Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Almaty Hostel дегі өрт: 13 адамның өмірін жалмаған оқиға қасақана жасалды ма

Almaty Hostel дегі өрт: 13 адамның өмірін жалмаған оқиға қасақана жасалды ма

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Оқиғаның хронологиясы

2023 жылдың 30 қарашасы күні таңғы 5:33-те Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы қаласындағы Шәріпов көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің жертөлесінен өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеті минут ішінде жетіп, жалынды 6:22-де толық сөндірді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, өрт жертөле дәлізінен басталып, қабырғаға сүйеп қойылған матрастарға тез таралған. Салдарынан қою улы түтін барлық бөлмеге жылдам жайылған.

Қайғылы оқиға нәтижесінде 13 адам мерт болды. Олардың екеуі – Өзбекстан, екеуі – Ресей, ал тоғызы – Қазақстан азаматтары. Құрбан болғандардың ең жасы 15-те болса, ең үлкені 39 жаста. Хостелден 59 адам эвакуацияланып, аман қалған.

видеодан алынған кадр

– Ағам өмірі үшін күресті, сыртқа шығуға тырысты, бірақ матрастар оның жолын бөгеді. Егер эвакуация жолдарын жауып тұрған сол матрастар болмаса, жағдай ушықпас еді, – деді зардап шеккендердің бірі.

Қаза тапқандардың бірінің анасы да нысанда қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзылғанын айтты. Оның сөзінше, жертөле қабатында адамдарды орналастыруға мүлде болмайды, себебі өрт сөндіру құралдары жоқ. Сонымен қатар эвакуация жолдары матрастармен бөгеліп, баспалдақ алаңына темір құрылым орнатылған. Соның салдарынан адамдар сыртқа шығуға тырысқанымен, қайғылы жағдайға тап болған.

Нысан қашан ашылған?

Хостел 2023 жылдың қазан айында, қайғылы оқиғадан бір жарым ай бұрын ашылған. Ғимарат ресми түрде «кеңсе» ретінде жалға берілгенімен, іс жүзінде онда 48 адамға арналған алты жатын бөлмесі бар хостел жұмыс істеген. Тұру ақысы 2000 теңгеден басталған. Сонымен қатар нысандағы жалғыз эвакуациялық шығу есігі құлыптаулы күйде болған.

– Онда заңбұзушылықтар болды. Ашылған кезде ескерткенбіз. Үш қабатты кереуеттер қойылды, соның салдарынан жазықсыз адамдар зардап шекті. Негізі салада бақылау жасайтындардың көптігіне налимыз. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, өрт қызметі, салық органдары, тағысын тағы. Әрқайсысы өз бағыты бойынша қадағалайды. Бірақ бұл дұрыс. Егер талаптарға сай келмесең, жабылуың керек, – деді Қазақстан қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы жанындағы «Хостелдер» секциясының жетекшісі Александр Ақназаров.

Айыптау мен үкім

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Айыпталушылар қатарында ALA Hostel директоры Әділбек Мұхамедияров пен «Гидсервис» компаниясының иесі Александр Пекельник отырды. Пекельник хостелдегі өрт дабылын орнатуға жауапты болған.

– Тергеу мәліметтеріне сәйкес, дәл осы екі тұлғаға өрт салдарынан адамдардың ғимараттан дер кезінде эвакуациялана алмауына жол берді деген айып тағылды. Мұхамедияровқа айып өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша тағылса, Пекельникке өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау айбы тағылған, – деді Алматы қаласы Алмалы ауданы прокуратурасының мемлекеттік айыптау бөлімінің басшысы Жәнібек Мамытов.

Істі қарау барысында сот хостелдегі өрт дабылы жүйесі орнату кезінде өрескел заңбұзушылықтар болған. Атап айтқанда, өрт дабылы жүйесін тиісті біліктілігі мен электр жабдықтарымен жұмыс істеуге рұқсаты жоқ тұлғалар жүргізген. Сонымен қатар атқарылған жұмыстар жоба талаптарына сәйкес келмеген. Ал монтаждан кейін дабыл жүйесінің техникалық сызбасы рәсімделмеген. Бұл Пекельниктің міндетіне жауапсыз қарағанын көрсетеді. Сараптама қорытындысына сәйкес, дыбыс сигналының деңгейі кемінде 75 дБ болуы тиіс болса, іс жүзінде ол 28,8-72,7 дБ аралығында ғана болған, ал тұрғын және жертөле бөлмелерінде 28,8-58,2 дБ деңгейінде тіркелген. Салдарынан ескерту жүйесі іске қосылмаған.

– Норматив бойынша қарастырылған 86 өрт хабарлағышының орнына тек 42-сі ғана орнатылған. Тергеу барысында Пекельникке бұл кемшіліктер туралы белгілі болғаны да анықталған. Ол нысанға өзі бармаған, жұмыстарды жалдамалы қызметкерлер атқарған, – деп қосты Жәнібек Мамытов.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Өз кезегінде екі айыпталушы да тағылған айыппен келіспей, кінәсін мойындамады. Александр Пекельник хостелге тікелей қатысы жоқ екенін алға тартып, орындалған жұмыстардың оқиғаға қатысы жоқ екенін айтты.

– Бұл жұмыс хостел пайда болмай тұрып жасалған. Мен бұл ғимараттың кейіннен хостел ретінде пайдаланылатынын білмедім. Бұл қызмет «КУСА Халык» серіктестігіне көрсетілген, олар орындалған жұмысқа толық қанағаттанған және қабылдау актісіне қол қойып, келісімшарт бойынша толық төлем жасаған. Барлығы талапқа сай орындалды. Құжаттарда кейбір кемшіліктер болғанын жоққа шығармаймын, бірақ олардың хостелге де, адамдардың қаза болуына да қатысы жоқ. Мұны мамандар да, маған қатысты талаптарынан бас тартқан жәбірленуші тарап та растады. Процеске қатысқандардың барлығы менің қатысым болмағанын көрді, – деді айыпталушы Александр Пекельник.

Жәбірленушілер тарапынан да олардың тікелей қатысы жоқ деген пікірлер айтылғанымен, сот оларды қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ал айыпталушылар өз ұстанымдарында қалды. Мұхамедияров жазаны жеңілдетуді сұраса, Пекельник өз кінәсін толық жоққа шығарып отыр.

Өрт қасақана қойылған ба?

Процесс барысында Мұхамедияровтың адвокаты Асылбек Әбдірайымов өрттің қасақана қойылуы мүмкін деген нұсқаны көтерді. Осыған байланысты жәбірленуші тарап істі прокурорға қайтару туралы өтініш білдірді. Себебі бұған дейін жедел-тергеу тобы осы іс аясынан қасақана өрт қою дерегіне қатысты материалды жеке өндіріс ретінде бөліп шығарған.

– Бүгін қасақана өрт қойғаны үшін азамат Т.-ны кінәлі деп тану туралы қаулы ұсынылды. Яғни, бұл адам матрастарды әдейі өртеген. Матрастар жанып, адамдар ұйқыда көз жұмған. Қасақана өрт қою фактісі мен өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы бір іс аясында, бір өндірісте қаралуы тиіс, – деді сот барысында Ә.Мұхамедияровтың адвокаты Асылбек Әбдірайымов.

Жәбірленушілердің бірі де өрттің нақты себебі толық анықталмағанын айтты.

– Біз бұл қасақана өрт болғанын білеміз, бірақ соған көз жұмылғаны өкінішті. Куәгерлер кімнің, қалай өрт қойғанын көрген. Мұнда өте ықпалды компанияның қатысы бар екені анық. Бұл – орны толмас қайғы, балаларымыз бен бауырларымызды қайтара алмаймыз, бірақ әділдікті талап етеміз, – деді жәбірленуші.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Тергеу барысында өрттің шығуына қатысты екі негізгі нұсқа қарастырылды. Олар – қасақана өртеу және техникалық ақау. Қазіргі таңда қасақана өрт қою нұсқасы жеке өндіріске бөлінген, алайда ол бойынша әлі түпкілікті құқықтық баға берілген жоқ.

Тергеу жалғасады

Әділбек Мұхамедияров ҚР ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігі (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелу) бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Александр Пекельник ҚР ҚК-нің 306-бабының 3-бөлігі бойынша төрт жылға сотталды. Олар жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде өтейді.

– Кейін бұл айыптау 2025 жылғы 7 қарашада апелляциялық алқа тарапынан өзгеріссіз қалдырылды, – деп атап өтті Ж. Мамытов.

Сот шешімі бойынша, сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде әрқайсысынан 7 миллион теңгеден өндірілді. Сонымен қатар материалдық шығынды өтеу міндеттелді.

Соған қарамастан, өрттің нақты шығу себебі әлі де толық анықталған жоқ. Оның кездейсоқ немесе қасақана тұтанғаны белгісіз. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 22:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары