Алматыдағы резонанс тудырған жол көлік оқиғасы ерекше бақылауда Ержан Саденов
Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматыда болған адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдіріп, жағдайдың ерекше бақылауда екенін атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
— Алматыда болған жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бұған дейін хабарланғандай, факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жүргізушіге сот санкциясымен қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол заңның бүкіл қатаңдығымен жазаланады.
Менің тапсырмам бойынша Алматыға Өзіндік қауіпсіздік департаментінің, Әкімшілік полиция комитетінің және Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментінің қызметкерлері жіберілді. Жан-жақты тексеру жүргізілуде.
Сонымен қатар басқа да заң бұзушылықтардың болуы туралы уәждер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Бірқатар басшы атқарып отырған қызметтерінен босатылды.
Барлығына құқықтық баға берілетінін ерекше атап өтемін. Ешкім де жауапкершіліктен жалтара алмайды. Заң бәріне ортақ, — деп жазды ІІМ басшысы.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:35
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Наурыз 2026 20:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















