Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ауылдық әкімдердің диалог алаңында жергілікті басқаруды дамыту мәселелері талқыланды

Ауылдық әкімдердің диалог алаңында жергілікті басқаруды дамыту мәселелері талқыланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бүгін Астана қаласындағы «Конгресс орталығы» ғимаратында Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен «Amanat» партиясы ұйымдастырған «Ауылдық әкімдердің диалог алаңы» республикалық форумы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шара аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Клиентке бағдарланған сервистік мемлекеттік қызмет: диалог, кәсібилік, ашықтық» тақырыбындағы арнайы панельдік сессиясын ұйымдастырып, оны Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай жүргізді.

Сессия жұмысына Парламент депутаттары, Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры А.Жолманов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Әдеп жөніндегі комиссияның мүшесі Д.Смағұлов, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, ауыл және аудан әкімдері, әкімдік қызметкерлері, азаматтық қоғам өкілдері мен жергілікті басқару саласының сарапшылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты – жергілікті деңгейде мемлекеттік басқарудың сапасын арттырудың түйткілді мәселелерін талқылау.

Агенттік төрағасы, Мемлекет басшысының бастамасымен ауыл әкімдерін тікелей сайлаудың енгізілуі азаматтардың ел дамуына ықпал ететін маңызды шешімдер қабылдауға ат салысу мүмкіндігін арттырғанын атап өтті.

Айта кету керек, елімізде 2021 жылы алғаш рет ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізілген болатын. 2023 жылдан бері аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін пилоттық режимде сайлау жүргізіліп, биылдан бастап бұл тәжірибе бүкіл республика бойынша кеңінен енгізілді.

Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы  саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер санатына енді үшінші – сайланбалы мемлекеттік қызметшілер санаты қосылады.

Осы орайда оларға қойылатын талаптар да өзгереді. Қызметке қабылдау, оны өткеру және тоқтату тәртібі жаңа мазмұнмен толықтырылады. Сайланған әкімдер енді өз өкілеттігі кезеңінде сайлауалды бағдарламаларында көрсетілген мақсаттар мен міндеттердің орындалуы бойынша тікелей халық алдында жауапты болады.

«Жергілікті әкімдердің кәсіби даярлығы мен біліктілігі, лауазымдық міндетін атқарудағы жауапкершілігі мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін анықтайтын факторлардың бірі. Сондықтан ауыл әкімдерін сайлау кезінде саяси партиялар өздері ұсынатын кандидаттардың тұлғалық жауапкершілігі мен кәсіби даярлығына баса назар аударып, олардың болашақта әкім болуға лайықтылығы үшін жауаптылықты өздеріне ала білуі керек. Агенттік өз тарапынан әкімдердің кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстарын тұрақты үйлестіруге қашан да дайын» деді Агенттік төрағасы.

Мемлекет басшысының ауыл әкімдерінің кәсіби даярлығын күшейту туралы тапсырмасын орындау мақсатында Агенттік Мемлекеттік басқару академиясы және «Amanat» партиясымен бірлесіп кешенді қайта даярлау бағдарламасын әзірледі. Бұл бағдарлама тек оқытуға ғана емес, ауылды басқарудың жаңа мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Бүгінгі таңда 1800-ден астам ауыл әкімі оқытудан өтті.

Өңірлерде кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2023 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуды жоғары көрсеткішпен (GPA 3,33) аяқтаған түлектерді мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылдау жүйесі енгізілді. Нәтижесінде, бұл тетік ауылдық және аудандық деңгейдегі кадр тапшылығын азайтуға нақты ықпал етіп, бүгінгі таңда 732 жас маман конкурссыз жергілікті деңгейдегі лауазымдарға орналасты.

Агенттік төрағасы басшылық лауазымдағы қызметкерлер үшін стратегиялық ойлай алу мен цифрлық шешімдерді меңгерудің, қоғаммен тиімді диалог жүргізе білудің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара аясында жергілікті басқарудың тиімділігі, жаңа кадрлық  саясат, мемлекеттік аппараттың сервистік және клиентке бағдарланған жаңа үлгісіне қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды. Шараға қатысушылар өздерін қызықтырған түйткілді сұрақтарын ортаға салып, пікір алмасты.

Сессия соңында ұзақ жылдар мемлекеттік қызметтегі адал еңбегі және ауылдық өңірлердің дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар ауыл әкімдері «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 17:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары