Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

Алқа Алаш ақын жазушыларының алғашқы ұйымы

Алқа Алаш ақын жазушыларының алғашқы ұйымы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Астана қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Қаламгер ұстаханасы» жобасында әдебиеттанушы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Қазақ газеттері» серіктестігінің директоры Дихан Қамзабекұлы қонақта болып, «Алқа» – Алаштың әдеби-мәдени тұжырымдамасы» атты тақырып аясында қоғамдық лекция оқыды.

Іс-шараны Қазақстан Жазу­шылар одағы Астана қалалық филиалының төрағасы, ақын Бауыржан Бабажанұлы ашып, Астана қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Жазушылар одағының елордадағы филиа­лының «Қаламгер ұста­ханасы» жобасы осымен оныншы мәрте ұйымдастырылып отырғанын, бүгінгі жиынға зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, сондай-ақ студенттер мен осы күндері Астанада өтіп жатқан халықаралық «Шабыт» фестиваліне еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас ақындарға да қатысу мүмкіндігі туғанын жеткізді.

Дихан Қамзабекұлы қоғамдық лекцияны 1924 жылы алаш қалам­герлері негізін қалаған «Алқа» ұйы­мының халқымыздың тари­хы мен мәдени-рухани өміріне тигізген әсері туралы әңгімелеуден бастады. Алдымен, «алқа» сөзінің этимологиялық мәнін ашып, бұл ұғымның әшекейден гөрі елді тұтастыруға жақын мағынасына тоқталды.

«Сіздерге алқаның мағынасы түсінікті ғой деп ойлаймын. Десе де осы сөздің мәні «қыз-келіншектердің әшекейі» дегеннен кеңірек. Мәселен, алқа-қотан, алқа құру және алқалау сөздері кеңесу, жиналу, ақылдасу, лайықты баға деген ұғымдарды білдіреді. Бүгінде «редколлегияға» «алқа» баламасын қолданып, көне танымды жаңғырттық. Яғни бұдан жүз жыл бұрынғы қазақ қаламгерлері «алқа» сөзіне елдік жаңа мағына берді», деді Дихан Қамзабекұлы.

Ғалым 1920 жылы большевиктік диктатура орнағаннан кейін кеңес одағында В.Маяковский, О.Бриктер ЛеФ («Левый фронт»), Ю.Лебединский, С.Родов, Л.Авербахтар МАПП (Мәскеу пролетарлық жазушылар ассоцациясы) сынды әдеби бірлестіктерді дүниеге әкелгенін, төңкеріс уақы­тын­да қазақ оқығандары да қарап қалмай, қал-қадерінше жи­на­ған білімдерін ұлттық бағытқа бұру үшін «Алқаны» құрып, өз тұжырымдамасын жасағанын тілге тиек етті.

«Смағұл Садуақасұлы 1918 жылы 18 жасында «Қазақ әдебиеті» атты очерк жазады. Сонда автор әдебиетімізің тарихына тоқталып, «қазақ әдебиетінде осыған дейін халықшыл ақындар көрінсе, енді ұлт қамын ойлаған, білімге үміт артқан ақындар шықты» дей келіп, Мұхтар Әуезов сынды жас жазушылар жаңа әдебиеттің негізін қалап жатқанынан хабар береді. Яғни Садуақасұлы очеркін оқыған адам «Алқа» ұйымы­ның құрылуының идеясы әу бас­та болғанын байқайды. Ахмет Байтұрсынұлы 1922 жылы жазған «Қалам қайраткерлерінің жайынан» атты тарихи мақаласынан да осыны аңғарамыз. ХХ ғасырдың басы – қазақ оқығандарының ойланған, толғанған кезеңі. Бұл уақытта әдеби дамуымыз саяси күрестермен қатар жүріп, Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал», Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» сынды ұлттық сипаттағы, ағартушылық бағыттағы кітаптары жариялана бастады. Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлының әдебиеттің өзіндік жөні бар екенін, өздерінің қаламгер болуына елдің қажеттілігі түрткі болғанын айтқаны бар. Бұдан алаш арыстары сөз өнеріне ағартушылық идеяларын қоғамға сіңірудің құралы ретінде қарағаны аңғарылады. Осындай заман туғызған ахуал «Алқаның» дүниеге келуіне игі ықпал етті», деді Дихан Қамзабекұлы.

Сондай-ақ алаштанушы сол тұста құрылған әдеби ұйымдардың дені таптық көзқарасты негізге алып, социализмнiң түпкi идеясын қолдап, маркстік пайымды тұғыр­нама еткенін, «Алқа» ұйы­мының ұстанымында да мұндай заман ағысындағы идеялар болғанын, сөйте тұра басты ұстаным ұлттық әдебиеттің тынысын ашып, Алаш идеясын жал­ғас­тыруға жол салға­нын дәйектеді.

«Біз «Алқа» ұйымының құрыл­ғанынан Алаш қозғалысының жаңа кезеңі басталғанын байқай­мыз. 1919 жылы Алаштың іс-әрекеті түгілі атауына да тыйым салынды. Сондай алмағайып уақытта «Алқаның» дүниеге келуі, оның мақсаты Алаш қозғалысының мүддесімен үндесіп қана қоймай, сол идеяның жалғасы болғаны шындық. Сондықтан да НКВД қырағылық танытып, ұлт зиялыларын қуғын-сүргінге ұшыратқанда, «Алқа» бағдарламасын шығарма­шылық ұйымның емес, саяси ұйымның құжаты деп танып отыр. Осылай арнайы органдар әдеби мақсатта құрылған ұйымды саяси бағыттағы астыртын ұйымға айналдырып, «Алқаға» кірген, осы ұйым мүшелерімен араласқан аза­маттарды қуғындады», деді спикер.

Дихан Қамзабекұлы өткен ғасырдың басындағы зиялылар Ресейдегi қозғалыстарға сыни көзбен қара­­ғанын, сондықтан да Алаш қалам­гер­лері өздерiн бiр идеяға топтас­тыратын, қиын кезеңде қамқорлық көрсететін, әсiресе ағымдағы саясаттың қал­­­тарыс-бұлтарысынан аман өткiзетiн әдеби ұйымды қажетсiнгенін, 20-жылдардың басында Ташкентте жұмыс iстеген түркiстандықтардың «Шағатай бәсi» («Чагатай гурунги»), татар әдебиетшiлерiнiң «Ғыйсъян», «Жидегян» сияқты топтарының да осы бағытта ұйымдасқанын жеткізді.

Алаштанушы: «Жалпы, қазір әдебиеттану ғылымында «Алқа» ұйымы бағдарламасының атауын «Табалдырық» деп атап жүрген ғалымдар бар. Бұл әдеби ұйымның құжа­тын орысша оқығандықтан болар, қазақтың «табалдырық» деген сөзінің мағынасын дұрыс түсін­бей, қателікке бой алдырды. «Табал­дырық» деген бағдар­ла­ма­ның атауы емес, ұйым құжа­тындағы кіріспе бөліктің қазақ­ша мағынасын беретін сөз» дей келіп, «Алқа» әдеби ұйымы өз тұжы­рымдамасында «Қазақ әдебие­тi тоғыз жолдың торабында тұр. Артында – бiр жол, алдында – мың жол. Мың жолдың iшiнде өзен өрлегенi де, шөлге улегенi де, барса – келерi де, барса – келмесi де бар. Қазақ әдебиетiн мынау мың жолдың тарауына алып келiп, аңыратып тұрған – тұрмыс» деп, қаламгерлер кімнен өнеге алуы керек деген сұраққа жауап іздегенін тарқата әңгімеледі.

«Өткен ғасырдың басындағы қазақ әдебиетiнiң жай-жап­сарынан хабардар кiсi «Табал­дырықтағы» әрбiр сөз бен сөй­лемнен терең мағына табады. Мысалы, «Алқа­ның» тұжы­рым­да­масында «бiзге молда болатын Еуропа әдебиетiнiң өзi бiр молда емес, мың молда» деп, қазақ қаламгерлері әлем әде­бие­тінен таңдаулы жолды үлгі тұту қажеттігін меңзеген. Бұл жер­дегі «молда» сөзі «ұстаз» деген ұғымды білдіреді», деді ғалым.

Дихан Қамзабекұлының бір сағаттық қоғамдық лекциясынан тарихтағы ешнәрсе кездейсоқ бол­майтынын, 1924 жылы әзір­леніп, 1925 жыл құрылған қазақ ақын-жазушыларының тұңғыш ұйымының құжаты жалғыз Мағжан Жұмабаевтың туындысы емес, сол тұстағы жетекші ақын-жазушылардың ақыл, білім, шебер­­лік, шығармашылық сүзгі­сінен, сарабынан өткен Алашқа ортақ еңбек екенін аңғардық. Ғалым, қаламгер Д.Қамзабекұлы айтқандай, Жазушылар одағы тарихын большевиктік ҚазАПП-тан емес, Алаштың «Алқасынан» бас­тау – тарихи әділеттіліктің жолы әрі жөні болмақ. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 09:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see149

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see147

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see145

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see143

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see130

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see127

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see127

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see127

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see126

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see125

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see125

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see121

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see119

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see119

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see118

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see117

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see116

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see116

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see116

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары