Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Алматы бес полиорталыққа бөлінеді

Алматы бес полиорталыққа бөлінеді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Алматы қаласы бес полиорталық негізінде дамиды. Қаланың 2040 жылға дейінгі бас жоспарында осылай көрсетілген. Бұл туралы жоба авторлары бүгін қоғамдық талқылау барысында айтты. 

Мысалы, Түрксіб ауданында «Шығыс қақпа» атты полиорталығы құрылып, халықаралық деңгейдегі стадион салынады. Ал «Батыс» полиорталығында «Алматы-3» жаңа теміржол вокзалы салынады. Сонымен қатар Алматы индустриялық аймағы мен фармацевтикалық өндірістер орналастырылмақ. Ал «Сақ қорғандары» маңында рекреациялық парк салу жоспарда. Бұдан басқа, Оңтүстік, Солтүстік, Орталық сынды үш поли-орталық болады. Бұл Алматының орталық бөлігін ғана емес, шеткі аумақтарын да бірдей дамытуға септігін тигізеді. Мегаполистің барлық бөлігінде өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. 

Жанат Айтілеу «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бөлім басшысы:

- Қоғамдық талқылаудан кейін қандай ұсыныстар түседі, сол ұсыныстардың бәрі талқыланады. Содан кейін ғана біз бас жоспарды әрі қарай толық дайындап, оны мемлекеттік сараптамаға береміз. Мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін барып үкіметтің қаулысы, осы бас жоспарды бекіту жөнінде қаулысы шығады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 02:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары