Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Алаяқтың аранынан кім арашаламақ?

Алаяқтың аранынан кім арашаламақ?

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қолдағы дерек бойынша, былтыр 28 851 қазақстандық интернет алаяқтардың құрбаны болған. Иә, жылдан жылға заман өзгерген сайын адамдарды арбап-алдау оңайға түсіп жатқан секілді. Сарапшылардың айтуынша, алаяқтардың алдын ораудың бірден-бір жолы – қаржылық сауаттылықты жақсарту. 

Жалпы, 2025 жылдың алғашқы он бір айы онлайн алаяқтықтың шынайы ауқы­­мын айқын көрсетіп берді. Осы кезеңде құқық қорғау органдары интернет алаяқтыққа қатысты 26 300 қылмыстық құқықбұзушылықты тіркеген. Бұл – бір жыл бұрынғы дәл осы уақытпен салыстыр­ғанда 20,3 пайызға көп. Ал 2019 жылдың барлық көрсеткішінен 3,4 есе жоғары. Кейінгі жылдардағы ең жоғары меже де осы болып тұр. 

Полицияға шағымданушылар санының артуы да кездейсоқ емес. Онлайн алаяқтар қазақстандықтарға бұрын-соңды болмаған көлемде қаржылық зиян келтіріп отыр. Бас прокуратураның Әлеуметтік қорғау және тергеу комитеті ұсынған деректерге сүйенсек, 2025 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында интернет алаяқтардың әрекетінен келген шығын 11,2 миллиард теңгеге жеткен. 

Ең сорақысы, келтірілген шығынның негізгі ауыртпалығы қарапайым халықтың мойнына түскен. Жалпы соманың 96,7 пайызы жеке тұлғаларға тиесілі. Кәсіпкер­лер мен бизнес құрылымдары мұндай қылмыстардан салыстырмалы түрде аз зардап шеккен. Олардың үлесі 2,4 пайызды ғана құраса, мемлекетке келген шығын небәрі 1 пайыз шамасында.

Алаяқтар психологтан кем емес

IT маманы Мейіржан Әуелханұлының айтуынша, қазіргі алаяқтардың ерекшелігі адамның санасын бұза алады. 

– IT маман ретінде айтарым, қазіргі алаяқтар мықты бағдарламашылардан гөрі, мықты психологтарға көбірек ұқсай­ды. Ең бірінші кезекте, әрине, бәріміз естіп жүрген телефон арқылы жасалатын шабуылдар тұр. Бірақ олар қазір «картаңыз бұғатталды» деп жай ғана хабарласпайды, нағыз спектакль қояды. Өздерін құқық қорғау органдарының немесе Ұлттық банктің қызметкеріміз деп таныстырып, WhatsApp-қа жалған қызметтік куәліктерін жіберіп, адамды әбден қорқытып тастайды. Адам үрейленген кезде дұрыс ойлау қабілетінен айырылады, оларға керегі де сол, – дейді Мейіржан Әуелханұлы.

Оның айтуынша, қандайда бір интернет хабарлама келсе, оны саралап, күмәнді емес екеніне толықтай көз жеткізу қажет. Сонда ғана алаяқтарға ұрынбайсыз. 

– Біз сияқты мамандар хабарламаның «ішкі құрылысына», яғни қай серверден келгеніне, IP мекенжайына қарап анықтай аламыз. Бірақ қарапайым қолданушының қолында ондай құралдар жоқ қой, сондықтан ең бастысы – көзбен көріп, мимен саралау. Қарапайым қолданушы бірден байқай алатын ең бірінші белгі – ол сілтеме, яғни сайттың мекенжайы. Алаяқтар түпнұсқаға қатты ұқсайтын, бірақ бір-екі әрпі өзгеше сайттар жасайды. Мысалы, kaspi.kz емес, kaspi-bonus.kz немесе kaspibank.com деп өзгертіп қоюы мүмкін. Асығыс адам мұны байқамай қалады. Екінші белгі – ол «асықтыру». Егер келген хабарлама сізді «тездетіңіз», «қазір жойылып кетеді», «шұғыл» деп ентіктіріп жатса, бірден тоқтаңыз. Банктер немесе мемлекеттік органдар ешқашан сізді дүрліктірмейді, олар ресми түрде, байсалды жазады, – дейді маман.

Халық қаржылай сауатты ма?

Не дегенмен халықтың осыншама ақшаны жай ғана ұрлатып алуы қаржылық сауатсыздыққа әкеп тірейтіні рас. Көп жағдайда қаржысынан айырылып, абдырап қалған азаматтың алғашқы әрекеті кінәні банктен іздеу. Артынша құзырлы орган­дардың табалдырығын тоздырып, жоғалт­қан ақшасын қайтарып беруді талап ететіндер де аз емес. Мұндай көріністер талай рет кездескен. Сарапшының сөзі­нше, банктер қамал соғып, есік-терезені қанша мықтыласа да, үй иесі есікті өзі ашып берсе, ешқандай қорғаныс көмектесе алмайды. Бұл күресте технологиядан гөрі, халықтың сауаттылығы әлдеқайда маңызды рөл ойнайды.

– Жоғарыда айтылғанның бәрі сол біздің цифрлық сауаттылық деңгейімізге байланысты. IT маманы ретінде байқай­тыным, біздің отандастарымыздың ең жиі жіберетін және ең өкінішті қателігі – ол сол баяғы SMS-кодты өз қолымен беріп қою. Қанша жерден ескертілсе де, хабарламаның өзінде «Ешкімге айтпаңыз» деп бадырайып жазылып тұрса да, адамдар абдырап қалғанда немесе қорыққанда сол төрт санды айтып қояды. Бұл цифрлық әлемде үйіңіздің кілтін ұрының қолына өз еркіңізбен ұстатқанмен бірдей ғой. Одан кейін біздің менталитетке тән бір нәрсе бар – ол «бастықтан» немесе «органдардан» қоңырау соқса, бірден сену және қатты қорқу. Алаяқтар осы психологияны өте жақсы пайдаланады. «Ұлттық банк» немесе «полиция» деп хабарласқанда, біздің азаматтар сыни ойлап, күмәнданудың орнына, бірден ақталып, айтқанын бұлжытпай орындауға тырысады, – дейді Мейіржан Әуелханұлы.

FinGramota медиа порталының мәлі­метінше, Қазақстан азаматтарының он­лайн алаяқтыққа қатысты қаржылық са­уат­тылығы артып келеді. Олардың жүр­гізген әлеуметтік зерттеулеріне сәйкес, бейтаныс адамдардың ұсыныстарын алаяқтық немесе пирамида схемалары деп тани алатындардың үлесі артуда. 2024 жылы олар тиісті әлеуметтік сауалнамаларға қатысқандардың 50,6%-ын құраса, 2025 жылы олардың үлесі 62,9%-ға жетті. Ал­дан­ғанын түсінген адамдар бірінші кезекте қылмыскерлермен телефон немесе онлайн байланысын тоқтатуды шешкен. Алаяқ­тармен кездескендердің тек 20,7%-ы поли­цияға арыз берсе, қалғандары шағымданбаған екен.

Адамды басқаратын эмоция

Алаяқтарға құрбан болғандардың да жиі қателігін айтып кеткенді жөн көрдік. Себебі адам ақшасын жоғалтқанда да асығыс шешімдерді қабылдамау керек. Заңгер Бағдат Амандосұлының сөзінше, ең жиі әрі ең ауыр салдарға әкелетін қа­те­ліктер дәлелдерді жою мен уақыт жоғалту екен.

– Алданғанын аңғарған сәтте адамдар сабыр сақтаудың орнына эмоцияға беріліп, алаяқпен жазысқан хат-хабарды өшіріп тастайды немесе «бәрібір табылмайды» деген оймен құқық қорғау органдарына жүгінбей қояды. Осылайша, қылмысты ашуға көмектесетін ең маңызды айғақтар өз қолдарымен жойылады. Тағы бір алаң­дататын жайт, жәбірленушілердің кәсіби заңгерлерден немесе мамандардан кеңес алмауы. Көп жағдайда адамдар мәселені өз бетінше «жабуға» тырысып, заңдық тетіктерді пайдаланбайды. Ал алаяқтардың ең жиі қолданатын айласы – өзін банк қызметкері немесе ресми орган өкілі рет­ін­де таныстырып, SMS-кодтар мен жеке деректерді өз еркімен алдыру. Мұндай сәтте ең бастысы, дереу банкке хабарласып, күмәнді операцияларды тоқтату. Алайда көпшілік осы шешуші қадамды кешіктіріп, қаржылық шығынды одан әрі ұлғайтып алады, – дейді заңгер.

Бағдат Амандосұлының кеңесіне сүйенсек, ең алдымен, азамат алаяқпен барлық байланысты дереу үзуі керек. Қандай да бір «мәселені шешіп береміз» деген уәде мен қосымша хабарламаларға жауап беру жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін. Одан кейін дәлел жинау: барлық скриншоттарды (чектер, жазысқан хаттар, нөмірлер) барынша сақтап, қағазға шығару, заңгерден кеңес алу. Тағы бір маңызды тұсы, істің қай бөлімге жіберіл­генін бақылау. Онлайн алаяқтыққа қа­тысты қозғалған қылмыстық істердің поли­цияның мамандандырылған бөлім­шесіне, яғни CyberPol-ға түсуі аса маңызды. Себебі дәл осы бөлім цифрлық іздерді анықтауға, шоттар мен транзакцияларды бақылауға және халықаралық арналар арқылы жұмыс істеуге бейімделген, – дейді маман.

Сарапшылардың пайымынша, келе­шекте алаяқтық азаймайды, керісінше, бұдан да күрделі шығындарды өткеруіміз мүмкін. 

– Алдағы жылдары күтілетін ең үлкен қауіп ол шындық пен жалғанның шекара­сының жойылуы дер едім. Қазірдің өзінде жасанды интеллект бар, бірақ алдағы уақытта «дипфейк» (deepfake) техноло­гиясының дамитыны сонша, сіз видеоқоң­ырау арқылы туған анаңызбен немесе балаңызбен сөйлесіп отырмын деп сенуіңіз мүмкін, ал шын мәнінде ол цифрлық мас­ка киген робот болуы ғажап емес. Оның мимикасы, көзқарасы, дауысының діріліне дейін айнытпай салып беретін болады. Мұндай алдауды қарапайым көзбен ажырату мүмкін болмай қалады, – дейді ЖИ сарапшысы Мейіржан Әуелханұлы.

Қысқасын айтқанда, алдағы жылдары цифрлық әлемді қауіпсіз болады деп дөп айта алмаймыз. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, қарызға белшеден батырып жатыр. Бұл жағдай тек құқық қорғау органдарының емес, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігіне кіреді.

Әсет ҚАЛИ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:198
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қаңтар 2026 06:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары