Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Жастар неге шетелге кетеді?

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

AMANAT партиясының көшпелі қоғамдық қабылдауы: Арыстағы өзекті мәселелер тыңдалып, шешу жолы қаралды

AMANAT партиясының көшпелі қоғамдық қабылдауы: Арыстағы өзекті мәселелер тыңдалып, шешу жолы қаралды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Тұрғындармен кері байланыстың бұл форматы азаматтар білдірген сұраныстарды алдағы күнге қалдырмай, дер кезінде және мәселені сол жерде шешу қағидатын нақтылы іске асыру үлгісін көрсетеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мұндай сипаттағы жүздесулер қоғамда өзара сенімді нығайтып, шешім қабылдау құзыретіне ие мемлекеттік органдар, партия және халық арасында түсініксітк пен ашықтықты қамтамасыз етеді.

Партияның Түркістан облыстық филиалы өткізген көшпелі қоғамдық қабылдау кездесулері бұл жолы Арыс қаласында жалғасты.  Партияның халықтың үніне құлақ асатын жүйелі жұмыс алаңы «Құқықтық көмек» жобасымен үйлестіріліп, азаматтарға қандай да бір мәселе бойынша кәсіби заңгерлерден құқықтық консультациялар алуға мүмкіндік жасалды. Жергілікті тұрғындармен кездесу іс-шарасы алдымен Арыс қаласындағы ардагерлер үйінде өткізілді.

Елді тыңдаудың жаңа саяси мәдениетін қалыптастырған, сындарлы пікір алмасу мінбері болып түзілген кездесуге «AMANAT» партиясы Орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Ермұхамед Жұмабек қатысып, Түркістан облысының тұрғындары көтеріп жатқан мәселелердің астарына үңілді, оларды шешуде облыстық партия филиалының жергілікті атқарушы мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халыққа қызмет көрсетуші ұйымдармен ықпалдастығын таразылады. 

Жұмысын бастағалы тұрған көшпелі қоғамдық қабылдаудың маңыздылығы туралы партияның Арыс қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Бақтығали Дәлдәбеков түсінідіріп өтті. «AMANAT» партиясы мобильді қоғамдық қабылдаулар өткізу тәжірибесін 2023 жылдан бастап іске асырып жатқанын партияның Орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Ермұхамед Жұмабек айтты.

«-Мұндай форматтағы кездесулердің өткізілуі халық бізге келмей, біз халыққа барсақ деген мақсатты көздейді. Бүгінгі қабылдауға облыстық және қалалық деңгейдегі 60-қа жуық мекемелердің басшылары қатысып отыр. Депутаттар, облыстық партия филиалының және қала басшылығы қатысуда. Барлық сала бойынша өкілдер бар, сауалдарыңызды тікелей қоюға мүмкіндік жасалды. Партия тарапынан бүгінгі қабылдау барысында айтылған барлық өтініштер хаттамаға енгізіліп, олардың орындалуы бақылауымызда болады. Біз алдын ала талдау жүргіздік, Арыс қаласында негізгі өзекті мәселелер ретінде газ тарту, көшелерді жарықтандыру мәселелері бар. Сауалдарыңызды, ұсыныс-пікірлеріңізді салалық басқармаға осында тікелей жеткізе аласыздар», - деді Ермұхамед Нұрмаханбетұлы. 

Өз кезегінде «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев Арыс қаласының тұрғындары үшін бұл қабылдау қатардағы іс-шара санатынан емес екенін айта отырып, жергілікті тұрғындардың сөзін, үмітін, талабын ескеретін, шынайы қолдау көрсететін саяси диалог алаңы болып отырғанын жеткізді. Партиямыз үшін әр азаматтың үні маңызды екенін атап өтіп, шешімі күрделі, республикалық деңгейдегі назарды талап ететін мәселелер «AMANAT» партиясы Орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлмесінің бақылауына алынатынын түсіндіріп өтті.

«-Жыл басынан бері осы сипаттағы қабылдаулар облыстың шалғай-елді мекендерінде 385 рет өткізіліп, 4100-ге жуық азаматтың арыз-өтініштерін қабылдадық, оның 2500-ге жуығын немесе 60 пайызын оң шештік. Жалпы алғанда, биылғы он айда партия филиалдарының қабылдау бөлмелеріне 14 мыңға жуық арыз-өтініш келіп түссе, оның 67 пайызы немесе 9 мыңнан астам өтініштер оң шешілді, төрт жарым мыңға жуығына заң аясында кеңестер берілді», - деді Полат Мұратұлы. 

Арыстық тұрғындардың талап-тілегін тыңдау кездесуіне облыстық мәслихат депутаты Ержан Қосмамбетов, Арыс қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов бастаған депутаттар, департамент басшылары мен өкілдері, құқық қорғау органдарының лауазымды азаматтары, облыстық басқармалардың жауапты тұлғалары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, халыққа қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдері, электр қуатымен, табиғи газбен, ағын сумен қамтушы мекемелердің қызметкерлері, нотариустар, адвокаттар, медиаторлар, сот орындаушылар, кәсіби заңгерлер, жергілікті мекеме басшылары, оның ішінде Арыс қаласы үшін стратегиялық маңызы бар темір жол саласына жауапты азаматтар мен қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы қатысты. Тұрғындар көтерген өзекті мәселелердің тізбесін партия өкілдерімен қатар қала әкімдігінің қызметкерлері жасақтады.

«AMANAT» партиясы өткізіп жатқан қоғамдық қабылдау қала тұрғындарының мұң-мұқтажын тыңдауға, қоғамның өзекті деген мәселелерін шешуге жасалған нақты қадам екенін Арыс қаласы әкімінің орынбасарлары Рысдәулет Айтбаев пен Алмас Сұлтанов атап өтті. Тұрғындардың сенімін нығайтуға қосып жатқан үлестері үшін партия өкілдеріне, департаменттер мен басқармалардың басшыларына, мекемелер мен ұйымдардың өкілдеріне қала тұрғындарының атынан ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Қабылдау барысында азаматтар инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау қызметтері, кәсіпкерлікке қолдау және жер қатынастары саласына қатысты сауалдарын қойды. Азаматтар көтерген мәселелер қаланың тыныс-тіршілігін қамтитын сауалдар болды.  

Мәселен, Бейсен Онтаев көшесінің тұрғыны осы көше бойындағы Молдабай атындағы мектептің тұсына жаяу жүргіншілер өткелін салу, тиісті жол белгілерін орнату мәселесімен жүгінсе, тағы бір азамат Арыс қаласынан өтетін магистралды темір жол үстінен салынған көпірдің кей тұсында жол жабындысы ойылып, көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндіріп тұрғанын айтты. Қабылдауға келген тағы бір азамат Қазыбек би және Тәжібаев көшелерінің қиылысы дәл қала орталығы болып саналатынын, осы аймаққөа жақын жерде орталық базар орналасқанын айты отырып, көлік қозғалысын реттеуде және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруда бағдаршам орнату ұсынысын білдірді.

Аяғы темір жолға тірелетін Әл-Фараби көшесінің тұрғыны осы магистральді қиып өтетін жаяу жүргіншілер өткелін жаңартып беруді сұрады. Тұрғынның айтуынша, рельстер арасында төселген ағаш төсемелер тозығы жетіп, ескірген, өткелден өтіп жатқан жүргіншілер үшін қауіпті болып отыр. Еңбек инспециясының өкілдеріне жүгінген азамат «Жылу энерго ремонт» ЖШС-де жұмыс істегенін, еңбекақысын ала алмай жүргені жөнінде шағымын айтты. Бір топ тұрғын ветеринария қызметінің мамандарына жүгініп, иесіз иттерді аулау мәселесін қозғады. Қаладағы Комаров атындағы мектепте 44 жыл ұстаздық еткен білім беру саласының ардагері «Еңбек ардагері» төсбелгісін алуға көмек көрсету мәселесін айтты. 

Қабылдауға келген кейбір азаматтар газ жүйелеріне қосылу бойынша техникалық шарт алу, тозығы жеткен электр бағаналарын жаңарту, қаланың шеткі аймақтарына ойын алаңшаларын салу, жаңа қоныстар түскен көшелерге тас төсеу өтініштерін білдірді. Тұрғындар білдірген сұраныстардың қатарында жергілікті денсаулық сақтау мекемелерін МРТ, КТ аппаратарымен қамту, медицина мекемелерінде мамандар тапшылығын жою ұсыныстары болды.  

Күннің екінші бөлігінде партия ашып берген мобильді қоғамдық қабылдау Ақдала ауылдық мәдениет үйінде жалғасты. Мұнда мамандардың көмегіне жүгінген тұрғындар денсаулық жағдайы бойынша кәсіби медицина мамандарының көмегіне жүгіну, оңалту орталықтарына жолдама алу, балалар дәрігерлерінің көмегіне жүгіну бойынша кеңестер алды. Аудандық медицина мекемелерінде уролог, проктолог, травматолог, балалар реаниматологы мамандарының қатысуымен науқастарды қабылдау күндерін енгізу ұсыныстары айтылды.

Қабылдау барысында Ақдала ауылдық округіне қарасты елді мекендерге балалар ойын алаңшаларын салу, газ жүйелерінің техникалық жағдайын зерделеу, мемлекет есебінен әлеуметтік көмек алу, жұмыспен қамту, тұрғындардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету мәселелері қозғалды. 

Қабылдауда айтылған барлық сұраныстар мен өтініштердің орындалуы облыстық партия филиалының бақылауында болады және азаматтар көтерген мәселелердің шешм табуында салалық басқармалармен, жергілікті депутаттық корпуспен жүйелі жұмыстар атқарылатын болады.

«AMANAT» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі таратқан ресми деректерге сәйкес, биылғы он айда партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 102 мыңға жуық азамат жүгінген, түрғындар білдірген өтініштердің 58 пайызы партия өкілдерінің ықпалымен оң шешілді. Респбулика бойынша 2 мыңға жуық мобильді көшпелі қоғамдық қабылдау кездесулері өткізіліп, бұл кездесулерге 14 мыңнан астам адам қамтылған. Мобильді қабылдаулар барысында айтылған сұраныстардың 48 пайызы оң шешілген. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты жалғасады. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қараша 2025 17:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see152

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see151

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see150

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see148

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see146

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see146

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see138

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see132

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see130

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see129

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see129

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see126

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see124

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see122

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see121

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see121

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see119

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see117

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see117

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары