Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

AMANAT алаңында энергетика саласын дамыту мәселелері қаралды

AMANAT алаңында энергетика саласын дамыту мәселелері қаралды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Жиын барысында тариф саясатын жетілдіруден бастап, энергетикалық кәсіпорындарды кадрмен қамтамасыз етуге дейінгі саланы дамытудың маңызды мәселелері талқыланды. Толғандырған мәселелерді шешу бойынша бірлескен жоспарлар құрылды. Кездесуге Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары, салалық қауымдастықтар мен энергетикалық компаниялардың басшылары қатысты. Партияның өңірлік филиалдары бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды. Бүгінде ел аумағында энергетика саласында шамамен 100 мың адам еңбек етеді.

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов энергетика саласы мемлекеттің орнықты дамуында стратегиялық маңызға ие екенін мәлімдеді. Ол Мемлекет басшысы саланың салдарымен күресуден — жүйелі жаңғырту жұмысына көшу міндетін қойғанын ерекше атап өтті. Осы бағытта кешенді жаңғыртуға, жауапкершілікті күшейтуге және ұзақмерзімді жоспарлауға бетбұрыс жасалды. Соның нәтижесінде бүгінде мемлекет тарапынан саланы реттеу жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп, қордаланған мәселелер шешімін тауып келеді. Бұл іске «AMANAT» партиясы да айрықша атсалысады.

Фото: «AMANAT» партиясы

— Бүгін біз осы салада сіздерді толғандырған негізгі мәселелерді қарастырдық. Энергетика министрі атап өткендей, жағдайды реттеу мақсатында Үкімет тарапынан жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Бұл мәселе Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Біз саяси партия ретінде және сіздер кәсіби қауымдастық ретінде бірлесіп, тиімді тепе-теңдік табуымыз керек. Салаға инвестиция тарту, болжамды ережелер қалыптастыру және қаржы қайтарымын қамтамасыз ету үшін түсінікті жағдай жасау қажет. Алайда азаматтардың мүддесі, тариф саясатының әділдігі, әлеуметтік тұрақтылық және жүктеменің артуы ауыртпашылық ететін азаматтарға атаулы қолдау көрсету мәселелері де аса маңызды. Сондықтан сіздердің тараптарыңыздан көтеріліп отырған мәселелердің шешім табуы енді партиямыздың назарында болады, — деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикері бүгінде энергетика саласына қатысты мемлекеттік саясат жүйелі кезеңге көшкеніне назар аударды. Алғаш рет «Жылу энергетикасы туралы» Заң қабылданды, энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуға, сондай-ақ көмір генерациясын дамытуға бағытталған Ұлттық жобалар жүзеге асырылып келеді. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы іске қосылды. Тарифтік және инвестициялық саясат қайта қаралды. Нысандардың техникалық жай-күйін қадағалау жұмысы күшейтіліп, жаңа қуат көздері іске қосылып, желілік инфрақұрылым дамып жатыр. Нәтижесінде технологиялық ақаулар саны азайып, қызыл аймақтағы ЖЭО саны қысқарды.

Ерлан Қошанов «AMANAT» фракциясы депутаттары энергетика саласын дамыту ісіне заңнамалық қолдау көрсету бағытында ауқымды жұмыс атқарғанын айрықша атап өтті. Олар энергетика саласындағы жалақыны өңірдегі орташа салалық деңгеймен байланыстыруға заң жүзінде бастамашылық етті. Соның нәтижесінде кейінгі екі жылда сала қызметкерлерінің жалақысы 40%-ға өсті. Бүгінде инвестициялық жобаларға қатысты рәсімдерді жеңілдету және экологиялық келісім алу мерзімдерін оңтайландыру бойынша түзетулер әзірленді. Тұлғалар тобына кіретін компаниялар үшін негізгі жабдықтарға инвестициялық келісімдер жасау мүмкіндігін енгізу ұсынылып отыр. Сондай-ақ энергиямен жабдықтаушы компаниялардың қызметін лицензиялауды енгізу жоспарланып отыр. Бұл түзетулер кәсіби қауымдастықтың сұранысына жауап ретінде әзірленді. Оларды осы сессия аяқталғанға дейін қабылдау жоспарланған.

Фото: «AMANAT» партиясы

Кездесу барысында қатысушылар саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, ұзақмерзімді әрі болжамды тарифтік саясатты енгізу, қуат көздері мен желілердің әбден ескіруі, ірі жүйеқұраушы энергетикалық жобалар үшін әкімшілік кедергілерді азайту мәселелері назарға алынды. Сондай-ақ көміртегі квоталарының Ұлттық жоспарын мемлекеттік бағдарламалар аясында іске қосылатын энергетикалық қуаттар көлемімен үйлестіру, кадр мәселесі және өзге де тақырыптар талқыланды.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов өз баяндамасында дәстүрлі және жаңартылатын энергетиканы қатар дамыта отырып, энергия көздерін арттыру бағытындағы жүйелі шараларға тоқталды. Бүгінде еліміздің энергожүйесінде 245 қуат көзі бар. Оның 166-сы — жасыл энергетика нысандары. 2035 жылға дейінгі энергетика саласын дамыту Жоспары аясында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Соған сәйкес, қуатты 26 ГВт-тан асыру көзделіп отыр. Қазіргі жобаларды жүйелі жүзеге асыру қадамы алдағы жылдары экономиканың электр энергиясына деген сұранысын толық өтеуге және тұрақты профицитті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Фото: «AMANAT» партиясы

Сондай-ақ іс-шара барысында «ОАЭК» АҚ акционері Сергей Кан, «ҚКЖ» ЖШС акционері Дінмұхаммед Ыдырысов, «Қаражыра» АҚ Басқарма төрағасы Ильяр Низамов, МАЭК БПҰ жетекшісі Анатолий Жданов, Екібастұз МАЭС-1 БПҰ төрағасы Серік Серьянов, Қазақстан Электроэнергетикалық Қауымдастығының Басқарма төрағасы Талғат Темірханов және өзге де азаматтар сөз сөйледі.

Кездесу соңында энергетикалық компаниялардың бірқатар өкілі «AMANAT» партиясына қосылды. Олардың қатарында «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы Нәби Айтжанов, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов, «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС бас директоры Флюр Гарипов, «Шардара СЭС» АҚ Басқарма төрағасы Рашид Есхожин, «ГРЭС-2» АҚ Басқарма төрағасының жалпы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Гаухар Нұғманова және өзге де азаматтар бар.

Фото: «AMANAT» партиясы

Сонымен қатар энергетика саласының бір топ өкілі саланы және ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін партияның «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Фото: «AMANAT» партиясы

Бұдан бұрын БҚО-да ұлттық жоба аясында энергетикалық нысандар жаңғыртылып жатқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Сәуір 2026 20:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see123

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see120

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see117

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see116

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see115

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see115

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see115

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see115

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see114

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see113

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see113

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see112

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see112

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see112

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see111

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары