Алаяқтардың жоспарын бұзған такси жүргізушісіне құрмет көрсетілді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков қырағылығы мен азаматтық жауапкершілігінің арқасында Өскемен қаласының тұрғынын телефон алаяқтарының 1,5 млн теңгеден астам қаражатын иемдену әрекетінен аман алып қалған такси жүргізушісі Төрежан Адабиетовпен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кездесу барысында Ерлан Омарбеков Төрежан Адабиетовке батыл әрекеті, белсенді азаматтық ұстанымы және қылмыстың алдын алуға қосқан елеулі үлесі үшін шынайы ризашылығын білдірді. Ол мұндай азаматтардың полицияның алаяқтыққа қарсы күрестегі сенімді серіктесіне айналып, қоғам үшін үлгі екенін ерекше атап өтті.
- Қазіргі таңда алаяқтар заманауи технологиялар мен психологиялық ықпал ету тәсілдерін кеңінен қолдануда. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз – тек қылмысты ашу ғана емес, оның алдын алу. Полицияның, қоғамның және әрбір саналы азаматтың күш-жігерін біріктіру арқылы ғана мұндай қылмыстарға тиімді тосқауыл қойып, тұрғындарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз, – деді ШҚО ПД бастығы.
Полиция азаматтарға сақ болуды ескертеді. Егер бейтаныс адамдар шұғыл түрде ақша шешіп алуды, қаражатты "қауіпсіз шотқа" аударуды, SMS-хабарламадағы растау кодтарын айтуды немесе несие рәсімдеуді талап етсе, бұл – алаяқтардың әрекеті.
Тәртіп сақшылары өңір тұрғындарын қырағылық танытып, телефон арқылы хабарласқан бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамауға және алаяқтықтың алғашқы белгілері байқалған жағдайда бірден полицияға хабарласуға шақырады.
Интернет және телефон алаяқтығының алдын алу Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында тәртіп сақшылары цифрлық қауіпсіздікті нығайтуға, халықпен профилактикалық жұмысты күшейтуге және полиция мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ерекше мән беруде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:64
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Тамыз 2026 10:27 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















