Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Александр Пактың өлімге әкеп соққан жол апаты туралы ісі бойынша апелляция сот не шешті

Александр Пактың өлімге әкеп соққан жол апаты туралы ісі бойынша апелляция сот не шешті

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Алматыда наурызда үш адамның өмірін қиған әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты бойынша апелляциялық сот өтті. Қаза болғандардың бірінің әкесі өтемақы мөлшерін он есе арттыруды сұрап, сотты мас жүргізушілер жасаған адам өліміне әкеп соққан қылмыстарға қатаң баға беруге шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Адам өліміне әкеп соққан жол апаты 21 наурызға қараған түні әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында болды. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан Zeekr автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі (29 жаста) мен оның екі жолаушысы (20 және 22 жаста) қаза тапты.

Zeekr жүргізушісі, 33 жастағы Александр Пак аман қалды. Сараптама оның жеңіл дәрежедегі мас күйде болғанын анықтады.

22 маусымда сот Пакты "Көлік құралын мас күйде басқарып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру қағидаларын бұзу" (Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігі) бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді.

Сондай-ақ сот оны өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырып, қаза тапқан Т. К.-ның әкесінің пайдасына сұралған 100 миллион теңгенің орнына 10 миллион теңге моральдық шығын өндірді.

Апелляциялық шағымды кім түсірді?

Апелляциялық шағымды қаза тапқан 20 жастағы Т. К.-ның әкесі Р. Ш. түсірді. Ол моральдық шығын өтемақысын 10 миллионнан 100 миллион теңгеге дейін арттыруды сұрады.

Жәбірленуші тараптың пікірінше, бірінші сатыдағы сот қылмыстың ауырлығын, жалғыз қызының қазасын және сотталушының кінәсінің дәрежесін толық ескермеген.

Сонымен қатар жәбірленуші сот жүйесін мас күйінде жасалған, адам өліміне әкеп соққан жол апаты туралы істерді қарау кезінде қатаңдық танытуға шақырды.

"Шағымда жәбірленуші Ш. мен оның адвокаты үкімді азаматтық талап қоюды шешу бөлігінде өзгертуді, Александр Пактан 100 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіруді сұрайды. Шағымды қарау кезінде жәбірленушінің көлік құралдарын мас күйде басқарумен байланысты, адамдардың өліміне әкеп соққан қылмыстардың салдарын бағалауда қатаң әрі әділ тәсіл қалыптастыру қажеттілігі туралы ұстанымын ескеруді өтінеді", – делінген қаулы мәтінінде.

Апелляция қандай шешім қабылдады?

Алайда 5 тамызда Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырып, жәбірленуші тараптың шағымын қанағаттандырмады.

Сот қаулысында ел заңнамасында моральдық шығын өтемақысының нақты сомалары белгіленбегені, ал төлем мөлшерін анықтау соттың бағалау құзыретіне жататыны көрсетілген.

"Моральдық зиянды өтеу мөлшерін сот жәбірленушіге келтірілген адамгершілік азаптың сипатын, зиян келтірушінің кінәсінің дәрежесін, назар аударуға тұрарлық өзге де мән-жайларды, сондай-ақ парасаттылық пен әділдік талаптарын ескере отырып айқындайды. Өндірілген 10 000 000 теңге мөлшеріндегі сома жәбірленушіге келтірілген рухани азаптың сипатына және құқықбұзушылықтың мән-жайына сәйкес келеді", – делінген сот актісінде.

Сонымен қатар алқа қаза болған қыздың ата-анасы 2018 жылы ажырасып кеткенін де назарға алды. Бұл ретте сот әкесі ажырасқаннан кейін қызымен тұрақты бірге тұрғанын, оның тәрбиесі мен өміріне белсенді қатысқанын, сондай-ақ алименттен бөлек материалдық көмек көрсеткенін дәлелдемегенін атап өтті.

"Соңына дейін барамын": қаза тапқан қыздың әкесінің ұстанымы

Tengrinews.kz тілшісі қаза тапқан қыздың әкесі Р. Ш.-мен байланысты. Ер адам сот шешімімен келіспейтінін және кассациялық шағым түсіруге ниетті екенін айтты.

Оның сөзінше, ол сотталушы жазасын өтейтін түзеу мекемесінің түрін өзгертуге де күш салып жатыр.

"Соңына дейін барамын. Адам үш адамның өмірін қиды, мас күйінде жоғары жылдамдықпен айдады – оған ең төменгі қауіпсіздік колониясында 10 жыл береді. Мен заңның және жазаның қатаңдатылуын талап еттім, бұл басқаларға сабақ болуы керек. Оны ең болмағанда орташа қауіпсіздік колониясына жіберу керек, ол бұл 10 жылды "минималкада" емес, жалпы түрмеде отырып өтесін", – деп Р. Ш. наразылығын білдірді.

Апелляциялық сот қаулысы заңды күшіне енді. Жәбірленуші тараптың сот актісіне қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотқа шағымдануға бір жыл уақыты бар.

"Шағымнан бас тартты"

Еске салсақ, қылмыстық істі қарау барысында қаза тапқан үш адамның туыстары Zeekr жүргізушісін толық кешіргендерін мәлімдеген болатын.

8 маусымда қаза тапқан 20 жастағы Т. К.-ның анасы сотқа моральдық және материалдық шығын өтемақысын алғанын растап, шағымынан бас тартты және сотталушыға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Алайда өыздың әкесінің ұстанымы мүлдем басқа болып шықты, ол бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында айтқан еді.

"Сотталушының анасы маған 10 миллион теңге ұсынды. Маған оның миллиондары керек емес, маған балам керек. Мен кешірімедім, кешірім бермеймін де. Мен оның Тараздағы ата-анасының үйінде болдым (сөз сотталушының ата-анасы туралы болып отыр – ред. еск.). Оның әкесі менен көзіне жас алып кешірім сұрады", – деген еді бұған дейін Ш.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Тамыз 2026 12:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see166

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see149

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see149

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see147

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see147

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see146

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see145

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see144

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see144

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see143

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see143

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see143

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see143

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see141

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see141

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see140

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see140

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see140

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see139

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see139
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары