибе алаңына айналады.

Тау-кен саласының маман­дары мұнда оқып, білімін жетіл­діріп немесе нақты іс жүзінде тәжірибеде меңгерген біліктілігін ресми түрде растай алады. Бұл – персоналдың құзыретін жүйелі басқару құралы. Жоба ашық­тық пен айқындықты қамтамасыз ­ете отырып, бағалаудың бірың­ғай стандартын белгілеп береді. Тиімділікті арттырып, өнді­ріс қауіпсіздігін жақсартады. Мәселен, ERG қызметкерлері бұрын біліктілігін тек білім беру ұйымдарында немесе жұмыс орнында растай алатын. Бірақ берілетін куәлік тек сол кәсіпорын аумағында ғана жарамды болатын. Ал жаңа орта­лықта білімін растағандарға елі­міздің кез келген еңбек ұйымында есік ашық.

– Орталықтың жұмысы халық­аралық стандарттарға сай. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында биыл 5 кәсіби құзы­реттілік орталығын ашу жоспарланса, оның екеуі халықаралық стандарттарға сай болады деп ұйғарылған еді. Міне, соның алғашқысы пайда болды. Осымен ел аумағында он бірінші орталық дүниеге келді. Жыл соңына дейін Рудный, Хромтау қалаларын­да да осындай орталықтар ашу жос­парланған. Мұндай жобалар еңбек нарығына оң әсер етіп, мамандықтар жөнінде жаңа құзыреттерге ерік береді. Ұлттық біліктілік орталығының ар­найы тізіміне 740-тан аса маман­дық енсе, еліміздегі әлгіндей орта­лықтарда 70-тей мамандық ашылған. Бұл адамдарға қайта даярлықтан өтуге, заманға сай мамандықтарды игеруге мүм­кіндік береді. Көп мамандық қа­зір сұранысқа ие болмай бара жатыр. Ал осындай заманға сай орталықтар тұрғындарды кәсіптік тұрғыдан қайта бағдар­лауда таптырмайтын тетік болады, – деді орталықтың ашылу салтанатына қатысқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов.

Мамандар атап көрсеткен­дей, кәсіби біліктілікті тану орта­лығының ашылуы – еліміздің тау-кен металлургия кешені сала­сындағы айтулы оқиға. Ол 12 негізгі кәсіпке қатысты баға­лау жүргізеді деп жоспарлан­ған. Бұл қатарда ферроқорытпа балқытушы, матаушы, метал­лургиялық өндірістегі кран ма­шинисі, электргазбен, қолмен доғалы дәнекерлеуші, электр­мен дәнекерлеуші, жарушы, ұңғы­лаушы, экскаватор мен тиеп-жеткізу машинасының ма­шинисі, ауыр жүк көліктерінің жүр­гізушілері сынды мамандықтар бар. Заңнама нормаларына сәй­кес ол міндетті, ерікті түрде жүр­гізілуі мүмкін. Орталық қызме­тін тек компания қызметкерлері ­ғана емес, өзге де кәсіпорын мамандары, студенттер мен түлек­тер, мердігер ұйым жұмысшы­лары да пайдалана алады.

– Ертіс-Баян өңірі иннова­циялық шешімдер, әсіресе бі­лім мен кадрларды даярлау сала­сында үнемі көш басында жү­ре­ді. Орталықта аз ғана уақытта машық меңгеріп шыққандарға кәсіптік дағдыларын растау туралы мемлекеттік үлгідегі куә­лік беріледі. Компания жұмыс­шы­ларының кез келгенінің білік­тілігін растап, әрі қарай жұмыс істеуіне рұқсат беру аса маңызды. Мәселен, кейбір қызметкерлер ұзақ жыл еңбек етсе де арнайы білім алмаған. Осы орталық арқылы олар өз білімдерін дәлелдеп, кәсіптік дағ­дыны игергенін дәлелдей алады, – деп атап өтті ERG бас директордың персонал және мәдениет жөніндегі орынбасары Анастасия Круч.

Орталық әзірше матаушы, дәнекерлеуші (дәнекерлеу ісі­нің барлық түрі), кран операторы, металлургиялық кәсіп мамандықтарына кадр даярлайды. Мамандықтар құзыреті алдағы уақытта кеңейе түседі. Соның ішінде дрон операторларын даярлауға, өзге білім беру ұйымдарында оқытпайтын мамандықтарды оқытуға көңіл бөлінеді. Мұнда қауіпсіздік жө­нінде де толық цикл бар. Қыз­меткерлер еңбек қауіпсіздігі, алғашқы медициналық кө­мек көрсету, тұйық шеңбер жағ­дайында жұмыс істеу, өрт-тех­никалық минимумы негіздерін үйренеді.

Павлодар облысы,

Ақсу қаласы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 09:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see137

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see134

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see115

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see114

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see112

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see109

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see109

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see107

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see107

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see107

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see103

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see103

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see103

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары