Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Әлеуметтік жәрдемақы жүйеленіп келеді

Әлеуметтік жәрдемақы жүйеленіп келеді

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Биылғы жыл басынан бері мүгедектік санатына өткендер мен асыраушысынан айырылғандарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (МӘЖ) төлеуге респуб­ли­калық бюджеттен 436,1 млрд теңге жұмсалды. Бұған қоса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбекке жарамайтын жандарға, сонымен қатар асыраушысынан айырылғандарға шамамен 59,8 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер аударылды.

Сурет: egov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биылғы 1 қыркүйектегі есепте елімізде мүгедектігімен МӘЖ алушылар саны шамамен 543,7 мың адамға, асыраушысынан айырылған жандар 184,1 мың адамға жеткен.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдем­ақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына, себебіне байланыс­ты сараланады. Сондай-ақ тиісті қаржы әр жылға арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейіне қарай есептеледі.

Асыраушысынан айырылған жандарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының қамқорлығындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептері мен ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер аударылады. Мәселен, биылғы 1 қыркүйекке дейін 97 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылғаны үшін, 65,9 мыңға жуық отбасы асыраушысы қайтыс болғандықтан, әлеуметтік төлем алған.

Төлемдердің мөлшері кейінгі екі жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен табысты ауыстыруына қарай белгіленеді. Бұл төлемдер республикалық бюджеттен берілетін өзге әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша аударылады.

Мүгедектікке, сондай-ақ асыраушысынан айырылғандарға төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап, ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 6,5%-ға өсті. Үкіметтің шешімімен еңбекке қабілеттілігінен айырылғандарға және асыраушысы қайтыс болған жандарға МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 6,5%-ға артты. Айталық, биыл жалпы сырқаты меңдеп, мүгедектік санатына өткендерге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері артты: І топ үшін – 101 702, ІІ топ санатындағыларға – 81 362, ІІІ топ мүгедектігін алған зағиптар үшін – 55 474 теңге.

Биылғы 1 қыркүйектегі есепте еңбекке қабілеттілігінен айырылғандарға берілетін әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 71 468, асыраушысы қайтыс болған отбасыларға берілетін жәрдемақы 74 460 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 08:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары